Сабақтың тақырыбы: «Хайуанаттар әлемінде»



жүктеу 54.63 Kb.
Дата28.06.2016
өлшемі54.63 Kb.
түріСабақ
Манапова Умсинай,

«Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің

қазақ тілі және әдебіеті пән мұғалімі

ОҚО, Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: «Хайуанаттар әлемінде». Емес болымсыздық

шылауы


Сабақтың мақсаттары: Білімділік: өтілген материалмен байланыстыра

отырып оқушыларга емес болымсыздық шылауының емлесін түсіндіру; тілін дамыту; ойлау, сөйлеу есте сақтау қабілетін арттыру; оқушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы білімдерін бағалау; тілге деген қызығушылықтарын арттыру;


Дамытушылық: сауатты, көркем жазуға,

шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: қоршаған ортаны, онда мекендейтін

жабайы жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Cабақтың mүpi: аралас

Cабақтың muni: жаңа білім беру

Cабақтың әдістері: сұрақ-жауап, миге шабуыл, диологты оқыту, СТО мен АКТ.
Көрнекілік: тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:


Психологиялық треннинг: Оқушылар бір-біріне тәтті тілектерін білдіреді.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар алдын-ала мәлім бір суретті таңдап бөлініп отырады. (Мысалы: түлкі, қасқыр, аю)

Жаңа тақырып:



  1. Қызығушылықты ояту

Оқушылар таңдаған суретінің арқасында тағы суреттің бөлігі бар. Оқушылар құрастыру арқылы үлкен сурет шығарады.

Постерде сол жануар туралы білгендерін топтастырады. (Арыстан-Үлкен, айбатты, қорқынышты, күшті жануар,...

Постерді қорғау


  1. Мағынаны тану

Мұғалім сөзі:

- Балалар, сендер нелер туралы айттыңдар?

Бұл жануарлар қай жерде өмір сүреді?

Оларды біздер қай жерде көре аламыз? (Хайуанаттар бағында)

Бүгінгі біздің тақырыбымызда сол хайанаттар бағымен байланысты. Айтқанша, біздің қаламызға да хайуанаттар бағы келіпті. Онда әр түрлі жануарлар бар. Оған бару үшін әрине билет қажет. Міне бүгін сабақта біз ұпай жинап, билет алуға мүмкіндігіміз бар. Сабақтың аяғына дейін қай топ көп ұпай жинаса сол топ қатысушыларына мына 4 билет сыйға беріледі.

Мәтінмен жұмыс

ДЖИГСО стратегиясы негізінде жұмыс жүргізіледі. Әр топқа үш мәтін беріледі. Оқушылар жеке- жеке оқып әуелі жұпта, содан кейін топта оқығанын талқылайды. Сосын ортаға шығып қорғайды.

1-топ: Жолбарыс


Жолбарыс – жыртқыш аң. Ол негізінен Азияны мекендейді. Оның көп аулайтын аңдары - бұғы, жабайы шошқа және киік.

Жолбарыс тордағы тіршілікке де оңай үйренеді. Бұл жыртқышты көптеген хайуанаттар бағынан көруге болады. Ол үй мысығына ұқсас.


2-топ: Керік

Керік – жер бетіндегі ең биік жануар. Оның бойы 6 метрдей болады. Осы биіктіктің жарым-жартысы мойынға кетеді. Кіп-кішкентай қушық басында терімен қапталған екі тал мүйізі бар. Алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзындау. Құйрығының ұзындығы шамамен бір метрдей. Керіктің түр-түсі қара қоңыр теңбілді сары шұбар болады.


3-топ: Борсық

Борсық – Қазақстанда кең тараған жануар. Дене тұрқы 75 сантиметрден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.

Борсықтар қыста ұйқыға кетеді. Бірақ қыстың жылымық күндерінде оянып інінен шығатын кездері де болады. Борсықтың терісі мен майын ем үшін қолданатындықтан көптеп ауланады.

Видеофильм көру

(Қазақстандағы түйеқұстар туралы деректі фильм көрсетіледі)
«Мен таң қалдым!» деп жазылған параққа балалар ғажайып қасиеттерін жазып тақтаға іледі. Мысалы (Ұшпайды, жүгіреді, тебеді,...)
Сергіту сәті

Жануарлар әрекет – қимылын жасау

Келе жатыр орманнан

Аң патшасы арыстан

Қарасаңыз қасқыр да

Көрінеді алыстан

Ұзын құлақ ,сұр қоян,

Қорқақ қоян, бұл қоян.


Аю келді қорбаңдап,

Қол соғайық жан-жақтан.

Олар орман аңдары,

Біз олардан қорқпаймыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Қайта сабақ бастаймыз.


Дәптермен жұмыс

Көркем жазу.

Әр топқа жұмбақ жазылған форматтар беріледі. Балалар көшіріп жазып, шешуін үш тілде айтады.

1-топқа


Қаймықпайды күштi аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.   (Пiл-Фил-Слон)

2-топқа

Сылдырдан қорқады



Шошынып жортады. (Қоян, Қуен, Заяц)

3-топқа


Үсті толы ине

Бірақ та іс тігіп,

Қадамайды түйме. (Кірпі, типратикон, ежик)
Емес болымсыздық шылауының емлесін түсіндіру.

2- тапсырма

Сурет бойынша балалар сөйлем құрайды. Ең мәнді сөйлемді оқушы өзі айтып жаздырады.










Ой толғаныс

Семантик карта


қасиеті

жануар


Жыртқыш

Қорқақ

Ірі денелі

Ұзын мойынды




























































Қайталау кезеңі

Сәйкестендіру

Жүрегінің салмағы 700 кг, тілінің салмағы — 2 тонна. кит

Ол 9-10 метр жерге секіреді. жолбарыс

Оның салмағы 1,5 тоннадай. піл

Олар 300 жыл өмір сүреді тасбақа

Ол 45 күнге дейін су ішпей жүре алады. Түйе


Қорытынды: Сабақты қорыту, білімдерін бағалау. Жеңімпаздарды анықтау.

Сыйлықтарын беру

Сәтті Сәтсіз кестесін жасау
Үйге тапсырма

Мәтінді оқу



4-тапсырманы жаз
: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жббом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов Сабақтың тақырыбы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың халқы және саяси картасы. Америка Құрама Штаттары. Сабақтың мақсаттары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным Қазақстан»
sabaktar -> Әмірбекова Боранкүл Әжіханқызы, М. Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
sabaktar -> «Теректі» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Бәйдібек ауданы Сөз таптары Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Отбасы шағын қоғам
sabaktar -> Накипова Зауре Нурлыбековна, №114 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
sabaktar -> Құрамы Мақсаты: 10 санының құрамымен таныстыру, тапсырмаларды өз бетінше орындау қабілетін жетілдіру
sabaktar -> Сабақтың атауы Жабайы жануарлар. Аңдар. Буын Мақсаты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет