Сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарға көбейту және бөлу тәсілдері



жүктеу 25.85 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі25.85 Kb.
түріСабақ
Жилгельдина Хамида Абиловна
Ақтөбе қаласы

36 қазақ орта мектебінің



бастауыш класс мұғалімі
4-класс

Сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарға көбейту және бөлу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: нөлдермен аяқталатын сандарға көбейту және бөлуді түсіндіру..

1. Көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін үйрету.

2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

3. Ұқыптылыққа тәрбилелеу;

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық, актуализациялау

Көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі, ойға шабуыл

Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым саған үйiр болады,

Досың солар – табылатын қасыңнан.

Жан-жақты білім тексеру.

Тест сұрақтары


  1. Есепте: 25*(5*2)=?

а) 300 б) 500 в) 250

2.Дұрыс мәнін тап: 150:(3*2)=?

а) 25 б) 50 в) 20

3.Амалдарды орында: 200:5+20*3=?

а) 150 б) 100 в) 40

4. Теңдеудің шешімін тап: 20*х+300=400

а) 5 б) 10 в) 6

5. Өрнектің мәнін тап: 85*100:10-50

а) 850 б) 900 в) 800

Тест жауаптары: 1. в 2. а 3. б 4. а 5. в

Жаңа сабақ.

№1.Жазуларды пайдаланып шығару жолын түсіндіру.



Ондықтарға ауызша көбейтуді түсіндіру.

70*90= 7онд *( 9*10)=(7онд *9) *10=63 онд*10=630 онд=6300.



Ондықтарға ауызша бөлуді түсіндіру..

6300:90= 63жүзд.: ( 9 *10) =(63 жүзд.:9):10=7жүзд.:10=700:10=70 (8-9 слайд)

№2. Түсіндіре отырып орындау.

Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту кезінде ,нөлдерді есепке алмай,алдымен көбейтуді орындайды,содан кейін жауабына екі көбейткіште неше нөл болса, сонша нөлді жазады.

80*60=4800 900 *40 =36000

60 *80 =4800 40 *900 =36000

Бұл – нөлдерді алып тастау тәсілі деп аталады.

4800: 60=80 36000:40=900

4800:80=60 36000:900=40 (10-слайд)


Нөлдермен аяқталатын сандарды нөлдермен аяқталатын сандарға бөлу кезінде алдымен бөлінгіш пен бөлгіштегі нөлдерді теңдей алып тастап, содан соң бөлуді орындау тиімді.

№3.


а)25 *16 =25* ( 4*4) =( 25*4) *4=100*4=400

ә) 400:16=400: ( 4*4) =( 400;4) ;4=100:4=25

б)400:25=400:(5*5) =400:5:5=80:5=16 (11-слайд)

№4. Жазуды жалғастыра отырып , мысалды шығар.

25 *24=25*( 4 *6)=(25*4)*6=100*6=600

600:24=600:(6*4) =( 600:6):4 =100:4=25

600:25=600:( 5*5)=(600;5) ;5=120:5=24 (12-слайд)
Логикалық тапсырма: Домбыра есебі

Жалпы домбыраның ұзыңдығы 100 см, ал домбыраның шанағының ұзындығы 32 см. Бұл домбыраның басының ұзындығы 8 см. Онда домбыраның мойынының ұзындығы неше см болады?



(14-слайд)

№6 Есепті оқу, талдау, шығару.

Барлығы – 90 кг

1-бала -7 себет -? Кг

2-бала – 8 себет -? Кг

Шешуі.


7+8 =15

90:15= 6 ( 1-себетте 6 кг)

7*6=42 ( 1-ші бала 42 кг жинаған)

8*6=48 ( 2-ші бала 48 кг жинаған)

Жауабы. 1-ші бала 42 кг қияр, 2-ші бала 48 кг қияр жинаған) (15-слайд)
№8 Теңдеу құр және оны шеш.

а) Х*70=900-200 ә) Х:700= 15*4 б) 700:Х =630:9

Х*70= 700 Х:700=60 700:Х=70

Х=700:70 Х=700*60 Х=700:70

Х=10 Х= 42000 Х=10

10*70=900-200 42000:700=15*4 700:10=630:9

700=700 60=60 70=70 (16-слайд)
№9 Салыстыр:

18*40 ? 18*4*10 36*5*10 ? 36*15



72*14 ? 72*10*4 28*21 ? 28*37 (17-слайд)
Сабақты қорытындылау

Бағалау.

Үйге тапсырма: №5,7 есеп, 124-125 - бет.
: 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Эссе Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаға байланысты көзқарасым Жазған
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> 1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет