Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ, к мен г. Қайталау



жүктеу 27.63 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі27.63 Kb.
түріСабақ
Пән мұғалімі: Ахмедова Күләнда

№195 орта мектебі

Жайылма ауылы

Жаңақорған ауданы

Қызылорда облысы

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ, к мен г.

Қайталау

Сабақтың мақсаты: оқушыларды сөз құрамында келетін қ, ғ мен к, г дыбыстарын бір-бірінен ажыратуға, сауатты жазуға дағдыландыру; оларға к, г дыбыстары жіңішке буында, қ, ғ дыбыстары жуан буында жазылатынын түсіндіру; сөз соңындағы қ, к дыбыстарының қай жағдайда ғ, г – ге айналатынын еске түсіру.

Сабақтың әдістері: топтық жұмыс, «Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім?» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Топтарға мынадай тапсырмалар беріледі:

Қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды топтап жаз және жұбы жоқ қатаң дауыссыз дыбыстарды анықта (п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, к - г, т-д, ш-ж, с-з, һ-х. Жұбы жоқ қатаң дауыссыздар: ц, ч, щ).

Алдымен әр топтағы оқушылар өз бетінше орындайды, содан кейін жалпы талқылап, бірін-бірі толықтырып, әр топтан бір оқушы сөйлейді.



Мағынаны тану кезеңі

Мынадай кесте ілінеді:



Қ, ғ дыбыстары бар сөздер

К, г дыбыстары бар сөздер

қараңғы жарық

қолғап алғыс

қарақат ағын

ғалым ақша

орақ – орағы

қалақ - қалағы



күрек үлгі

кедергі шекер

көгер егін

өлке егер

шелек - шелегі

тілек – тілегі



Кестенің әр бөліміндегі сөздерді алдымен әр оқушы жеке оқып салыстырып, сосын қ, ғ, к, г дыбыстарының ерекшеліктеріне, яғни қ, ғ дыбысының жуан буындарда, к, г дыбыстарының жіңішке буындарда болатынына және қ, к дыбыстарының к, г дыбыстарына өзгеретініне жалпы сыныптың назарын аудару керек.

Төменде берілген кестенің «Білемін» деген бөліміне осы дыбыстар туралы өздерінің білетіндерін толтырады. Содан кейін әр бала топта өз білімін ортаға салады. Олар ортақ кесте толтырып, алған білімін сыныппен бөліседі. Осы дыбыстар туралы тағы не білгісі келетінін екінші «Білгім келеді» бөліміне жазады.



Білемін

Білгім келеді

Не үйрендім?

1.Қ,к-қатаң, ғ,г-ұяң дауыссыз дыбыстар.







2.Қ,ғ дыбыстары жуан буында,к,г дыбыстары жіңішке буында жазылады.







З.Қ,к дыбыстарынан кейін дауысты дыбыс тіркелсе, олардың орнына ғ,г жазы-лады, т.с.с.







«Білгім келеді» бөліміне жазған сұрақтарына сабақ барысында жаттығуларды орындау кезінде жауап іздейді. Кейбір сұрақтарға жауап беруге мұғалім көмектеседі. «Не үйрендім?» бөлімі сабақты қорытындылау кезінде толтырылады. Оған оқушылар бұрынғы білетініне қандай жаңа білім қосқанын жазады.

Бұл кезеңде оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындағаннан кейін, оқушылар оз қорытындыларын айтып, дәлелдейді. Бұл оқушыға берілген білімнің дағдыға айналуына әрі оқушының өз пікірін баяндау қабілетінің дамуына жағдай жасайды.



Ой толғаныс

Бұл кезеңде оқушылардың қ, ғ, к, г дыбыстарына қатысты білім, біліктері жинаңталып, қорытындыланады. Кестенің «Не үйрендім?» деген соңғы бөлімі толтырылады.
: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет