Сабақтың тақырыбы: Анашым ән-жырым



жүктеу 55.62 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі55.62 Kb.
түріСабақ
Әлеуметтік педагогы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бейсебай Ақдидар Маханбетқызы
5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Анашым ән-жырым.
Мақсаты: Аналарды құрметтеуге, сыйлауға, аялай білуге үндеп, аналардың қоғамдағы, отбасындағы қызметін бағалауға шақырып, әйелдер мерекесін атап өтудің маңызын түсіндіру.

Жүргізілу барысы:

(Мерекелік шара өтетін орын безендіріледі. Даналық сөздер ілінеді. Ана туралы ән орындалып тұрады. Ортаға екі жүргізуші шығады.)

1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты аналар!

2-жүргізуші: Қайырлы күн, аяулы да қадірлі әпкелер!

1-жүргізуші: Адамзат дүниесінде анадан ардақты, одан қымбат, анадан қасиетті ешкім де жоқ.

2-жүргізуші: Ана - ол өмірдің өзегі, басты қызығы негізгі тірегі.

1-жүргізуші: Ана тілі, ана тілегі, ана арманы, ана көркі, ана алғысы дүниенің мәні мағынасы емес пе?!

2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы ең қасиетті де аяулы күннің бірі, наурыз шуағымен жадырап жететін, көктем нұрымен жер-ананың да бусанып, бүкіл дүниені тіршілік махаббатына бөлейтін, шуағымен тұтас келетін көл-көсір қуаныш мерекесі - халықаралық әйелдері күні құтты болсын!

1-жүргізуші: Көктемнің тамаша мерекесі халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, құрметті аналар, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпеуін, дендеріңіздің сау, бақыттарыңыз баянды, істеріңіз берекелі дастарқандарыңыздың мол болуын тілейміз.

2-жүргізуші: Бүгін мерекелік бас қосуымыздың шымылдығын ашу үшін сынып жетекшісіне құттықтау сөз кезегін береміз.

(сынып жетекшісі сөз сөйлейді)



1-жүргіуші:

Күн жылынып барады,

Қысқарып түн келеді.

Қыс ызғары тарады,

Құстар жырлап береді.

2-жүргізуші:

Келе жатыр шаттық күн,

Аналардың шаттығы.

Қандай сыйлық тартасың,

Есіңе ал нақ бүгін.

1-жүргізуші: Көктемде гүлсіз елестету мүмкін емес.

2-жүргізуші: Гүл - жердің де, елдің де көркі.

1-жүргізуші: Көңілді жақсартатын - гүл. Гүлге қызыққан мейірімді жан екенін білдіреді.

2-жүргізуші: Қымбатты аналар! Бүгін өздеріңіздің ұл-қыздарыңыз мереклеріңізбен кұттықтап, гүл шоқтарын ұсынады.

(оқушылар аналарына гүл ұсынады)



1-жүргізуші: Қадірлі аналар! Енді өздеріңізге арналған ән-жырымызды қабыл алыңыздар Е.Хасанғалиевтің әні «Анаға салем». (хормен орындайды.)

2-жүргізуші: Адам баласы жаралғаннан бері өміріміз ана пейілімен, ана мейірімімен өлшеніп келеді. Елдіктің құты да, ерліктің жыры да - ана. Жер бетіндегі тіршілік күн нұрынан қуат алса, адам баласының мейір-шапағаты ана жүрегінен тараған.

1-жүргізуші: Жер бетіндегі жаратқан иеміздің жіберген Құран-кәрімінде адам баласының ақ жолмен жүруіне, инабаттылық сақтау үшін айтқан кеңестері ұшан-теңіз. Соның бір саласы аналарды құрметтеуге арналған. Енді Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистеріне назар аударайық.

1-оқушы: Құдайдан басқаға құлшылық қылмаңдар, ата-аналарыңды құрметтеңдер. Жақсылық жасаңдар

2-оқушы: Ата-аналарыңа, туысқандарыңа жасаған қайырларыңды бір Құдай білмей қоймайды.

3-оқушы: Қағида бойынша ананы азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету әкенің мойнына жүктеледі.

4-оқушы: Анаға, анаға, тағы да анаға, содан соң ғана барып әкеге жақсылық жаса.

5-оқушы: Алла тағала әйелдерге жақсы қарауды өсиет етеді. Өйткені әйелдер сендердің аналарың, қыздарың, апа-қарындастарың.

6-оқушы: Жұмақ ананың табаның астында.

7-оқушы: Алланың әлсізі етіп жаратқан жандары болып табылатын әйелдерді ұрмаңдар.

8-оқушы: Мұсылман дінінде әйелді зорлау мен кісі тонау жоқ.

2-жүргізуші: Қадірлі аналар, балаларыңыздың өздеріңізге арнаған өнері көп. Сәлемімізді қабыл алыңыз. (Ана туралы ән айтылады)

1-жүргізуші: Біздің оқушылар пікірталас ұйымдастырып, ойларын ортаға салғанды да ұнатады. Қазір сіздерге Бағлан мен Айгүл аналар туралы ой толғамдарын айтады.

Айгүл: Бағлан үйдегі алтын қазық кім, білесің бе?

Бағлан: Үйдегі алтын қазық бала шығар.

Айгүл: Жоқ, Бағлан. Үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса дана туады. Анасы жоқ үйдің панасы да жоқ. Ана - ақылшың. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде. Ана - үйдің алтын қазығы, ердің асылы, елдің жақсылығы.

Бағлан: Айгүл, сен айтшы, әке жақсы ма, ана жақсы ма?

Айгүл: Екеуі де жақсы ма ?

Бақыт: Дұрыс, Айгүл, ақылды бала әкесі мен анасын бірдей жақсы кереді. Әке - үйдің тірегі, ана әкеге көп сенеді. Әкең жақсы болса, ақылды болып өсесің. Ана адастырмайды, көрінгенмен жалғастырмайды. Бесікке дейін ана тәрбиесі жақсы, бесіктен кейін әке тәрбиесі мен өмір тәрбиесі жақсы. Ата-анасын сыйлаған ұлы болады, сыйламаған ұры болады.

2-жүргізуші:

Ана - біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұлапды ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз, - деп, бүгінгі мерекеге жиналған аналардың атынан құттықтау сөзді Нағима апаға береміз. (Құттықтау сөз сөйлейді)

1-жүргізуші:

Ана мейірімі күн көзімем пара пар,

Тұла бойға қуат болып тарған.

Өміріме шуақ шашып әрқашан,

Көп жасаңдар ақ ниетті аналар!

2-жүргізуші:

Ана деген - өмірімнің мөлдір кәусар бұлағы.

Ана деген - тіршіліктің шұғылалы шуағы,

Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлға биік тұрады, - деп, оқушылардың жыр-шумақтарын ұсынамыз.

1-оқушы:

Анашым, әркез бол аман,

Сен барда шырқап салам ән.

Көктемде келген құстардай,

Сағынып қайта оралам.

2-оқушы:

Мен өзіңнің балапаның баптаған,

Арман қуып алыс жолға аттанам.

Көңілімді тұрар менің тербегің,

Ана жыры сәби кезде жаттаған.

3-оқушы:

Түнде тұрып түн ұйқыңды төрт бөлдің,

Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің.

Ыңырансам, я қарным аш, я тоңған,

Екенімді ойламастан тез білдің.

4 –оқушы:

Ардақты ана, аяулы ана кымбатым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Мен құшағың аясындай гүл бақтың.

5-оқушы:

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатгың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

6-оқушы:

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.

2-жүргізуші:

Адамзат қоғамында әйел-аналардың арасында қаншама батырлар, мемлекет қайраткерлері, ән иелері бар. Ондай аналар халық жүрегінде сақталады. Біз елімізге танымал аналардың есімдері жасырылған «Анашым - ән жырым» - деген сөз жұмбақ ойластырып шығарған едік. Соған назар аударып, шешуін айтуға, дайындалып отырыңыздар.



1-жүргізуші: Анаға мың мәртебе жасаған еңбек - құрметіңіз асыл ананың бір түнгі ұйқысына татымайды. Ана балаға тек жақсылық тілейді. Ұрпағының кесір-қырсық кемшіліктерін кешіреді, тәрбиелейді.

2-жүргізуші: Қадірлі аналар! Өздеріңізге арналған мерекелік жиынымызды аяқтаймыз. Әр қашан аман-сау жүріңіздер.



: materialy -> kazak%20tili
kazak%20tili -> ОҢТҮстік қазақстан облысы бәйдібек ауданы мыңбұлақ жалпы орта мектебі
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы : Сан есім Сабақтың мақсаты: білімділік: Сан есім туралы түсінік беру, оқушылардың білім, білік
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы : Сөз таптары. Зат есім
kazak%20tili -> Сабақ Тақырыбы. «Антонимдер»
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің шырайларынан өткенді қайталау 2 Сабақтың мақсаты
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы : Лексикалық тақырып : Көктем. Грамматикалық тақырып : Етістіктен өткенді қайталау
kazak%20tili -> Елшібек батыр атындағы мектеп-лицей Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Ақжолова Ақмарал Қуандыққызы
kazak%20tili -> Тақырыбы: Дарынды боламын Мақсаты
kazak%20tili -> Сабақ жоспары Тексерілді: Оқу ісі менгерушісі М. Марифханова




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет