Сабақтың тақырыбы: Қайталау + 8 санын қосу және азайту. Сабақтың тақырыбы: Қайталау + 8 санын қосу және азайту



жүктеу 75.55 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі75.55 Kb.
түріСабақ

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы, Қоссейіт аулы

«Сырдария» жалпы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Нурабекова Акнур Абилкасимовна



Сабақтың тақырыбы: Қайталау + 8 санын қосу және азайту.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау + 8 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қосуға және азайтуға негізделген есептеу

тәсілдерімен таныстыру.

8 – ді қосу және азайту тәсілдерін жетілдіру , тереңдету және тиянақтау. Қарапайым әріпті өрнектермен, теңдеулермен , есептеулермен байланысты әр алуан іс- әрекет барысында кестелі қосу және азайтуды орындауға машықтандыру.Қоршаған ортаға аңдарға деген сүйіспеншілігін арттыру . Достықты қадірлеуге қиындыққа шыдау, қол ұшын беріп көмектесуге тәрбиелеу. Түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушыларды шапшаңдыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.Ойлау тез есептеу қабілеттерін арттыру дамыту.

Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, оқу, ойлау, ойнату.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер , ертегі кейіпкерлері, макеттер.

Сабақтың барысы: Оқушылармен амандасу. Сабаққа назарын аудару.

Сабақтың мақсат- міндетін қою:



Хабарлау әдісі: Түпкі мақсатқа қызықтыру.

Түпкі мақсат: Аңдарды баспаналарына орналастыру яғни ертегі сабағымен

толықтыру.



Психологиялық дайындық: Қане , біздер ойлайық

Ойымызды жинайық.

Қандай есеп болсада,

Шешпей оны қоймайық.

2. Үй тапсырмасын сұрау. 6- шы есеп 79- шы бет. Оқушыларға әр қатардан оқытқызу . Оқушылардың дәптерлерін жинау.

3. Жаңа сабақ . Қызығушылығын ояту.

Балалар, мен сендерге мына ребусты жасырамын, жауабын дұрыс шешсек, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы шығады. РЕБУС

,,,, ,,


Яғни біз сеіз санын қосу және азайтуға арналған қайталау есептерін шығарамыз.

Балалар 8 –санына байланысты қандай мәліметтер білеміз. Қандай нақыл сөздер білеміз.

«Сегіз қырлы – бір сырлы» сегіз санына байланысты қандай мерекені білеміз?

8- наурыз мерекесі .

Дәптерге ай – күнді жазу. Балалар барлығымыз мына ертегіге мән беріп қарайықшы. Ертеде орманда аңдар өмір сүріпті . Қыс мезгілі күн суық екен. Аңдар өзара бірігіп үй соғамыз деп келісіпті. Олар ауыз біршілікпен бірге тұратын болып келісіпті.Олар бізден көмек сұрап жатыр. Көмек береміз ба? Баспаналарын бастаймыз. Ендеше көмек беру үшін кітабымыздағы.

1-ші есепке қараймыз. Егер біз осы есепті дұрыс жылдам шығаратын болсақ, үйдің іргетасын қалағанымыз болады.

№1 8+8=16 9+8=17 8+9=17

16-8=8 17-8=9 17-9=8

Дұрыс балалар үйдің іргетасы қандай пішін ? Тік төрт бұрыш .

№2- ші есепті шығару арқылы теңдеуді тез жылдам шығаратын болсақ үйдің қабырғасын тұрғызамыз.

Х+8=17 17-x=8 x-8=9

X= 17- 8 x=17-8 x=9+8

X=9 x=9 x=17

9+8=17 17-9=8 17-8=9

Дұрыс балалар үйдің қабырғасын тұрғыздық . Жарайсыңдар , үйдің қабырғасы қандай пішін ? Шаршы.

Ал енді үйдің шатырын орналастырамыз. Үйдің шатырын орналастыру үшін №3 – ші есепті шығарамыз. Салыстырамыз.

Берілгені: Қоян – 3

Үйрек- 4 сонша тауығы бар.

Сонда неше тауығы бар.

Шешуі : 4+3=7

Жауабы: 4 тауық

Берілген : Қаз -4

Үйрек сонша

Тауық -20

барлығы қанша құс - ?

Шешуі : 4+4+20=28.

Жауабы: 28 құс

Ал балалар үйдіңде шатырын орналастырамыз.Үйдің шатыры қандай пішін . Үш бұрыш.

Жарайсыңдар балалар . орманда жаурап жүрген аңдардың баспанасын аяқтадық. Енді олардың барлығын осы баспанаға орналастыруымыз керек.


  1. Қоянды орналастырамыз. Ол үшін №4- есепті шығарамыз. Өрнектің мәнін табамыз.

20+8=28 28-8=20

21+8=29 29-8=21

8+9=17 17-8=9.

Қоянды баспанасына кіргіздік.

Сергіту сәті.

Есептедік , шаршадық , орнымыздан тұрайық .

Қимылдатып аяқты , шапалақтап ұрайық.

Тез қимылдап қалған аңдарды кіргізбесек, орманда қалып қояды. Олар жаурап қалады. Ал енді түлкіні кіргіземіз ба? Ия.

Ендеше №5- есепті тез шығарамыз.

Берілгені: Сиыр – 4

Бұзау -3

Сонша жылқы жайылды.

Сонда неше жылқы бар?

Шешуі: 4+3=7

Жауабы: 7 жылқы

Берілгені: Бұзау - 3

Қозы сонша

Лақ – 4 .

Барлығы неше төлге күтім жасалды?

Шешуі : 3+3+4=10

Жауабы: 10 төлге күтім
Жарайсыңдар, балалар түлкіні де кіргіздік.

Енді қасқырды кіргіземіз. Ол үшін кім жылдам ойынын ойнап жібереміз.

Тез жылдам, тауып қасқырды орналастырамыз.

Саянда болды 8 алма.

Сайранда болды 7 алма.

Ойланып, қане, көрейік.

Екеуінің қолында

Болды қане , қанша алма. 15


Сегіз қияр базардан

Сатып алды Сәлімжан .

Бес қиярды алғанда

Қанша қалды дорбада. 8 – 5 = 3


Төрт қаз ұшып барады,

Биіктен төмен қарады.

Аяқ нешеу, бас нешеу,

Жауабын кім табады? 8 аяқ, 4 бас


11 түйе, 5 жылқы,

2 сиыр, 1 ешкі.

2 қоян, 3 түлкі,

Болды сонда нешеуі? 24




с

а

ғ

а

т

им

е

т

р

к

г

ж

е

т

і

а

з

а

ю

Жарайсыңдар, қасқырды орналастырдық.

Ал, енді қандай аң қалды? Аю

Қане, балалар аюды орналастыру үшін.

Мына сөзжұмбақты шешеміз:



  1. Уақыт өлшем бірлігі

  2. Ұзындық өлшем бірлігі

  3. Килограммның қысқартылған түрі

  4. Бір аптада неше күн бар?

  5. Кемудің мағыналас сөзі

Ал, балалар сөзжұмбақты да шешіп тастадыңдар!

Жарайсыңдар, аюды да баспанасына орналастырдық.

Ал, балалар барлық аңды баспанасына орналастырдық.

Енді олар сендерге бір тапсырма беріпті, қараңдаршы! Осыны тез шешеміз де қандай сөз шыққанын табамыз.

+ 4 = 12 x

- 4 = 30 т

20+ = 24 р

4- = 0 м

- 6 = 76 а

81+ = 90 е



24

76

12

0

90

30

Р

А

Х

М

Е

Т

Қандай сөз шықты? Аңдар сендерге баспанаға орналасуға тапсырмаларды тез орындап, көмектескендерің үшін ризашылығын білдіріп рахметтерін айтты.

Қорытындылау. Сабақты қорытындылап, жақсы қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтап бағалау.

Үйге тапсырма: № 6. 81 бет. Фигураларды сыз.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

«Сырдария» орта мектебі



Ашық сабақ

Тақырыбы:



Қайталау + 8 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып мұғалімі:



А. Нұрабекова

«Қоссейіт» ауылы
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет