Сабақтың тақырыбы: Мидың құрылысы мен қызметі



жүктеу 35.51 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі35.51 Kb.
түріСабақ
Сыныбы:8 сынып

Күні: 25.10.2014ж

Сағат саны: 1 сағат

Сабақтың тақырыбы: Мидың құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Ми діңінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру. Адам миының үш бөлімнен тұратындығын, олардың бір-бірінен құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін ажырата білу

2. Дамытушылық : адам миының осы аталған бөлімдерінің құрылысындағы арнайы ерекшеліктерді анықтауға, оқушыларды ойлауға, қосымша материалдармен жұмыс жасай білуге дағдыландыру

3. Тәрбиелік : Оқушыларды ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: Мидың макеті, плакаттар, кесте, мидың құрылысы жайындағы слайдтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Олардың оқулықтары мен құрал-жабдықтарын алдыртып, зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау: «Күн қайдан шығады» (сұрақ - жауап)

Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

Нейрон дегеніміз не, қызметі?

Жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді?

Жұлын дененің қай жерінде орналасқан?

Жұлынның рефлекстік қызметі?

Жұлын жүйкесі аралас дегенді қалай түсінесің?

Рефлекс ұғымының анықтамасы?

Нейррондар қанша топқа бөлінеді?

Рефлекстік доғаның бөлімдерін сызып, түсіндіріңдер?

Нейрондар қанша топқа бөлінеді?

Аксон дегеніміз не?

Жұлын зақымданса қандай қызметтері жойылып кетеді?

Жүлге деген не?

Жұлынның құрылысы қандай?
Кестемен жұмыс:

№1


№2 

№3

№4


№5

Жаңа сабақ ты меңгерту: Оқушылардың жылдам ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатымен сабақты жұмбақпен бастадым.

Көрмеген ешкім,

Дәмін татып.

Қара орман асты,

Ұйыған қатық. (ми)

Балалар бүгінгі сабағымыз «Мидың құрылысы, бөлімдері» . тақырыпты ашу үшін біз алдарымызға қойылған тапсырманы орындайық. Осы тапсырма арқылы біз өзіміздің тобымыздың атауын анықтаймыз. Сыныпты 5 топқа бөлеміз.


«Құрастыру » тапсырмасы

Алдырына ми бөлімдерінің атаулары шашылып жатыр. Оқушылар оны құрастырып тобының атауын анықтайды.

Олар: «сопақша ми», «артқы ми», «аралық ми», «ортаңғы ми», «үлкен ми сыңарлары».

Оқушылар алдарына топтың атаулары жазылып беріледі. Әр топқа «постер » таратылады. «Топтастыру стратегиясы» бойынша оқушылар алдарындағы постерді талдап, келесі топтарға түсіндіреді.

Мұғалім: тақырыпты пысықтап, толықтру . оқушылардың тақырыпты талдауынан бөлек мағлұмат беру:

Балалар жалпы мидың салмағы-1300-1400г болады. Адамның ақылды болуы мидың үлкендігіне не салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін өседі. Көріп тұрғандарыңыздаң адам миының салмағына қарағанда жануар миының салмағы әлде қайда көп. Бірақ оларда үлкен ми сыңары дамығандықтан оларда сөйлеу, ойлау қабілеттері жоқ.











Жаңа сабақты қорытындылау:

Оқушыларға «Биологиялық диктант» беріледі.



Сұрақтар

Жауаптар

  1. Артқы миға жататын мидың бөліктері

А. Мишық

  1. Құрылысы жұлынға ұқсас мидың бөлімі

Б. Мишық пен ми көпірі

  1. Сұр заты сыртында орналасқан, ақ заты ішінде болатын ми бөлімі

В. Сопақша ми

  1. Теріде пигменттің түзілуін реттейтін ми бөлімі

Г. аралық ми

  1. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан тұратын ми бөлімі

Д. Ортаңғы ми

  1. Ми мен жұлын жататын жүйке жүйесі

Е. Шеткі жүйке жүйесі

  1. Жүйкелер мен жүйке түйіндері жататын жүйке жүйесі

Ж. Орталық жүйке жүйесі

Жауабы: 1 – б; 2 – в; 3 – а; 4 – д; 5 – г; 6 – ж; 7 – е
Сөзжұмбақ :

Үйге тапсырма:



Тақырыпты оқып, түсінік айтуға дағдылану, кестемен жұмыс жүргізу.
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет