Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 55.2 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі55.2 Kb.
Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

  5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ана тілді құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: Кіріспе сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі энциклопедиясы».

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, әлеуметтану, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

ІІ. Кіріспе сабағын өткізу.

Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек.

Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір – бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көз – қарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 – орынға ие болып тұр.



ІІІ. Кіріспе сабағын бекіту.

Пікірталас ұйымдастыру.

І топ «Қазақ тілінің кешегісі»

ІІ топ «Қазақ тілінің бүгіні»

ІІІ топ « Қазақ тілінің болашағы»
ІV . Үй тапсырмасын беру.

«Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІ. Сабақтың аяқталуы:

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі.

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:Әдеби тілтуралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тіл туралы түсінік беру, ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығын ұғындыру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тіл туралы түсініктерін кеңейте отырып,, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Ана тілінің қызметі туралы түсінік.

2. «Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.

ІІІ білім тексеру:

    1. «Ана тілі» туралы А. Байтұрсынов не айтқан?

    2. «Ана тілі» туралы Ә. Кекілбаев не деген?

    3. Қазақ тілінің байлығы не?

    4. «Ана тілі» туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдеп» сөзінің негізінде жасалған.

Ол «сөз әдебі» дегенді білдіреді.

Әдеби тіл сөйлеу тілінен жоғары тұрған көрке тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.

Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл, жазбаша тіл. Мысалы: мұғалімнің сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио, теледидардан сөйлеген сөздерауызша тіл болады да, кітапта, газет - журналда жазылғандар жазбаша тіл болып есептеледі.

VІ .Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру:

    1. Әдеби тіл дегеніміз не?

    2. Ауызша тіл дегеніміз не?

    3. Жазбаша тіл дегеніміз не?


VІІІ Сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс

5-жаттығу

І деңгей


    1. Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу

    2. Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер.

7 – жаттығу

ІІ деңгей


  1. Мәтіндегі ойды түсініп оқыңдар.

  2. Адам өміріндегі тілдің орнын әңгімелеңдер

  3. Тіл, сөз туралы 2- 3 мақал ойлап жазыңдар.

8 –жаттығу.



ІІІ деңгей

  1. Төмендегі пікірлерді жаттап алыңдар.

  2. Айтылған пікірлердегі негізгі ойды анықтаңдар.


VІІ. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру

  • Әдеби тіл туралы түсінік.

9,10 –жаттығу.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі.

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы:Әдеби тілдің ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тілдің ерекшеліктері туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тілдің ерекшеліктері туралы түсінктерін кеңейте отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: бекіту сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
VІІ Сабақты бекіту:

    1. Тапсырма.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет