Сабақтың тақырыбы: алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты



жүктеу 52.63 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі52.63 Kb.
түріСабақ
6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы Күні:6.09.2013ж

Сабақтың тақырыбы: §1.Алғашқы адамдардың пайда болуы

Сабақтың мақсаты:

  • Адам баласының пайда болуы туралы, оларда қандай еңбек құралдары болғаны, олар қалай аталған және тас дәуірінің үшке бөлінгендігі туралы түсінік беру

  • Оқушылардың білімдерін дамыту

  • Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: Баяндау

Көрнекілік: суреттер, карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу




  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. 6-сыныптың Ежелгі Қазақстан тарихы пәні нені оқытады?

  2. Ерекшелігі?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Адам баласының шығуы.

  2. Алғашқы адамдардың кәсібі

  3. Алғашқы адамдардың Қазақстандағы іздері

  • Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген.

  • Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын , бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі. Палеолит-ежелгі тас ғасыры, мезолит-орта тас ғасыры және неолит-жаңа тас ғасыры. Бұл үш кезеңнің әрқайсысының өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіріле жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.

Сабақты бекіту:

  1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?

  2. «Саналы адам» қашан қалыптасты?

  3. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар кімдердің замандастары еді?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §1. Алғашқы адамның жаратылысы туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіру.




6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы күні:9.09.2013ж

Сабақтың тақырыбы: §1. Ежелгі адамдардың кәсібі,Еңбек құралдары

Сабақтың мақсаты:

  • Алғашқы адамдардың еңбек құралдарды жетілдіруі, мұз басып, отты пайдалануы туралы айта отырып, түсіндіру.

  • Балалардың алған білімдерін әрі қарай дамыту,қосымша мағлұмат беруге үйрету

  • Оқушыларды білімді , белсенді өз Отанын сүйетін патриот тәрбиелеу


Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,трек сызбамен жұмыс

Көрнекілік: карта, суреттер

Сабақтың жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын тек

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Адамзат балсаының пайда болуы туралы әңгімеле

  2. «Палеолит», «Мезолит», «Неолит» дәуірлеріне түсініктеме бер

  3. Алғашқы адамдар қалай аталған?

ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Еңбек құралдары

  • Орта тас ғасыры мезолитте-шамамен б.з.б. 12-5 мың жыл бұрын олар пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады.

  1. Отты пайдалану

  • Бұдан 100 мыңнан 13 мың жылға дейін жердің бетін мұз басып жатты.

  1. Жердің сууы

Суреттермен жұмыс:

  • Үшкір тас құралдар

  • Тастан жасалған еңбек құралдары: шапқы, қырғыш, кескіштер

  • Алғашқы адамдар баспанасы

ІҮ.Сабақты бекіту:

  • Адамдар дәнүккішті қай кезеңде ойлап тапты?

  • Мұздық қашан ери бастады?

Ү.Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:

§2. Оқулықта берілген суреттерге қарап адамның алғышқы еңбек құралдары туралы әңгімелеп келу


6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы күні:16.09.2013ж

Сабақтың тақырыбы: §2. Қазақстан территориясындағы ерте тас дәуірі

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақстан аумағындағы тас дәуірі туралы, ол кездегі еңбек құралдары, тас дәуірінде өмір сүрген адамдарды қалай атады, осы туралы баяндау

  • Балалардың пікірлерін тыңдау,қосымша мағлұмат беру

  • Рулық қауымның шығуы туралы айта отырып, оқушылардың белсенділігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер

Күтілетін нәтиже:Тас дәуірінің кезеңін білу

Тас дәуірінің хронологиялық жылдарын білу

Тас дәуірінің жаңалығын еске сақтау

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?

  • Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан аумағындағы тас дәуірі

Адамзат қоғамындағы ең ұзақ палеолит дәуірі ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 миллион 500 мың жылдан 40-35 мың жылға дейінгі уақытты қамтыды. Кейінгі тас ғасырының хронологиялық ауқымы-б.з.б. 40-12 мың жыл аралығы. Кейде адамдар ерте және кейінгі кейінгі тас ғасырының аралығңында ортаңғы тас ғасыры болғандығын айтады. Оның мерзімі шамамен б.з.б. 100-40 мың жыл аралығы деп есептелінеді.

  1. «Саналы адам».

Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан 40-30 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды. Адамның жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі миы дамыды. /Атеистер ілімі бойынша/

«Саналы адам» сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды.



  1. Рулық қауымның шығуы

Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына-рулық қауымға айналды. Бұл шамамен «саналы адамның»шығуына сәйкес келеді.

Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.



Сабақты бекіту:

  • Палеолит заманының ескерткіштері Қазақстанның қай жерінен табылған?

  • Палеолит дәуірінің Қазақстандағы тұрақтары туралы не білесің?

  • «Адамды адам еткен еңбек» дегенмен келісесің бе? Неге?

  • Ру дегеніміз не?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §2. Шығармашылық тапсырма: Жердің беті күрт суып,қыс ұзаққа созылды. Жылы ауа райына үйренген бірқатар жануарлар қырылды. Тірі қалғандары жылы жаққа ауып кетті. Алғашқы адамдар суықтан қалай аман қалды? Олар суықтан қалай қорғанды?
: images
images -> Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
images -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
images -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті. Білімділік мақсаты
images -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
images -> Абылай хандығы Сабақтың мақсаты
images -> Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты. § 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
images -> Қазақстан республикасы экономикалық Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрес агенттігі
images -> Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құқықтарытары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп келеді
images -> Павлодар мемлекеттік педагогикалық институы «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен дәріс курстары
images -> Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет