Сабақтың тақырыбы: Кері тригонометриялық функциялар Сабақтың мақсаттары



жүктеу 26.75 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі26.75 Kb.
түріСабақ
Алгебра, 10 сынып

Ахметов Б.И.

СҚО Тайынша ауданы

Қарағаш орта мектебі


Сабақтың тақырыбы: Кері тригонометриялық функциялар

Сабақтың мақсаттары:

1. Кері тригонометриялық функция ұғымы, олардың қасиеттері мен графиктері, кері тригонометриялардың мәндері, оларға амалдар қолдану әдістерін меңгеру.

2. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, математикалық тілін, математикалық анализ жасау дағдыларын дамыту.

3. Ойлау қабілетін, танымын, пәнге қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, есептер шығару, интерактивті тақтамен жұмыс.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, электрондық оқулық.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, жоқ оқушыларды анықтау, сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындап, сабақ жоспарымен танысу.



(слайд 1, 2)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Электрондық оқулықтағы «Тригонометриялық функциялардың қасиеттері мен графиктері» модулін пайдалана отырып, мына жоспар бойынша негізгі тригонометриялық функцияларға сипаттама беріңіздер:



(слайд 3)

а. Функцияның графигіні қалай аталады?

ә. Анықталу облысы

б. Мәндер облысы

в. Функцияның жұп-тақтығы, графиктің симметриялығы

г. Функцияның периодтылығы

ғ. Функцияның өсу-кему аралықтары

ЭО, Модуль «Тригонометриялық функциялар. Тригонометриялық

функциялардың қасиеттері мен графиктері»

Төрт оқушы кезегімен шығып, интерактивті тақта көмегімен тригонометриялық функцияларға қысқаша сипаттама береді. Қалған оқушылар мұқият тыңдап, қажет болса толықтырады. Жауап беруші оқушылардың білімін бағалау мақсатында, оқушылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылуы мүмкін.

2. Функция графигін қарапайым түрлендіруге жаттығулар (2 оқушы).

(үлестірме 1)

а. функциясының графигін түрлендіріп, функциясының графигін сал.

ә. функциясының графигін пайдаланып, функциясының графигін сал.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

(слайд 1, 2)

1. Кері тригонометриялық функциялар ұғымын енгізу.

2. Электрондық оқулық көмегімен негізгі кері тригонометриялық функция-лардың қасиеттері және графиктерімен танысу.

ЭО, Модуль «Тригонометриялық функциялар. Кері тригонометриялық функциялар. Түсініктеме»

3. Кері тригонометриялық функциялардың мәндерін табу, оларға амалдар қолдануға тақтада мысал көрсету.

4. Электрондық оқулықты пайдаланып, есеп шығару үлгілерімен таныса отырып, қажет болса түсіндіру.

ЭО, Модуль «Тригонометриялық функциялар. Кері тригонометриялық функциялар. Есеп шығару үлгілері»

IV.Есеп шығару

Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды ретімен ашып отырып, барлық оқушыларға ұсынылады. Бірінші шығарған оқушы жауабын пернетақта көмегімен енгізеді. Егер жауабы қате болса, қалған оқүшылардың жауап нүсқаларымен танысамыз. Қай оқушының жауабы дұрыс болса, сол оқушы тақтада шығару жолын жазып көрсетеді.



ЭО, Модуль «Тригонометриялық функциялар. Кері тригонометриялық функциялар. Тапсырмалар 1, 2, 4, 6»

V.Қорытындылау

Үйге тапсырма беру, оқушылардың жауаптарын бағалау.
: sites -> default -> files -> posled -> sko
sko -> Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың
sko -> Сабақ І. Модульге кіру. Лекция: Сақтардың тарихы, мекендеген орны. Тірек сызбасын түсіндіру
sko -> Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамымен таныстыру
sko -> Очерк жизни и творчества М. Ю. Лермонтова
sko -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді салыстыру Сабақтың мақсаты
sko -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ерте кездегі көшпелілер мәдениетінен түсінік беру
sko -> Сабақ тақырыбы: 5 санын қосу және азайту. Сабақтың мақсаты
sko -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
sko -> Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер Сабақтың мақсаты
sko -> Сабақтың тақырыбы: «Менің мектебім»




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет