Сабақтың тақырыбы: «Математикалық сайыс»



жүктеу 52.09 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі52.09 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Математикалық сайыс»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сайыс арқылы өмірге деген

көзқарасын қалыптастыру және өткен . материалды қайталау.
Тәрбиелік мақсаты: а) Оқушылардың викториналық сұрақтар және

қызықты есептер арқылы сабаққа деген

қызығушылығын ынтасын арттыру.

ә) Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа,

ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: а) Оқушылардың ой-өрісін, ойлау және ақыл-ой

қабілеттерін дамыту.

ә) Жаттуғылар және есептер орындаған кезде

жарыса отырып, жылдам есептеуге үйрету.
Сайыс көрнекілігі: Математикалық ұлағатты сөздер

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сәлемдесу, таныстыру.

  3. Логикалық есептер.

  4. Ән сайысы

  5. Жұмбақтарды шешу

  6. Ойын, Кім жылдам

  7. Би сайысы

  8. Мақал-мәтел сайысы

  9. Ойын

  10. Топ басшылар сайысы. (сөз жұмбақ шешу)

  11. Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі.


Қайырлы кеш, қадірлі көрермендер. Баршаңыз бүгінгі 6ª және 6 сыныптарының арасындағы өтетін «Математикалық сайысынақош келіпсіздер»!

Қай сабақ немесе кеш адам қатысынсыз өтпейді сондықтан біз бүгінге сабағымызды екі топ арасындағы сайы түрінде жүргізуді ұйғардық. Ендеше екі топты ортаға шақырамыз.

6ª -сыныбы-«Алғырлар»

6 -сыныбы-«Тапқырлар»

Ал енді ойынның шартымен таныстырып өтейін:

«Сәлемдесу» шарты бойынша «Алғырлар» және «Тапқырлар» топтарыөз сәлемдесулерін жеткізеді.

Сәлемдесу
«Алғырлар» тобы

Шақырып жарыстарға сан-салалы Алғырлар топ жарғалы жар салады. Ту етіп достық пенен татулықты Тапқырлар командасын қарсы алады.

Тапқырдар биіктерге қалықтасын!

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын!

Жеңіс туың желбіреп,алауласын,

Бәйгені бізден ешкім ала алмасын.
Әділқазыларға сәлем!

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем!

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Тапқырлар тобы:



Осындай алғыр достар кез-келгенде,

Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?

Қарсылас болғанменен құрбысындар,

Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
Құрметтеп алғыраларда ой саналы

Тапқырлар сәлем беріп, ән салады

Бүгінгі сайыстан достарына

Қашанда тапқыр бол деп ой салады.

Әділқазыларға сәлем !



Достықпенен бірлікті етіп тұлға

Жеңіске жеткен едік талай сында

Қара қылды қақ жарып, әділқазым.

Еңбегін «Тапқырының» әділ сына
Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жым отыру жараса ма?

Туыс досқа, кластас танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талапқа

Қолыңды бекерге бос соға берме.

Ойсыз соқыр сезімнің соныңа ерме

Зерделеп сұрақ-жауап санаңа түй!

Сонда ортақ боласың бар жеңіске
Логикалық есептер

Ендігі сайысымыздың шарты логикалық есептер, есептің жауабы толық және нақты болуы керек.

1. Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының бір-бірден қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар? (8)

2. 4 қайың қатар өсіп тұр. Әрбір қайында 4-4-тен үлкен бұтақ бар. Әр үлкен бұтақтың 4-4-тен кішкене бұтақ бар, әрбір кішкене бұтақта 4-4-тен алма бар. Барлық алма қанша? (қайында алма болмайды)

3. Отабасында 7 қыз және әр қыздың бір-бірден байыры бар. Барлығы қанша? (8)

4. Қаз бір аяғымен тұрса, салмағы 12 кг болады, екі аяғымен тұрса неше кг боалды? (бәрібір салмағы 12кг)

5. Мұрат пен Саяхаттың жастарының қосындысы 12-ге тең. Мұраттың жасы 5-те, Саяхат неше жаста? (Саяхат 7 жаста)

6. Сымда 12 торғай отыр еді. Оның біреуін атып алды. Сонда сымда неше торғай қалды? (Сымда торғай қалған жоқ. Ұшып кетті)

7. Астанадан Алматыға қарай ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты. Ал, Алматыдан

Астанаға қарай 90 минут ұшты. Не себепті? (бір-біріне тең)

8. Балғасы жоқ орақпын,

Бедел-бағым жор-ақ тым (5)

9. 1 тонна темір ауыр ма, жоқ 1 тонна мақта ауыр ма? (салмағы бірдей)

10. Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастасақ неше бұрыш

қалады? (5 бұрыш)

11. Бір торда үш қоян бар. Үш оқушы оларды бір-бірден бөліп алды. Снда торда әлі де, бір қоян қалып қойды. Бұл қалай? (3-ші оқушы қоянды торымен алған)

Сайра бұлбұл көмейден ән төгілсін,

Жырға бөле даланың әр төбесін

Бүгінгі математикалық сайысында

Көтерілді қазағымның мәртебесі
Ән сайысы:

1. Алғырлар тобы

2. Тапқырлар тобы

Жұмбақтар шешу



Ендігі сайысымыздың шарты жұмбақтарды шешу. Мен оқимын әр топ қол көтеріп жауап береді.

1. Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз

Бөлініп кейде қаламыз

Көбейіпте қаламыз (Цифрлар)

2. Оң жағында бес сарбаз

Сол жағында бес сарбаз

(он саусақ)

3. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында

( сызғыш)

4. Аяғы бар, белінде таяғы бар

(7)

5. Аяғын жерге тірей қалып

Шеңбер сызады шыр айналып

(циркуль)

6. Атасы қалғып, мүлгиді

Әкесі зорға жылжиды

Ағасы шабан, өзі жорға

Інісі жылдам, зымырап тұрған

(жыл, ай, күн, сағат)

7. Санау үшін ертеден адамды, малды, талды

Ертеден мұра болып қалды

Көбейтіп, бөліп, азайтып қосамыз

Күнделікті ол санды

(Натурал сан)

8. Алпыс төрт бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар

Ақ қара деп бөлгенде

Бірін-бірі қуғандар

Ханы үшін де жаны үшін де

Бермейді олар намысын

(шахмат)
Ойын. Кім жылдам ?
Мұнда 100-ден 300-ге дейін сандар жазылған. Осыны екі оқушы кезек-кезек тез санау тиіс.

Енді сайысымыздың шарты: Би сайысынна

Ал, халайық тұрмайық,

Ортамызды ашайық.

Думандатып би билеп,

Інжу маржан шашайық.

1. Алғырлар тобының бишілері:

2. Тапқырлар тобының бишілері:
Ендігі кезек Мақал-мәтелдер сайысы

1. Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады
2. Жүз тенгең болғанша

Жүз досың болсын
3. Отыз тістен шыққан сөз

Отыз түрлі руға тарайды.

4. Бесік баласы

Бес түлейді

5. Екі аяқтыда бөле тату

Төрт аяқтыда бота тату

6. Бір тал кессең

Он тал ек

Ойын:


Төрт амалға арналған ойын.

Қорытынды.


Осымен математикалық сайысымызды аяқтаймыз. Осы сайысқа байланысты ой пікірлеріңіз болса ортаға салыңыздар.
: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Тесты по казахской литературе для подготовки к ент 2013
lessons -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру, қайталау, бір жүйеге келтіру
lessons -> Сынып жетекшісі : Беркимбаева А. З тақырыбы : «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы». Мақсаты
lessons -> Мерекелік шара тақырыбы
lessons -> Сабақтың тақырыбы : Ғұндар жəне халықтардың ұлы қоныс аударуы, батысқа қарай аттануы, ғұндар Еуропада, Аттила
lessons -> Сабақтың тақырыбы
lessons -> Великий Шелковый путь важнейшая торговая трасса
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Тақырыбы: Аңдардың,үй жануарларының қысқы тіршілігі. Мақсаты: Сабақтың мақсаты: а білімдік
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Табу Сабақтың мақсаты: Білімділік




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет