Сабақтың тақырыбы: Достық өлкесінің заңы. (М. Шаханов) Сабақтың мақсаты



жүктеу 36.74 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі36.74 Kb.
түріСабақ
шынар ж5 БҚО, Орал қаласы

22 ОЖББМ-нің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі



Ихсанова Шынар Жайболатовна
4 cынып. Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Достық өлкесінің заңы. (М.Шаханов)

Сабақтың мақсаты:

А) оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқи білуге жаттықтыру. Өлеңді өз сөздерімен әңгімелей білуге үйрету.Таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру. Сөздік қорларын молайту.М.Шаханов туралы қысқаша түсінік беру.Дос сөзінің мағынасын түсіндіру.

Ә) оқушыларға достық қарым қатынасқа тәрбиелеу.Үлкенді сыйлауға , адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.

Б) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Басқа пәндермен байланыстыра білу. Өз ойларын айта білу қабілетін дамыта түсу. Өлеңдегі негізі ойды тапқызу.



Сабақтың түрі: дәсүрлі сабақ

Сабақтың пән аралық байланысы: қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка

Сабақта қолданатын әдіс тәсілдер: сөздік, түсіндіру, әңгімелеу

Технология бойынша қолданатын стратегиялар: ой қозғау, болжам жасау, проблемалық жағдаят, бес жолды өлең.

Сабақта қолданылатын құралдар: әдебиеттік оқу оқулығы, үнтаспа, магнитафон, көзәйнек, М.Шаханов кітаптары, сюжетті суреттер, графопроектор, мақал мәтелдер жинағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге!



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Шығармашылық жұмыстарын оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы.

А) суретпен жұмыс.

1.Суреттерден кімдерді және нелердің суреттерін көріп отырсыңдар? (кимешек, тақия, балалар және көзәйнек)

2.Кимешек пен тақияларды кімдер киеді? (кимешекті әжей, тақияны атай киеді)

3.Осы суреттерге қарай отырып не өтуіміз мүмкін? Мәтін бе? Ертегі ме? Өлең бе? (әртүрлі жауап)

4.Неге екі бала қатар салынған? (олар дос болуы мүмкін)

5.Дос деген сөзді қалай түсінесіңдер? (әр түрлі жауап)

Олай болса, біз бүгін М.Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» деген өлеңімен танысамыз.

1.М.Шаханов туралы қысқаша мәлімет беру. (компьютерден тыңдату)

2.Өлеңді үнтаспадан тыңдата отырып, соңғы екі шумағын тыңдатпай тоқтату.

Б) Болжам жасау стратегиясы.

Әрі қарай не болуы мүмкін, не болады деп ойлайыңдар? (әр түрлі жауаптар)



ІV.Оқулықпен жұмыс. Мағынаны тану.

1.Соңғы екі шумағын өз беттерінше іштей оқыту.

2.Тақтадағы ілулі тұрған суретке қарай отырып өлеңдегі оқиғаны қара сөзбен әңгімелеп көр.

3.Тізбектей оқыту.

4.Өлеңдегі сәбилік шаққа байланысты айтылған тіркестерді тауып көр.

В) графопроектордан көрсету. Дәптермен жұмыс.

Сүттей аппақ- таза

Аңғал, бейқам -алаңсыз

Балбұлақтай- бұлақтай таза, мөлдір

«Көңіліміздің айдынында күн жүзді» - көңілдендік, қуандық

Г) Өлеңге талдау жасау. (компьютерден сұрақтарды тыңдатып, жауап бергізу)

1.Балалар қайда келді?

2.Қандай оқиға болды?

3.Балалар әжесінен неліктен қорықты?

4.Әжесі немересін неге жазалаусыз қалдырды?

5.Әжесін кенет ашу неге қысты?

6.Нағашысы жиенін қалай қорғады? Оған өзіннің көзқарасын қандай?

Ғ) Проблемалық жағдаят. Толғаныс.

Баланың орнында өзің болсаң қайтер едің?

Осындай жағдай өз бастарыңда болды ма?

Осы оқиғаны сен ақын болсаң қалай аяқтар едің? (оқушылар жауабы)



V. Сергіту сәті.

Шығармашылық жұмыс. (музыка әуенімен тапсырмаларды орындайды)

Топтық жұмыс.

1 топ- Дос туралы шағын шығарма жазу.

2 топ- Бес жолды өлең жазу.

3 топ-Арнау хат жазу



VІ.Бекіту сұрақтары

  • Суреттің қатысы бар ма?

  • Өлеңдегі негізгі ойды тапқызу, өз сөздерімен әңгімелету.

  • Достық туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер?

Сабаққа белсене қатысп отырған оқушыларды бағалау, мадақтау.



VІІ. Үйге тапсырма.

Өлеңді нақышына келтіре мәнерлеп оқу. «Менің досым» тақырыбына шығарма жазу.
: 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Эссе Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаға байланысты көзқарасым Жазған
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> 1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет