Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім Сабақтың мақсаты



жүктеу 45.28 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі45.28 Kb.
Пәні: қазақ тілі 3 «А» сынып

Мерзімі: 09.04.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік Оқушылардың сын есімнің негізгі және туынды түрі туралы білімдерін пысықтау.

  2. Дамытушылық Ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, жазу каллиграфияларын дамыту.

  3. Тәрбиелік Ана тілін құрметтеуге, табиғатты қорғауға, жауапкершілікке баулу.

Көрнекіліктер: слайд, үлестірмелер, суреттер, кесте, бағалау парағы, жұлдызшалар.

Сабақ типі: қайталау-сайыс сабағы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық

  • Сәлем саған, алтын күн!

Сәлем саған, Жер-ана,

Сәлем бердім баршаға,

Сәтті өтсін күніміз!

Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Алғырлар» және «Тапқырлар» тобы.

Топ басшысы сайланады.


  1. Үй жұмысын тексеру

-Оқулықтағы 75-беттегі 5-жаттығу.

Берілген сын есімдерді бірнеше зат есімдермен тіркестіріп жазу.



Терең, жұқа, әдемі, дәулетті, көрікті, уақ, аласа.

  1. Қайталау

-Сын есім тіралы ережені пысықтау. Сын есімнің сұрағына және түрлеріне тоқталу.

Сын есімнің түрлері

Мысалдар келтіру.
Сөздерді сөз құрамына талдату арқылы туынды сын есімнің зат есім мен етістіктен жасалатынына мән беріледі.

Төмендегідей кесте арқылы туынды сын есімдердің жасалу жолдарын көрсетуге болады.



Мысалдар (сын есім тудыратын жұрнақтар)

Сөз таптары

Төр-гі, көктем-гі, ақыл-сыз, ұйқы-шыл, қала-лық, тау-дай, үй-дей т.б.

Зат есімге жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сын есімдер.

Аш-ық, сын-ық, біл-гіш, жабыс-қыш, ерін-шек, мақтан-шақ, сүз-еген, жина-улы, бүрке-улі, желбіре-ңкі т.б.


Етістікке жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сын есімдер.

Негізгі және туынды сын есім туралы алған білімін анықтау мақсатында төмендегі үлгіде тапсырмалар беріледі.


1.Әр топ мысалдар келтіреді.


Түбірі зат есімнен болған туынды сын есімдер

Түбірі етістіктен болған туынды сын есімдер

Аспан

Күз


Қарағай

Үлгі


Тас

Тап

Біл


Жаз

Мақтан


Аш


Терме диктант.

Қысқы, атақты, жасыл, тоқсандық, сексен, жаңбыр, биік, еңселі, аласа, жүгірді, жаңа, ауыл.



  1. топ Туынды сын есімдерді теріп жаз.

  2. топ Негізгі сын есімдерді теріп жаз

  1. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Ауызша негізгі және туынды сын есімдерді анықтау.

2-жаттығу. Жазбаша дәптерге мақалдарды көшіріп, жазу, мағынасын түсіндіру. Туынды сын есімдерді сөз құрамына талдау.

Әр топ 1 мақалдан.



Адам – тастай берік, гүлдей нәзік.

Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ.

3-жаттығу. Жазбаша . тақтада әр топ кезектесіп жазады.

Бала... үй, қамыс... жер, ақыл... оқушы, пайда... жұмыс, жаңбыр... көктем.

Ауызша әр топ екі сөйлемнен құрастырады.



Сергіту сәті «Көңілді күн»

5. Топпен жұмыс.

  1. «Көршісін тап» дидактикалық ойыны.

Өнерпаз адам

Таңдаулы бала

Сөзшең сурет

Әуесқой шопан

Атақты әнші


  1. Мына сипат қай малға тән?




  1. Сүзеген...

  2. Тебеген...

  3. Ай мүйізді...

  4. Қалың шудалы...

  5. Сүтті...




  1. Көктем сөзіне сын есімнен тіркес жазу:

Көктем
4) Жұмбақ шешу, шешуіне дыбыстық талдау жасау:

1.Үй үстінде ұсақ тас.

2. Көк күшігім көкке қарап ұлиды.

5) Жасырынған буын




ғы




гі




қы




кі




тық




  1. Ойлан, тап!

3 е әрпі бар сын есім

3 а әрпі бар сын есім

3 т әрпі бар сын есім

Оңынан оқысаң да солынан оқысаң да сын есім болатын сөздер.



  1. А, Қ әріптерінен сын есімдер жазу




  1. Қорытынды

  2. Үйге тапсырма 4,5-жаттығу 76-77-беттер. Өлеңді көшіріп жазу, сын есімдердің астын сызу, жұмбақты жаттау.

  3. Бағалау топ басшысы бағалауы бойынша , белседіліктеріне байланыстьы бағаланады.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет