Сабақтың тақырыбы Бағасы, саны, құны Мақсаты



жүктеу 69.12 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі69.12 Kb.
түріСабақ

Абильдина Шынар Токтамысовна

Көкшетау қаласы «№11 орта мектебінің» КММ

бастауыш сынып мұғалімі


Сабақтың тақырыбы

Бағасы, саны, құны




Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділікке байланысты есептердің жаңа типімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, жылдам есептеу дағдаларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Мақсаты:

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, проблемалық.

Көрнекілігі:Үлестірмелік карточкалар, кейіпкерлердің суреттері, тестік тапсырмалар.

Көрнекілік

Демонстрациялық материалдар, кестелер, суреттер

Кезең

Сабақта орындалатын іс — әрекеті

Оқыту әдісі

Бағалау

Оқу қызметіне ынталандыру.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындығын тексеру.



Психологиялық дайындық :

Екі көзін не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін.

Екі құлағын не үшін керек?

Ақыл кеңес тыңдау үшін.

Екі қолын не үшін керек?

Елге көмек беру үшін.

Екі аяғын не үшін керек?

Туған жерде жүру үшін.

Ендеше,балалар, он екі мүшелерің сау болып, туған жерде үлкен азамат болып өсулеріне тілектеспін.


Топқа бөлу.

Тапқырлар.

Білгіштер.

Ойшылдар.

Бүгін сабағымызды осындай смайликтер аркылы бағалаймыз, әр жауап берген оқушыға смайлик беремін,қай топта көп болса, сол топ ж еңді деп санаймыз.


Сыныпта жағымды ахуал орнатылады

Үй тапсырмасын тексеру:

Жұпта жұмыс.

Өткенді қайталау

«Аққала жасау» ойыны.

72,42,64 сандарын көбейтіндерін анықтау.

«Қақпаға доп соғу» ойыны.



1-слайд

Ауызша есептеу.

1-топ:3*8 24 24:83

2-топ:3*9 27 27:93

3-топ:4*7 28 28:74

Өрнектердің мәні табылғаннан кейін бүгінгі күннің тақырыбы ашылады.




Білімдерін белсендіру

«Дүкен»ойыны

Мен дүкенші боламын,ал сендер сатып алушыларсыңдар.

Қай топ ең көп зат сатып алады. Қазір сендер топпен ақылдасып,тақтаға шығып жазасыңдар.

Сабақтың жады дәптерлеріне жазылады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.


Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

Дауыстап түсіндіру арқылы жаңа материалды алғаш бекіту


1-слайд

Бүгін дүкеннен зат сатып алуға байланысты есептер құрамыз және шығарамыз. Осыған сәйкес слайд қараймыз. Бір самсаның бағасы қандай? Неше самса сатып алынды? Барлық сатып алынған зат үшін қанша ақша төлеу керек?

Дәптермен жұмыс:

Бағасы__Саны__5_теңге__4'>Бағасы-5т

Саны-3

Құны-?


3 самса х 5тг = 15тг

Жауабы: 3 самсаға 15 тг төлеу керек






Қиындықтан шығу жобасын құру
Сергіту сәті:

2-слайд

1-топ: №2



3-слайд


Бағасы

Саны

5 теңге

4

6

7


Тауардың ҚҰНЫН анықтау үшін, БАҒАСЫН оның САНЫНА көбейту керек.

Қ = Б С

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

4-слайд

2-топ: №3



5-слайд


Бағасы

Саны

Құны

8 теңге

3

24 теңге

4

32 теңге

5

40 теңге


Сатып алынған тауардың САНЫН анықтау үшін, тауардың ҚҰНЫН оның БАҒАСЫНА бөлу керек.

С = Қ : Б

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

6-слайд

3-топ: №4



7-слайд


Бағасы

Саны

Құны

6 теңге

24 теңге




7 теңге

28 теңге




8 теңге

32 теңге





Сатып алынған тауардың БАҒАСЫН анықтау үшін тауардың ҚҰНЫН оның САНЫНА бөлу керек.

Б = Қ : С

«Шырша»

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер



Үлгі бойынша өзін-өзі тексеруге арналған өздік жұмыс

Бұл кезеңді ұйымдастыру үшін оқылатын есептер түрін құрастыруға және шығаруға арналған слайд ұсынылады.

7-слайд


Бағасы

Саны

Құны

5 теңге

?

30 теңге

? теңге

6

48 теңге

9 теңге

3

? теңге






1-топ

2-топ

3-топ

Өшіргіш бағасы-5тг

Құны-30тг

Саны-?

30/5=6


Жауабы саны 6

Қарындаштың саны-6

Құны-48тг

Бағасы-?

48/6=8


Жауабы: бағасы 8тг

Сызғыш бағасы-9тг

Саны-3


Құны-?

9*3=27


Жауабы: құны 27тг

С = Қ : Б

Б = Қ : С

Қ = Б С





Өзара бағалау

Жаңа білімді бекіту, оны білім жүйесіне енгізу.

8-слайд

«Теңге туралы не білеміз?»

1-сұрақ: Қазақстан теңгесі қашан айналымға енді?

— Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж. 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.

2-сұрақ: теңгенің қандай банкноттары бар?

— Теңгенің 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттары бар.

3-сұрақ: ұлттық валютамыздың авторлық тобының жетекшісі кім?

— Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды.






Іс-әрекетті қорытындылау

Іс-әрекетті қорытындылау — Не ерекше ұнады?

— Не білдің?



— Не түсініксіз болып қалды?

Оқыту үшін және оқу үшін бағалау.

Үй тапсырмасы

№5,143 бет




: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Ныганова Айгуль Еламановна Степногорск қаласы №5 С. Сейфуллин атындағы мектеп – лицейінің биология пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем туралы өткен материалды қайталау Сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Мухтар Ауэзов
Razrabotkaurokov -> Сабақ Тақырыбы: «Гг дыбысы мен әрпі»
Razrabotkaurokov -> Боранбаева Анар Ташеновна Көкшетау қаласы №7 «Айша» бала бақшасының тәрбиешісі КӨктемгі ормандағы туған күн тобы
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Пысықтау
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Аңдар, балықтар, құстар. Қайталау.
Razrabotkaurokov -> Сабақтың атауы Хайуанаттар дүниесі Мақсаты Күтілетін нәтиже




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет