Сабақтың тақырыбы: Коучинг-сессия: «Оқыту үшін бағалау оқушылардың оқуға деген ынтасын қалай қалыптастырады»



жүктеу 77.93 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі77.93 Kb.
түріСабақ
Коучинг жоспары

Дайындаған: Тойшыбекова Дамеш Жаханқызы,

физика мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Коучинг-сессия: «Оқыту үшін бағалау оқушылардың оқуға деген ынтасын қалай қалыптастырады»

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық (104-109 бет)

Жалпы мақсаты:

Бағалаудың аспектілерімен және ерекшеліктерімен таныстыру. Оқыту үшін бағалаудың оқушының оқуға деген ынтасына әсерін, оқуға белсенді қатысуын анықтау. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

Оқу нәтижелері:

Коучинг –сессияның соңында мұғалімдер :

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау аспектілері бар екенін түсінеді.

  • Бағалауда критерийлерді пайдалану арқылы әділ бағалауға дағдыланады.

  • Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындайды.

  • Бағалаудың нәтижесінде әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын түсінеді.

  • Оқушылардың өз-өздерін бағалай алуын қамтамасыз ету және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі арқылы құрбы-құрдастарымен бірлескен жұмыс дағдылары қалыптастыруға бағыттайды.




Түйінді идеялар:

Оқушының оқуын дамыту мақсатында жүргізілетін және қолданылатын кез келген бағалау Оқыту үшін бағалау болып табылады. Оқыту үшін бағалау балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екндігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген. Мұғалімдермен және құрдастарымен жұмыс істей отырып, оқушылар өзінің оқуын бағалау үшін де, сондай-ақ құрдастарының оқуын бағалау үшін кері байланысты қолдана алады. Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Жаттығулар:


Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының бағдарламасы арқылы сабақтың құрылымын құру:

Топқа бөлу.



1.Қызығушылықты ояту.(10мин)

Ой шақыру стратегиясы

Көбелектің суретін салғызамын,

салып болғаннан кейін өздері өз жұмыстарын бағалайды. Топпен алмасып бірін бірі бағалайды. Неге олай бағаладыңдар?

Критерийлерін беру:

1. Дене мүшелерінің саны

2. Ұқсастығы

d:\новая папка (4)\коучинг\img_3982.jpg


d:\новая папка (4)\коучинг\img_3978.jpg


2. Мағынаны тану(25мин)

Оқыту үшін бағалау



«Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру» топтық жұмыс (постерге енгізіп қорғайды, келесі топ бағалау керек) Ортақ критерий анықтау керек.

  1. Қонақжайлылығы

  2. Кеңпейілділігі

  3. Дархандығы

  4. Жатсынбауы

  5. Территориясының үлкендігі

  6. Пайдалы қазбасы

  7. рәміздері


3. Ой толғаныс (10 мин)

Бір өзеннің жағасында Айша және Сабыр,ал өзеннің екінші жағасында Ахмет пенМұса.Тапсырманы ауызша айтамын әр кейіпкерге баға қояды.



Бағалауды 6 шляпа арқылы қорытындылау

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарын парақтарға жазып,үстелдін үстіне дайындап қоямын. Әр мұғалімнен келіп алады. Жұп сандар 1 топ,ал тақ сандар 2 топ болады.

1. -өзін-өзі және өзара бағалайды

2. -критерийі бойынша бағалайды

Бағалау критерийлері:

25 schmett23

І. Бас-1 ұпай;

Құрсақ-1ұпай

Құйрық -1 аяқ,

екі мұртша-2ұпай,

көзі болса -2 ұпай;

Қанаты-2ұпай;

Аяғы-1ұпай;

ІІ.Ұқсайды-3 ұпай:

Орташа-2ұпай

Ұқсамайды-1 ұпай

Жалпы ұпай саны: 16-15 ұпай- «5», 100%

12-11 ұпай – «4» , 68 %

8 -7 ұпай - «3» , 43%


d:\новая папка (4)\коучинг\img_3999.jpg


d:\новая папка (4)\коучинг\img_3956.jpg


d:\новая папка (4)\коучинг\img_3957.jpg


Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

Шағын топтарда берілген тапсырма бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді. Постерді жасап болғаннан кейін ортада пікірлерімен бөліседі және идеяларды қарастырады, оқытудың ынталандыру теориясына негізделген бағалаудың әділдігі туралы шешім қабылдайды.

Оқыту үшін бағалау жөніндегі нұсқаулық пен оқушы сипаттамасы жаттығуының нәтижелерін пайдалана отырып, ынталандыру саласындағы жекелеген мектеп проблемалары мен оқушыларды тарту тәсілдерін қарастырыңыздар.


Коучинг жоспары

Тойшыбекова Дамеш Жаханқызы, физика мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Коучинг-сессия: «Дарынды және талантты балалармен жұмысты қалай жақсартуға болады?»

«Шын дананы тануға болатын нағыз белгі-шыдамдылық» Г. Ибсен.

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық (50-57 беттер)

Жалпы мақсаты:

Дарынды және талантты оқушыларды анықтау – жаңа әдістердің бірі, жаңару заманында дарындылықты анықтау олармен жұмыс жасау жолдары, оқушының оқуға деген ынтасын анықтау.

Оқу нәтижелері:

Коучинг –сессияның соңында мұғалімдер: Оқушының қабілетін анықтау. Сол бағытқа байланысты тереңдетілген түрде тапсырмалар беру арқылы даму деңгейін, ой – өрісін одан әрі дамыту. Білім алудағы негізгі талаптарды жүзеге асыру. Бұл оқушылармен үнемі қосымша жұмыс жасау керектігін көрсетеді. Күрделі тапсырмалар, зерттеулер беру. Логикалық тапсырмаларды жиі ұсыну. Әр сабақта олардың ой-орістерінің өсуіне жағдай жасау. Оқуға деген белсенділіктерін дамыту, арттыру.

Түйінді идеялар:

Белгілі ағылшын психологы Г.Айзенк дарындылық туралы түбегейлі, тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдайды. Неміс ғалымы В.Штерн дарындылықтың түрлеріне анықтама берді. Ол жалпы дарындылық – интеллектіден өзгеше, индивидтің өз бойына жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындау саналы түрде бағыттай алатын қабілеті деп түсіндіреді.
«Дарындылық » термині «дарын» сөзінен шыққан, дамудың ерекше қолайлы ішкі алғы шартты дегенді білдіреді.
Педагогикалық энциклопедия мынандай анықтама берген:
«Дарындылық – іс - әрекеттің белгілі бір саласында ерекше бір жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адам қабілетті дамуының жоғарғы дәрежесі.»
Дарынды балалар қандай? деген сұраққа жауап іздейтін болсақ олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің арасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі.
Дарынды баланы қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.
Бірінші категория – ой-өріс қаблеті ерте жастан байқалған жастар.
Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрімен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория – дарындылық күш қажырмен ерекшеленетін оқушылар.
Ой-өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өз қатарластарын басып озады.

Жаттығулар:

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының бағдарламасы арқылы сабақтың құрылымын құру:

Топқа бөлу. (3мин)



Топ ережесін құрастыру.

d:\новая папка (4)\коучинг\img_4027.jpg

1.Қызығушылықты ояту.(10мин)

Ой шақыру стратегиясы


2. Мағынаны тану (25мин)

Ситуациядан шығу. Топтарға тапсырмалар беріледі.

Бірінші топқа: Жалқау оқушы, дарын иесі, талантты бала, мазасыз мұғалім, жанашыр ата –ана.

Екінші топқа: Аңқау фирма бастығы, кәсіби маман, жауапсыз кәсіпкер, еңбекқор жұмысшы, талапшыл тұтынушы.


Жеке-жұп-топ-орта(постерге еңгізіп қорғайды, рольдік қойылымдар арқылы және т. б. )
Сергіту сәті «Сурет салу» ойыны

(10 мин)



  1. Ой толғаныс (12мин)

Инклюзивті оқыту дегеніміз не?
5.Рефлексия (15 мин)

Коучинг қызықты өтті ме?

Коучинг неге ұнады?

Коучингтің жаңалығы не болды?

Коучинг қиын болды ма?

Осындай коучингке тағы да қатысқыңыз келе ме?



Атом, молекула түзеу, төрт қабырғалы үй иесін құру арқылы топ құру.



d:\новая папка (3)\img_4068.jpg

Ақ қағаз бетінде бір қара нүкте салып, нені көріп тұрмыз? деп сұрақ қоя отырып ой тастау. * * *

* * *

* * * нүктені төрт сызықты үзбей отырып, қосу керек. Тағы логикалық тапсырмалар беру.



d:\новая папка (3)\img_4025.jpg
d:\новая папка (4)\коучинг\img_4053.jpg
Топтан суретші біреу анықтап, қалғаны коуч көрсеткен суретті қолмен емес, тек сөйлей отырып салдыру керек. Суретшімен топ мүшелерінің арасы біршама алыс, қолары артында тұрады.
«Зал жылады» балет туралы видео көрсетіп,

ой қозғап, берілген көрініске ат қою.


Сұрақтарына жауап алып, мұғалімдерден алынған сауалнамаға диагностика жүргізу арқылы коучинг сабағының сәтті өткен кезеңдері және коучингтің сәтсіз өткен кезеңдері анықталды.


Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

Постерді жасап болғаннан кейін ортада пікірлерімен бөліседі және идеяларды қарастырады, оқытудың ынталандыру теориясына негізделген бағалаудың әділдігі туралы шешім қабылдайды.

Осындай тәсілдерден ортада өзін дұрыс ұстай алатын, ой – өрісі дамыған дарынды, талант иесін анықтайды. Өз ісіне сенімді, алға мақсат қоя алатын оқушы қалыптастыруға қалыптасады.




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет