Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Білімділік : бұрынғы өткен сабақтан алған



жүктеу 66.84 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі66.84 Kb.
түріСабақ
Мерзімі: 27.01.2016

Сыныбы: 5 «A»

Пән: қазақ тілі

Мұғалім: Темирбекова Гульмира Женисовна
Сабақтың тақырыбы:Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: бұрынғы өткен сабақтан алған

мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды

нақтылау, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте

берік қалдыру .

Дамытушылық: оқушылардың қазақ тілінен ойлау қабілетін

дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз

мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:білімді қорыту және жүйелеу


Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, тілдік талдау, жаттығу, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме парақша, интерактивті тақта, бағалау жетондары, тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын тексеру;

II. Үй тапсырмасын сұрау

1)200-жаттығу

2) Термин сөздер туралы түсінік;

III. Жаңа сабақ

«Шаттық шеңберін» жасау.

Шаттанамын мен де!

Шаттанасын сен де!

Шаттанамыз бәріміз!

Арайлап атқан күнге! Сәттілік!(Бәріміз айтамыз.)

І. Тест
1. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.



А. Синтаксис. В. Морфология С. Лексика

2. Тұрақты сөз тіркесін ажырат.

А. Ашық жер. В. Қоян жүрек. С. Хат жазу.

3. Мақал-мәтелді тап.

А. Бала шаба жөнелді. В. Білімді бол. С. Ақылды бала-арлы бала.

4. Антонимді ажырат.

А. Қызыл-ақ. В. Ақ-қара. С. Қызыл-көк.

5. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

А. Ел үмітін ер ақтар. В. Көк алманы алма. С. Қарақұс-жыртқыш құс.

6. Дұрыс жазылған сөз.

А. Жыуу В. Жуу С. Жуыу

7. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.

А. құмар болу. В. көшіру. С. іш пысу.

8. Неологизм сөзді белгіле.

А.Несие. В. Тақия. С. Процент

9. Көнерген сөзді тап

А. Саяжай. В. Найза. С. Қияр

10. Табу сөзді көрсет.

А. Шырайлым. В. Бауырмал. С. Қайратты.
Дұрыс жауаптары:

1-С 5-В 9-В

2-В 6-В 10-А

3-С 7-С

4-В 8-А

Бағалау нормасы:

«5»- 9,10

«4»- 8,7

«3»- 6,5

Қайталау – оқу анасы

І топ. 215-жаттығу
ІІ топ. 216-жаттығу
ІІІ топ. 217-жаттығу

Ізденген жетер мұратқа
І топ.Берілген омоним сөздерді қатыстырып сөйлемдер жазыңдар.

Жаз. Алма. Түс. Жақ.
ІІтоп: Берілген антонимдер бойынша мақал-мәтел айту.
Дұшпан – дос (Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады)

Жақсы – жаман (Жаман адам қауып айтады, жақсы адам тауып айтады)

Әдепті-әдепсіз (Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала)
ІІІ топ:Сөз тіркесініңқұрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.      

А) Терең ой, тереңқұдық;

Ә алтын сақина, алтын сөз;

Б)Қатты сөз, қатты құрт;

В) Жүйрік ат жүйрік сөз;
Ойын ойналады. Ойын шарты: мұғалім сөздерді оқыған кезде оқушылар әдепті сөз кездессе, «екі қолын қысып, қолдағандығы жөнінде ишарат білдіреді», әдепсіз сөз кездессе, «екі алақанымен екі бетін ұстап, ұялғандығы жөнінде ишарат білдіреді».

Бақиға аттанды,мылжың, сараң, аузы жеңіл,өлді, қолынан түк келмейді, қолының жымысқысы бар,ұрлықшы, құлағының мүкісі бар, ақсақ, қоспай айт, ақ саусақ, саңырау, қолды болдысөзуар


ІІІ. Білімдіден ақыл шығар.Жұппен жұмыс.

1.Мына мақал –мәтелдердің жалғасын тауып жазыңдар

1. Еңбек етсең ерінбей, ...........

2. Шебердің қолы ортақ,.............



3. Ұлдың ұяты – әкеге, ............
2. Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын анықтаңдар.

р/с

Тұрақты сөз тіркесі

Мағынасы

1

Түн ұйқысын төрт бөлу




2

Жүрек жалғау




3

Тепсе, темір үзеді




4

Көзді ашып жұмғанша




5

Қой аузынан шөп алмас




6

Қыздың жиған жүгіндей





Үзінділердегі асты сызылған сөздердің қандай сөздерге жататынын анықтаңдар.

Топпен жұмыс
1.топ.Найзалары саптаулы,
Дұшпанға атар жебесі,
Қорамсақпен қаптаулы

2.топ. Бір шәй ішім мұрсат болмады,
Нән балық та құтырып
Суға сыймай сандалды.

3.топ. Атам бір қайтты дұниеден,
Бес жасты жетім қалдырды.
Сөйлем  ішінен неологизмдерді табу.

1-топ:


1. Елбасы мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонды.

2. Қаламыздың Конституция даңғылы бойында Абай мен Пушкингеарналғанескерткішорнатылды.

3.Үстіміздегі жылы атам мен әжемнің зейнетақысы көбейді

Қорытындылау

Толықтыру тест
Берілген сөйлем, сөздерге көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою керек.


І топ. Қ...ғам да...уына о...ай ті...іміз...егі қол...аны..тан шы...қан сөз...ер кө...ерген сө...дер де... атала...ы.
ІІ топ.Ми...тік е...кі на...ым бо...ынша а...ын ту...а ай...уға ты...ым сал...нған сө...ер тіл білі...інде та...у деп атала...ы.
ІІІ. Топ.

Б...р ті....е сөй...ейтін адам....рдың бә....іне тү....нікті ор...ақ сө....ерді жал....лама ле....ика де....і.



Үй жұмысы:220 жаттығу

Бағалау.

.

Лексика тарауы бойынша тест сұрақтары



Ашық сабақ
Лексикадан өткенді қайталау

5 «А» сынып
Пән мұғалімі: Г.Ж.Темирбекова


2013-2014 оқу жылы
: AEBC3C42B77779DB
AEBC3C42B77779DB -> Бейнелеу өнері. Брейн-ринг мақсаты
AEBC3C42B77779DB -> Сабақтың тақырыбы: Етістер. Өздік етіс Мақсаты
AEBC3C42B77779DB -> «Тапқырлар тартысы» математикалық ойын сайысы Ұйымдастырушы
AEBC3C42B77779DB -> Сабақтың тақырыбы: Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік. Сабақтың мақсаты: Білімділік
AEBC3C42B77779DB -> Гимнастика жаттығулары” Тақырыбы: Тізерлеп тұрып таяну
AEBC3C42B77779DB -> Сабақтың өтілетін орыны : Спорт зал Сабақтың тақырыбы: Кермеде тартылу Сабақтың мақсаты
AEBC3C42B77779DB -> Сабақтың тақырыбы: Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ Мақсаты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет