Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі



жүктеу 56.26 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі56.26 Kb.
түріСабақ
ОҚО Ордабасы ауданы Шұбарсу – 2 бастауыш мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Жуматаева Мейрамкул

Сабақтың тақырыбы: Ана - өмір гүлі

Мақсаты: Жас ұрпақты жаңа дәстүрге қалыптастыру арқылы білімдерін жетілдіру; оқушы бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту; баланы ананы сыйлауға, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Әнұраным жан ұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Жүрсем егер дүние кезіп

Әнұранды орындау

Құрметті аналар! Бүгінгі «Ана - өмір шуағы» атты тәрбие сағатымызға қош келдініздер. Сіздерді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Аяулы аналарға, әжелерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін. Балаларыңыз жақсы оқуымен, үлгілі тәртібімен сіздерді қуанта берсін.

Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз едіосынау үш әріптеу құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махабатпен шапағатқа тұнған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық аталуының барлығы да ананың сүтінен таралған. Аналар мейрамы-адамзат мейрамы.Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы Копенгагенде социалист әйелдердің халықаралық 2-ші конференциясында Клара Цеткин халықаралық әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтерді.Содан кейін де, яғни 1911 жылы Германияда , Австрияда және Данияда, ал біздің елімізде 1913 жылы Петербургте аталып өтті.

Ананың берген тағылымымен ешқандай бақ-дәулетке хан қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды

Ел жатқанда жатпаған ,

Ешбір тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың

Аман-сау бол, ақ мамам –

деген әдемі әндер балалардын аузынан түспей мәңгі айтыла берсін! Балаларыңыздың сіздерге арнаған шағын музыкалық сәлемдемесін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші.Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

2-жүргізуші.Құтты болсын,ардақты ана,

Асыл ана мерекең.

Құтты болсын теңдік алған-

Қуанышты берекең.

1-жүргізуші. Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір теңіз емес пе? Ананың айналып толғанғанына не жетсін!

2-жүргізуші.Шырылдап жерге түскеннен ақ сенің бір жақының, бір досың, бір ұстазың бар. Ол –ана!

1-жүргізуші.Жер бетіндегі ең әдемі сөз - Ана.

2-жүргізуші.Дүнинде анасыз адам жоқ

1-жүргізуші.Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.

2-жүргізуші.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек дей келе бүгін «Ана біздің күніміз Біз ананың гүліміз» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады

Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар

1.ЭйвазБүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз –

Адамның

Анаға айтар лебізі.



2.Айжан Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам.

Құшағыңда қысылмай.

3.БекжанҮмітіңдей көзіме

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сөзіме

Ертеңіңіз тұр күліп.

4.НасибаЖүре берсем қасыңда,

Әйбат, анам, ай анам.

«Ботам» деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам.

6.НұрдәулетАналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

7.ИродаӘлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

8.НикитаБізді өсіріп баптаған

Жақсы болсам шаттанған

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам.

2-жүргізуші. Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым

1-жүргізуші.дей келе «Бала лебізі » атты әнімен аналар мен апайлардың,қыздардың құрметтіне бөленейік.

«Бала лебізі» әні

9.АқеркеАнам менің панам ғой

Содан қорған табам ғой

Асықпа анам ертең ақ

Отын болып жанам ғой.

10.БақытжанАнам менің асыл жан

Құшағы нұр шашылған

Күн секілді күледі

Сипап ылғи басымнан.

11.КамалАна біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

12.ИродаАман бол деп балдырған

Әділдікке баулыған

Жүрегімде баулыған

Тілегім де мархабат

Анамызға мың алғыс!

13.БекжанАна өмірдің қуанышы тірегі

Бала оның жұбанышы жүрегі

Ана алдында ел жауы да бас иген

Олар дайым тыныштықты тіледі.

15.НұрдәулетЖылылықтан жаралған

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар мекен.

16.Насиба Апатайым, анашым,

Ақылы мол данасың.

Қамқоры сен сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің.

КамалБөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым

АйжанАналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық «Қазақ биін».

«Қамшы» биі

1-жүргізуші Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,

2-жүргізуші деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне біздің сыныптың орындауындағы «Сенің анаң алтын» атты әнін қабыл алыңыздар.

«Сенің анаң алтын» әні

1-жүргізуші Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

2-жүргізуші Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті қыздардың орындауындағы «Шығыс» биіне береміз

«Шығыс» биі
1-жүргізушіТеңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,-

2-жүргізуші Алдарыңызда Лизгинка биі

«Лизгинка » биі

1-жүргізуші Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

2-жүргізуші Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда «Цыган» биі.

«Цыган» биі.

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жартығын сыйлаған - анамыз емес пе?

Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.
Аналар, қалқап бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа



Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
: ld
ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
ld -> Абайдың дүниеге келуі «видео-клип» Айша




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет