Сабақтың тақырыбы: Буын. Не деу керек? 58-59 ж. Сабақтың мақсаты



жүктеу 33.63 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі33.63 Kb.
түріСабақ
Султанбекова Рауза Спатаевна,

№20 Амангелді атындағы жом бастауыш сынып мұғалімі.


ОҚО, Сарыағаш ауданы

Сабақтың тақырыбы: Буын. Не деу керек? 58-59 ж.


Сабақтың мақсаты:

1) оқушылардың буын жайлы білімдерін кеңейту, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарын ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.

2)Тіл байлығын, сөздік қорын молайту.

3) Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, СТО технологиясы, АКТ.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, Венн диаграммасы, плакат, топтық тапсырмалар жазылған қағаз, АКТ.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу, ана тілі сабағы екенін айту, назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық. «Шаттық» шеңберін құру.

Балалар мына өлең шумақтарын айтады:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!
Оқушыларды «тәттілер» арқылы топқа бөлу.

1-топ «Балдырған»

2-топ «Балапан»

3-топ «Балауса»

Үй тапсырмасын тексеру: «Бәйге» ойыны арқылы үй тапсырмасы «Көрші атам» өлеңін мәнерлеп оқыту, сұрақ-жауап жұмысын жүргізу.

Жаңа сабақ: «Ой шақыру» сурет арқылы жаңа сабаққа жол табу.








Суреттегі сөздердің бірінші әріптері бойынша «буын» сөзін құратып, сөзді тақтаға жаздырамын.

«Кім зерек» ойыны арқылы жаңа сабақ ережесін тұжырымдау


  1. Қазақ тілінде неше әріп бар?

  2. Бірі айтылады да, естіледі.

Екіншісі жазылады да, көрінеді.

  1. Балалар сөз неден құралады?

  2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

  3. Ба-ла-пан, уық, ы-дыс, нан.

  • Әр буында қанша дауысты дыбыс бар?

  1. Буын қандай дыбысқа байланысты бөлініп тұр?

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Дыбыстар: а, б, а, л, н, а, п

Сөз: балапан

Сөйлем: Балапан жем жеді.

Буын: Ба-ла-пан жем же-ді.

Дәптермен жұмыс: Оқушыларға жаттығуды орындату. 58-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар. Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атаңдар. Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы, жиен. Бұлар туыстықты білдіретін сөздер.

Сергіту сәті:

Таза бала мұнтаздай, сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай, жақсы көрер бар адам.

Әдептілік осындай, болайықшы досым-ай!

Суретпен жұмыс:


  • Балалар, суретте не көріп тұрсындар?

  • Әже жолдан неге өте алмай тұр?

  • Дана жолдан қарияны қалай өткізді?

  • Дана қандай қыз?

Кішіпейілділік - кісілік белгісі.

Кішіпейіл адам әдепті.

Жол жүру ережесін еске түсіру.

Топпен жұмыс:

«Кім жылдам?» ойыны арқылы буындарды оқып, олардан сөз құрастыру.

Тор, то,ша, қыл, тыр, қу, ға, дақ,ақ, на,ла, ғай

Белгіленген уақыт ішінде әр топтың қанша сөз құрағанын тексеру.
Бір оқушы «Не деу керек?» өлеңін оқиды, оқушылар сұраққа жауап береді.

Қандай сыпайы сөздер білесіңдер? Оқушыларға өздері білетін сыпайы сөздерді жаздыру.


Оқулықтан өлеңді әр топтан төрт оқушыдан оқыту.

Мақалдың мағынасын түсіндіру.


Шығармашылық жұмыс.

Балалар сендер өз есімдеріңнің қанша дыбыстан, қанша буыннан тұратынын білесіңдер ме?

Оқушыларға өз аттарын жазып, буынға бөлдіру.

Қорытындылау:

Оқушылар Венн диаграммасы арқылы әдепті оқушы қандай, әдепсіз оқушы қандай екенін көрсетейік.

Әдепті бала – арлы бала.


Әдепсіз бала – сорлы бала.

Бағалау. Рефлексия.



Оқушылар өзінің көңіл- күйлері арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма: «Не деу керек?» мәнерлеп оқу, 59-жаттығу.
: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жббом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов Сабақтың тақырыбы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың халқы және саяси картасы. Америка Құрама Штаттары. Сабақтың мақсаттары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан»
sabaktar -> Әмірбекова Боранкүл Әжіханқызы, М. Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
sabaktar -> «Теректі» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Бәйдібек ауданы Сөз таптары Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Отбасы шағын қоғам
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Хайуанаттар әлемінде»
sabaktar -> Накипова Зауре Нурлыбековна, №114 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
sabaktar -> Құрамы Мақсаты: 10 санының құрамымен таныстыру, тапсырмаларды өз бетінше орындау қабілетін жетілдіру




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет