Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры



жүктеу 38.54 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі38.54 Kb.
түріСабақ
Математика сабағы, 1 сынып

Бастауыш сынып мұғалімі Наурызбаева С.Х.

Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры

Сабақтың мақсаты: 8 санымен және цифрымен, ол санды шығарып алу жолдарынан, оның сандар қатарындағы орнымен оқушыларды таныстыру. Оқушыларды 8 цифрын дұрыс жазуға үйрету. Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс - әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділіктерін, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды  адамгершілікке,  ұқыптылыққа,  қоршаған   ортаны  аялауға  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, ойын, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

Ой-қозғау (музыка қойылады)
1 – слайд

Көршілес бір елді,

Қараңғылық басыпты.

Қара ниет бір жауыз,

Көре алмай елдің жағдайын,

Күнді ұрлап қашыпты.

Өсімдіктер қурапты,

Халықтар көшіп кетіпті.

Сол бір жерге тіршілік,

Орнатыңдар балалар.

Ол тек қана сендердің,

Қолдарыңнан келеді.

Және бізге көмекті,

«Математика» береді.

Олай болса балалар,

Жауызды іздеп табайық.

Тауып алып біліммен,

Қолынан күнді алайық!

(күнді тапсырмамен шырмап тастапты, тапсырмаларды орындап, күнді құтқарайық)

Тапсырма:

5-4=

6-4=

5-2=

2+2=

3+2=

5+1=

4+3=


1 2 3 4 5 6 7

Тура және кері санау
Күн шырмаудан босап, айнала жарық болды. Айналада саңырауқұлақтан басқа ештеңе қалмапты. Теріп алайық.

0 0 0 0 0 0 0

7+1=8

0 0 0 0 0 0 0

8-1=7

8 санын көрсету (баспа түрі)



8 жазба түрі (ауада жазу)
Көштен не қалып қойыпты тағы да аралап шығайық. (көзілдірік, көліктің жолы)

-Бұлар нені еске түсіреді?


-Қалай ойлайсыңдар, біз бүгін сабақта нені үйренеміз? (тақырыпты ашу)

-8 санының алдында қандай сан?

-7 саны туралы не білеміз?

Жеті саны туралы
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қат көк жер үсті,
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы – заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз тегі жұрт,
Ағайынды жеті жұт.
Қызықтырар құбылыс
Жеті түсті шұғыла.
Жерде бар жеті керемет,
Жеті шелпек берекет.
Дәптермен жұмыс

1,2,3


Бойға жинап күш,

Бойды түзу тік ұстап,

Дәптерді көлбеу дұрыстап,

Қаламды қолға аламыз,



Әдемі етіп жазамыз.
8 санын бір жолға жазып шығу.

Оқулықпен жұмыс

-Кесіндіні немен өлшейміз?

-Ендеше сызғышты алып, кесіндіні өлшейік.

-Қанша? (8см)

Ауызша салыстыру
-Өсімдіктер қурап қалыпты. Олрға не керек?

-Суды қайдан аламыз?

-Бұлтты жауыздан тапсырма орындап, құтқарып алайық.

Тапсырма:

Теңдіктерді құр, оларды оқы.


3+4=

4+3=

7-3=

7-4=

5+2=

2+5=

7-*=

7-*=

6+1=

1+6=

7-1=

7-*=



-Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айтып бер.

-Қосуға кері амал қандай амал?

-Қосудың, азайтудың компоненттерін ата?
Сергіту сәті
Бұлттар келді.


Жаңбыр жауды.

Өсімдіктер жанданды.

Қалтарыста қалып қойған шырша билей бастады.

Бірге билейік!
-Дауылда құлап қалған үй мен көлікті орнына келтірейік.

-Неше шаршы?

-Неше үшбұрыш?

-Неше тіктөртбұрыш?

-Неше шеңбер?
-Өсімдіктер жандана бастады. Ал, өсімдіктерді қорғайтын нелер?

-Ендеше, құстарды құтқарайық.

Тапсырма: (дәптермен жұмыс)

4+3*5

5*4+3

5*7-4

7-4*5

3+2*1+5

1+5*3+2



Сабақты бекіту
-Сандар қатарындағы 8 санының орны?

-Қай саннан кейін келеді?

-Неліктен?

-Санға байланысты санамақ айтып беріңдер.
1.Санын білмей сәбіздің,
Қоян әбден тосылды.
Көмектесіп жіберші,
Құтқарып сен досыңды.
Оң қолында бес сәбіз,
Сол қолында үш сәбіз.

2. Айболда алты өрік,
Нұрболда екі өрік.
Барлығын қосқанда,
Болады неше өрік?

3. Маратта жеті алма,
Саматта бір алма.
Санашы, санашы
Барлығы неше алма?

Бағалау
Мақтау-мадақтау
Қорытынды

-Қандай санмен таныстық?

-Табиғаттың сыйынан ауыз тиіңіздер!


: ld
ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет