Сабақтың тақырыбы Жазбаша қосу және азайту 427+283 және 710-247 Сабақтың мақсаты



жүктеу 68.13 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі68.13 Kb.
түріСабақ
Тулепова Жадра Усенбаевна

Пәні математика



Сыныбы 3 «Г»

Сабақтың тақырыбы Жазбаша қосу және азайту 427+283 және 710-247

Сабақтың мақсаты

Білімділік оқушыларға үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және

азайту тәсілдерін түсіндіру, үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктей білуін меңгерту



Дамытушылық оқушыларға үш таңбалы сандарды жазбаша қосу

және азайту тәсілдерін түсіндіру арқылы логикалық ойын,

есте сақтау қабілетін, шапшаң есептеуін дамыту

Тәрбиелік оқушыларды дәптерге баған түрінде таза, ұқыпты жазуға

баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу



Сабақтың типі жаңа білім беру

Сабақтың түрі аралас

Сабақтың әдісі түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: жазбаша қосу және азайтудың түсіндірме кестесі, қима қағаз, электронды оқулық

Сабақтың жоспары

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту кезеңі

ІҮ Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі

Ү Жаңа сабақ

ҮІ Жаңа білімді бекіту кезеңі

ҮІІ Үй тапсырмасын беру

ҮІІІ Бағалау

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу Оркестрдің орындауында «Сарыарқа» күйін тыңдату, ішінен ұнаған аспаптарды таңдау

Домбыра, қобыз, жетіген, сырнай – ұлттық аспаптар

Топқа бөліп болған соң, партаға отырғызу



Психологиялық дайындық

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер білім көп оқып,

Өсе берсін санамыз
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

№8 (ә, б) 110 бет Оқушыларға оқыту, тексеріп шығу

Ә) 30 см = 3 дм 5дм 1см = 51см

60 см = 6 дм 0 см 58 см = 5 дм 8 см

2 тәул. 3 сағ = 51 сағ 6 м 40 см= 64 дм

Б) 2 түйме – 3/1-ін құрайды

Барлығы - ? түйме

Ш: 2*3/1=6

Ж: Барлығы 6 түйме
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту кезеңі

Викториналық сұрақтар


  • Аудан дегеніміз не? (фигураның ішкі беті)

  • Тік төртбұрыш ауданының формуласы қандай? (S=a*b)

  • Геометриялық фигураларды ата?

  • Геометриялық фигураларды қандай әріптермен белгілейді?

  • Жазбаша қосу және азайту алгоритмін ата

  • Палетка дегеніміз не? (квадрат сантиметрлерге бөлінген мөлдір пластина)

  • Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

  • Қабырғасы 3см шаршының ауданы мен периметрін тап

Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс

Оқушыларға жазбаша қосуға және азайтуға берілген мысаларды шығарту



  1. топ 152+435 783-251

2 – топ 262+624 694-373

3 – топ 128+721 373-261

4 – топ 421+338 579-327

ІҮ Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі

Электронды оқулықпен түсіндіру

«Шеберлігіңді сына» жарысы

Үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу

842=800+40+2; 963=900+60+3; 128=100+20+8; 364=300+60+4

Көрнекілікпен түсіндіру


Ү Жаңа сабақ

№1. Қосындының және айырманың мәндерін тап:

427+283 710-427

Сандарды баған түрінде жаз және амалдарды алгоритм бойынша орында:






4

2

7



2

8

3




7

1

0




7

1

0




4

2

7




2

8

3

... жазамын,

...қосамын (азайтамын),

...қосамын (азайтамын),

...қосамын (азайтамын),

жауапты оқимын ... .



Домбыраның тапсырмасы (домбыра құрастыру)

№2. А) А4 форматтағы параққа жазып, 4 топқа бір-бірден беру





Ә) 538 + 272=810 620 – 133=487 754 + 166=920 840-665=175

349 + 361=710 730 – 442=288 237 + 483=720 950-774=176

Алғашқы төртеуін тақтаға, соңғы төртеуін параққа шығару (өзіндік жұмыс ретінде)

Дәптермен жұмыс

Жұмбақd:\айгерім\skfa99d.bmp

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,

Әуезінен жеті тарау мұң шығар.

Ойнап кетсең, түрлі – түрлі жыр шығар,

Бұл аспап қай аспап? (жетіген)
Жетігеннің тапсырмасы

№4. Теңдеулерді шеш (тақтамен жұмыс)

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

x*100=900 x:7=100 600:x=6 456+x=932

x=900:100 x=100*7 x=600:6 x=932-456

x=9 x=700 x=100 x=476

9*100=900 700:7=100 600:100=6 456+476=932

900=900 100=100 6=6 932=932d:\айгерім\skf2549.bmp


Сергіту сәті

Жұмбақ

Бас, құлақ, мойны бар,

Үп – үлкен шанағы бар.

Ысқышпен ысқанда

Әндетіп шығар тағы әні бар. (қобыз)

Қобыздың тапсырмасы

5. Есепті шығар

Саяхат кезінде оқушылар автобуспен 236 км, ал пойыз одан 374 км артық жол жүрді. Оқушылар саяхат кезінде пойызбен неше километр жүрді?

Осыған кері есептер құрастыр және шығар.

Автобус – 236 км Автобус - ? 374 км кем

Пойыз - ? 374 км артық Пойыз – 610 км

Ш: 236+374=610 Ш: 610-374=236

Ж: Пойыз 610 км жол жүрді Ж: Автобус 236 км жол жүрді



1-топ шарты 3-топ жауабыd:\айгерім\skfdb5c.bmp

2-топ шешуі 4-топ кері есеп

Жұмбақ

Бұл аспапты сырнай дейді,

Түрлі әнді жырлайды.

Әдемі әуені төгілсе егер,

Баршаңызды баурайды. (баян)
Баянның тапсырмасы

6 Есепті шығар. (барлық топтарға, параққа шығарту, ауызша)

Үш сыныптың әрқайсысына 20 дәптерден, ал екі сыныптың әрқайсысына 30 дәптерден берілді. Осы сыныптарта барлығы неше дәптер берілді?

3 сынып – 20 дәптерден

2 сынып – 30 дәптерден

Ш: 3*20+2*30=120

Ж: Барлығы 120 дәптер

« Нақты сұрақ, дәл жауап »


  • Кесінді деген не?

  • Аптада неше күн бар?

  • Заттарды біріктіргенде қандай амал қолданамыз?

  • Ағашты тазалайтын орман құсы?

  • Құлағы үлкен жануар?

  • Тік төртбұрыштың қасиеті?

  • Шаршының қасиеті?

- Қосу амалына кері амал?

- Бұрыш түрлерін атаңдар

№7. Геометриялық мазмұнды тапсырма

а) Бес буыннан тұратын сынық сызық сыз. Осы сынық сызықтың ұзындығын тап.

3 см+4см+5см+2см+6см=20см

ә) Тік төртбұрыштың екі қарама-қарсы қабырғаларының жалпы ұзындығы 18 см. Оның бір қабырғасы 8 см. Тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап.

Жалпы ұзындығы – 18 см

а=18:2=9 см

в=8см

Р-? S-?


Ш: Р = (а+в)*2 =(8см+9см)*2=34см

S = а*в = 8 см*9см=72см(2)

Ж: Р = 34см, S = 72см(2)
ҮІ Жаңа білімді бекіту кезеңі

Шығармашылық тапсырма

Теңдік тура болатындай етіп, жақшалар қой:

15 + 36 : (9 – 3) = 21

(16 + 20) : 4 = 9

9 ·(10 – 7) = 27





Кенеттен сұрау.
а) Бір креслоның 4 аяғы бар. 5 креслоның неше аяғы бар? Ш: 20 кресло

ә) Сәкенде 8 марка бар, ал Мағжанда 3 есе артық. Мағжанда неше марка бар? Ш:24марка

б) Қарағай қылқаны 2 жыл, ал шыршаныкі 6 есе артық уақыт өсіп тұрады. Шыршаның қылқаны неше жыл өсіп тұрады? Ш: 12 жыл

в) 6 шақпақ қант 3 стаканға салынды. Әр стаканға неше шақпақ қант салынды? Ш: 2шақпақ

г) Серік 27 ақ көгершін және 9 сұр көгершін өсірді. Серік өсірген ақ көгершіндер сұр көгершіндерден неше есе артық? Ш: 3есе артық
ҮІІ Үй тапсырмасын беру

№3, №4 (2) 111 бет



ҮІІІ Бағалау
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет