Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытұлы «Әмірқан бейнесі» Қазақ әдебиеті 7-сынып Сабақтың мақсаты



жүктеу 42.49 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі42.49 Kb.
түріСабақ
Көкшетау қаласы №8 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ахметбеков Тлеукен Тайбагарович
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытұлы «Әмірқан бейнесі»
Қазақ әдебиеті 7-сынып

Сабақтың мақсаты:

а) Мәтіннің мазмұнын меңгерту арқылы әншінің мәрттігі мен адамгершілігін, адалдығын ұғындыру;

ә) жазушы тілінің көркемдігіне тәнті ете отырып, «Әмірқан бейнесі» тақырыбында ой толғату,тілін ұштау;

б) өнер құдіретін сезінуге тәрбиелей отырып,ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге баулу.



Сабақтың түрі: топтық жұмыс, жаңа материалды өздігінен игеру.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өзара талқылау,сын тұрғысынан ойлау INCERT:түртіп алу жүйесі т.б.

Сабақтың көрнекілігі: музыка, деректі фильмнен үзінді,слайд -презентация, АКТ т.б.



Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын


  1. Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы?

  2. «Әнші» әңгімесінің мазмұны.

Оқушылар дайындаған слайд презентация

Топтық жұмыс.Топтың мүшелерін сайлау.Топтық жұмыстың ережесін түсіндіру.

Топқа бөлу үшін «Әнші» әңгімесінен үзінділер жазылған кеспе қағаздар тарату, Қайрат Байбосыновтың орындауында «Қызыл асық» әні

б) Жаңа сабақты түсіндіру:



Ж.Аймауытұлы «Әмірқан бейнесі»

1-топ. Қазақ жастары Әмірқанды алғаш қайдан көрді? 1.Жетішатыр қаласындағы қазақ даласы қалай суреттелген?Бейнеле. Бүгінгі өмірмен байланыстырыңдар. Жетішатыр-Семей қаласының ескі атауы

2-топ Наурыз мерекесін ұйымдастырудағы қазақ жастарының ұйымшылдығын айтып бер.Әмірқанды халық қалай қабылдады?Наурыз мерекесі жайлы қысқаша айтып өтіңдер.

3-топ «Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі.? Әншінің салған әні мен тыңдаушылардың алған әсері, сезім-күйлері қалай беріледі?

4- топ Әмірқан өмірдегі қай әнші деп ойлайсыңдар? Әнші туралы білетіндеріңді ортаға салыңдар.Прототип дегеніміз не?Қосымша материалдарды пайдаланыңдар.

Сергіту сәті «Қара жорға» биі (үзінді)
Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез-қылығы бар?

(Слайд әнші бейнесі)



Әмірханның мінездемелік сипаты

1-топ. Әншінің қарапайымдылығы

2-топ. Әншінің орындаушылық шеберлігі

3-топ. Әншінің өнерге сүйіспеншілігі

4-топ. Әншінің адамға үйірсектігі. Азаматтық тұлғасы.

Қарапайымдылығы: Әмірхан қол ұстасып,сыпайы амандасып отырды.

Әншінің орындаушылық шеберлігі: Ұшатын құстай қымтанып,қомданып алды.

Өнерге сүйіспеншілігі: Ән салса өз-өзін ұмытады,даусы көмейінен шықпайды,жүрегінен шығады. .. рахаттанып гүл-гүл жайнайды.

Адамға үйірсектігі:Әмірхан кісіге тез үйір болатын,жолдасқа жанын қиятын жігіт.

Азаматтық тұлғасы: Өзінің бірдемесін сұрасаң бере салады.Кісіні алдауды білмейді.

1-топ Әнші Әмірқанның әнінен қандай әсер алдыңдар?

2-топ Әнші Әмірқан қандай көңіл күйде ән айта алмаушы еді?

3-топ Бүгінгі әншілерге беретін бағаң қандай? Өз ойларың

4-топ «Әміре-ән асқары» тақырыбынды шағын мәтін жазу.

ЭКСПО-2017 лейтмотив (бейнебаян көрсету)

Білімді бекіту: Әміре Қашаубаев - ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы,ұлттық мақтанышымыз.

INCERT: түртіп алу жүйесі

V

-

+

?

Білетіні

Білгеніме сәйкес келмейтіні

Мен үшін жаңалық

Таң қалдырады





































Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Жеті шатыр- жақсы қала.

Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы - қымыз, ойын-сауық- «кататься».

Әмірхан тымағын қыңырайта киіп тағы барды. Тағы соқты.

Әннің бір кілтең жерлері болады...Жұрттың көбі соны келтіре алмайды.

Топ көргенде Әмірқан аруақтанып көтеріліп кетеді екен. Бұрыңғы дауысы астар болмай қалды.

Жеті шатыр- жақсы қала.

Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы - қымыз, ойын-сауық- «кататься».

Әмірхан тымағын қыңырайта киіп тағы барды. Тағы соқты.

Әннің бір кілтең жерлері болады...Жұрттың көбі соны келтіре алмайды.



Топ көргенде Әмірқан аруақтанып көтеріліп кетеді екен. Бұрыңғы дауысы астар болмай қалды.
: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Ныганова Айгуль Еламановна Степногорск қаласы №5 С. Сейфуллин атындағы мектеп – лицейінің биология пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем туралы өткен материалды қайталау Сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Мухтар Ауэзов
Razrabotkaurokov -> Сабақ Тақырыбы: «Гг дыбысы мен әрпі»
Razrabotkaurokov -> Боранбаева Анар Ташеновна Көкшетау қаласы №7 «Айша» бала бақшасының тәрбиешісі КӨктемгі ормандағы туған күн тобы
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Пысықтау
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: Аңдар, балықтар, құстар. Қайталау.
Razrabotkaurokov -> Сабақтың атауы Хайуанаттар дүниесі Мақсаты Күтілетін нәтиже




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет