Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.



жүктеу 65.85 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі65.85 Kb.
7-сынып Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі

Сабақтың мақсаты: 1) білімділік мақсат: ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы – Әбділда Тәжібаевтың өмірі жолы және шығармашылығымен таныстырып,туған жеріне, табиғатына арнаған «Сырдария» өлеңі арқылы өскелең ұрпақты туған жерін бағалауға ыстық екендігін сезінуге, сүйіспеншілігі мен қызығушылықтарын ояту. 2) дамытушылық мақсат: мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап, іздендіру, «ой шақыру» арқылы оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым-қатынастық біліктілігін дамыту; 3) тәрбиелік мақсат:туған жерді,елді сүюге,табиғат анамызды қорғауға, құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту(аралас сабақ) Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, ақынның өмірімен шығармашылығына арналған слайд, суреттер,карта,Бес жолды өлең, Венн диаграммасы,домбыра, күй. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздік жұмыс, екі жақты күнделік әдісі.(СТО) Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, география, бейнелеу өнері, тарих, математика.

Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру кезеңі:

2Үй тапсырмасын сұрау а) Қ.Аманжолов «Дүниеге жар»өлеңі.

«Екі жақты күнделік» әдісі

Ей, тәкаппар дүние!

Маған да бір қарашы

Танисың ба сен мен?

Мен – қазақтың баласы!

Екі аяқты аң патша

Көп батырды шеңгелін.

Сар далада сарғайдым,

Қасіретпен шөлдедім.

Мұнау қара көзімнен

Сансыз дария жас ақты,

Өз етімді өзіме

Кесіп алып асатты.

Айтып, айтпай не керек,

Не көрмеді бұл қазақ!

Дүние бүгін ұялар,

Айтпа, ойбай, аузың жап.

Тәкаппар ұлы дүние!

Қазақ деген – мен деймін.

Мылтығыңды ұсынба,

Қолыңды ұсын, кел деймін!

ә) Бекіту сұрақтары: «Сұрақ-жауап »әдісі

1. Қ.Аманжолов кім?

2. Ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?

3. Ақын кең әлемге жан сырын жайып салуының себебі неде деп ойлайсыңдар?

4.Ақынның өзі ұзақ өмір сүрмесе де, өлеңдерінің ұзақ өмір сүруінің сыры неде?

3. Жаңа тақырып: Қызығушылығын ояту

Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі

а) Мұғалімнің кіріспе сөзі

- Әбділда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келді. Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленіп, Шымкент қаласындағы жеті жылдық мектепті оқып бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін, (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші қазақ» газетінен бастайды.

Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғашқы өлеңдері

1932 ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты.

Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты. Ә.Тәжібаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетін биікке көтерді. Жас ақынның алғашқы өлеңдерін оқыған М.Әуезов көркемдік ерекшеліктерін байқаған.

Сыршылдық өлеңдер. «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Ат үстінде», «Қойшы жыры» т.б.

Поэмалары. Тарихи тақырыптарға, тарихи аңыздарға сүйеніп жазылған «Абыл», «Аққу», «Толағай», «Мерген» т.б. поэмалары бар.

Драмалық комедия туындылары. «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Біз де қазақпыз», «Көңілдестер» т.б.

4 Сөздікпен жұмыс

Гейне – Генрих Гейне неміс ақыны.

Сыр, Рейн, Днепр, Еділ - өзен аттары.

Тарас – Тарас Шевченко украин ақыны.

Пушкин – Александр Пушкин орыс ақыны.

5 Жаңа тақырыпты түсінгендерін зерттеу кезеңі.

(сұрақ-жауап әдісі, кітаппен жұмыс)

1. Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді? Оны қай жолдардан байқауға болады?

2. Ақын осы өлеңді жазғанда кімге еліктеді?

3. «Ел анасы – менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?

4. Туған жер – алтын бесік.Туған жерге оралмайтын жан болмайды. Ендеше, осы ойды қай шумақтан байқадыңдар?

5. Ақын анаға ұқсас ұғымды қалай білдіреді? Өлеңнің қай шумақтарынан байқауға болады?

6. Өлеңде жалқы есімдер кездесе ме?

А) «Сырдария» өлеңін сатылай кешенді талдау.

(тақтамен жұмыс)

1. Авторы: Ә.Тәжібаев

2. Тақырыбы: Туған жер

3. Жанр түрі: Лирика, туған жер лирикасы.

4. Идеясы: Туған жерді бағалау.Ыстық екенін ұғына білу.

5. Шумақ саны: 6

6. Тармақ саны: 24

7. Бунақ саны: 2

8. Буын саны: 7-8

9. Ұйқас түрі: АБВБ Кезекті ұйқас

10. Өлеңнің тәрбиелік мәні: Оқушылардың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін оята білу.Анамызды қалай құрметтесек, туған жерді де солай бағалай білуге шақыру.

Ә) Әдеби теориялық талдау

Өлеңнен параллелизм, эпитет, аллитерация, метафораларды табу.

Б) Балалар, Әбділда ақыннан басқа қандай ақындар туған жерлерінің, өзенін жырлағанын білесіңдер?

7. Шығармашылық ізденіс туғызу

(тақтамен жұмыс)

а) Өлеңдегі туған, су, ана, ел, сүт сөздеріне мақал-мәтел тауып жазу.

ә) Өлеңдегі шаш, көз, өзен сөздеріне жаңылтпаштар айту.

б)Бес жолды өлең (тақтамен жұмыс).

1. 1 сөз (зат есім)

2. 2 сөз (сын есім)

3. 3 сөз (етістік)

4. 4 сөз (мағыналы сөйлем)

5. (тақырыптық синоним).

8.Бекіту сұрақтары.

1.Ә. Тәжібаев кім?

2. Өлеңнің тақырыбы не жайында?

9.Венн диаграмасы арқылы екі ақынның ортақ қасиеттерін табу.

Елімізді қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту, табиғатын аялау – бәрімізге парыз. Ана алдында қалай қарыздар болсақ, туған жер алдында да солай қарыздармыз.

10. Бағалау

11.Үйге тапсырма.



1) Ә.Тәжібаев өмірі мен шығармашылығын оқу. «Сырдария» өлеңін жаттау.

2) «Туған жерім – Бейнеуім» тақырыбына ой-толғау


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет