Сабақтың тақырыбы: Әуежайда



жүктеу 23.4 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі23.4 Kb.
түріСабақ
Қазақ тілі 11 сынып

Сабақтың тақырыбы: Әуежайда.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әуежайдың қызметі, ұшақпен ұшу тәртібі туралы оқушылардың білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын қайталау, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Қазақстанның әсем жерлерін білуге, саяхатқа шығып тамашалауға қызықтыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Диалог

ІІІ. Жаңа сабақ.Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Мәтінде не туралы айтылған?

Менің Атлантаға сапарым

Мен былтыр Атлант қаласына ұшақпен сапар шектім. Бұл менің Атлант қаласына бірінші сапарым болатын. «Отырар» қонақ үйінің бірінші қабатында орналасқан «КLM» компаниясынан бару және қайту билеттерін алдым. Маған компанияның қызмет көрсетулері ұнады. Қызметкерлері сапарыма байланысты барлық сауалдарға толық жауап берді.

Ұшатын күні мені үй-ішім шығарып салды. Әуежайда жол жүгімді өлшеттім, тіркеуден өттім. Ұшаққа отырғызу басталды. Мен үй-ішіммен қоштасып, ұшақтағы өз орныма жайғастым.

Стюардесса Алматыдағы ауа райы туралы хабарлады. «Белдіктеріңізді байлаңыздар!», «Темекі тартуға болмайды!» деп, айтты. Біз баяу аспанға көтерілдік. Туған қалам артта қол былғап қала берді. Біраз уақыттан соң стюардесса жолаушыларға тамақ, минералды су, шырын, шай және кофе берді. Тамақтары дәмді және ыстық болды. Ұшақ ұжымы мәдениетті, сыпайы екен. Қызыметкерлері үш тілді меңгерген. Олар Алматы әуежайында, ұшақ ішінде хабарландыруды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтты.

Маған ұшақпен сапар шегу аса ұнайды, өйткені ол тез және қолайлы. Біздің ұшағымыз Атланта қаласына өз уақытында келіп қонды. Бізді америкалық достарымыз күтіп алды.

2-тапсырма.

ІІІ деңгей

1.Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.

2.Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

3.Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңдар.



ІІ деңгей

1.Әуежайдың қызметі туралы әңгімелеу.

2.Ұшақпен ұшу қолайлы, қолайсыз жағы

3.Мәтіндегі 2 құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.



І деңгей

«Мен әуежайға келдім ... » деген тақырыпқа шағын эссе жазыңдар

ІV. Грамматикалық тапсырмалар орындаңдар.

Мәтінде асты сызылған сөздердің құрамын ажыратыңдар.

V. Қорытынды. Жағдаят бойынша өз ойларыңды білдіріңдер.

- Егер ұшақтағы сенің көршің жоғарыда аталған қауіпсіздік ережелерін сақтамай отырса, сен не істер едің?

- Ұшақтағы сенің көршіңнің жағдайы болмай отырса, сен не істер едің?

. Үй жұмысы: А) Берілген сөздерді септеңдер.

А.с. телефон+ым, белдіг+і



Б) Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Ұшақтың ішінде ұялы телефонды пайдалануға және темекі тартуға тыйым салынады.

VІІ Бағалау. Қоштасу
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет