Сабақтың тақырыбы: Күн құшағында. Аветик Исаакян. Аударған Әубәкір Нілібаев Сабақтың мақсаты



жүктеу 28.7 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі28.7 Kb.
түріСабақ
Күні: 4.03.2015ж

Класы: 4 «А»

Пән атауы: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Күн құшағында. Аветик Исаакян. Аударған Әубәкір Нілібаев Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Адамның ішкі жан дүниесі мен арман – тілегіне жетудегі жолда табиғаттың алатын

орны мен адам бойындағы табандылық қасиеттерінің арасындағы байланысты

ұғуға жол салу.

Дамытушылығы: Сын тұрғыда ойлау старатегияларын пайдалана отырып, өз бетімен шешім

қабылдай білу, қорытынды жасау, өз ойларын жүйелі жеткізе білу, тілдерін дамыта

түсу.

Тәрбиелігі: Топта, жұпта жұмыс жасау арқылы достық көмек, туған – туысқанға деген

бауырмашылдық сезімдерін ояту.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау.

Көрнекілігі: автор портреті. Күн бейнесі.

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).


ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы: Күн құшағында.

Қызығушылықты ояту. «Өзін – өзі тану» пәнінің элементтерін пайдалана отырып, жаңа сабақпен байланыс көпірін жасау. Шаттық шеңберінде тұрып, «ұйқыашар» өткізу.

Көк аспанда, Күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда Күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын!
І V. Мағынаны ашу.

Автор мен аудармашы туралы қысқаша мәлімет беру. Мәтінді оқу.

- Мәтін саған қандай әсер қалдырды? (Жұпта, жеке, топта шешімін ортаға салу. Сөздік жұмыс.

- Қалай ойлайсыңдар, мәтінді қандай дауыс ырғағымен оқыған дұрыс болады?

- Неліктен?

- Мәтіннің шарықтау шыңы неде болады?

- Оған не жетеледі?

- Табиғат – Ананың біз әрқашан перзенті болып қаламыз, ол бізді өз құшағына алып, қамқоршы болады. Сол қамқорлықты біз тек сезіне білуіміз керек. Оның қорғаушысы, сақшысы болып, болашақ ұрпаққа аманат етуіміз керек.

- Бала өз мақсатына жету жолында қандай табандылық көрсетті?
V. Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың, Теріп – теріп алайық,

Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық!
VІ. Ойтолғау.

«Т кестесі» бойынша дәптерлеріне жазып алу. «Әдеби үйірме» стратегиясы. «Кубизм» стратегиясы арқылы тапсырманы анықтап беру.

1 - топ. Сілтеме табушылар. (Мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған, оқиғаның ең қызықты жерін тауып оқиды).

2 - топ. Кейіпкерлерді сипаттаушы. (Әр кейіпкерді танып, сипаттайды).

3 топ. Ізденушілер. (Мәтінге қатысты қосымша ақпарат ұсынады).

4 – топ. Дәнекер топ. (Мәтіндегі оқиғаны қазіргі өмірмен байланысты).

5- топ. Сөз тапқыштар тобы. (Мәтінге сәйкес мақал - мәтел, нақыл сөздер табу).

6 – топ. Бейнелеуші, суреттеуші топ. (Кейіпкерлердің суреттерін, соларға қатысты іс – әрекетінің суретін салады).



Әр топ өз тапсырмаларын салған Күндерінің артына орындайды.
VІІ. Үй тапсырмасы: 148- 149 беттер аралығын оқып, мазмұндау. Сұрақтарға жауап беру, нақты дәлелдемелерді тіркеп, дәптерге жазып келу.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет