Сабақтың тақырыбы: Мақал мәтелдер



жүктеу 18.96 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі18.96 Kb.
түріСабақ
Атырау қаласы, Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-
гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жанханова Гульвира Умбетовна


Қазақ әдебиеті 5 «ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер

Мақсаты: 1. Мақал - мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу,
ұғындыру
2. Сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында
мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
3. Өз халқының әдебиетін, мәдениетін дәріптеуге тәрбиелеу,
ұлттық сананы қалыптастыру, табиғатты сүюге, аялауға
тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, шығармашылық
Көрнекiлiгi: «Мақал - мәтелдер» кітабы, интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Наурыз туралы өлеңдер
2. Өлеңдерді жатқа айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.

Ой қозғау:
1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетінің түрлері?
Ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал - мәтелдер. Мақал - мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. Мақал - мәтелдер - халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал - мәтелдер - өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.«Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал - мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал - мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

ІV. Оқулықпен жұмыс
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
2. Еңбек түбі - берекет.
3. Нар тәуекел - ер ісі.
4. Ырыс алды - ынтымақ

V. Сөздік жұмысы
1. Зейнет - еңбек рақаты, жемісі, игілік
2. Елгезек - айтқанды екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық.
3. Мұрат - алға қойған мақсат, арман, тілек
4. Тәуекел - бір іске жалтақтамай батыл кіріскендік, белді бекем буғандық.
5 Батпан - қолақпандай, үп - үлкен.
6. Мысқал - болар - болмас, азғантай, кішкентай.
7. Шөміш - ожау.

«Сәйкестендіру» әдісі
Ердің атын еңбек шығарар. ( Оқу, білім, өнер туралы)
Өнер алды – қызыл тіл. ( Еңбек)
Нар тәуекел - ер ісі ( Отан, туған жер, халық туралы)
Көп түкірсе - көл (Достық, жолдастық туралы)
Жігітті - жолдасынан таны. (Ерлік, батырлық туралы)

VІ. Шығармашылық тапсырма
«Мақал – сөздің мәйегі» шағын шығарма.
VІІ. Бекіту
VІІІ. Үйге: Мақал - мәтелді жаттау
ІX. Бағалау.

: 2015
2015 -> Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық»
2015 -> Сабақтың тақырыбы: «Негізгі және туынды сын есім»
2015 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
2015 -> 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Атырау қаласы
2015 -> Абай және музыка Мақсаты
2015 -> Сабақ: «Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Шығармалар жинағы (оқу-әдістемелік құрал) Асимбетова Лиза Куанышовна Мустафина Алтынгул Агисовна
2015 -> Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет