Сабақтың тақырыбы Өмірлік құндылықтар Сабақ негізделген оқу мақсаты мақсаттары



бет1/3
Дата14.11.2019
өлшемі306.52 Kb.
түріСабақ
  1   2   3

Бекітемін:

Мектеп: «№220 орта мектебі» КММ

Күні:15.10.2019ж

Оқытушының аты-жөні:Енсепова Таабике

СЫНЫП: 8 В



Қатысқандар саны:


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Өмірлік құндылықтар

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары

Т/А. 8.1.2.1 - әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;

ӘТН. 8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;



Сабақтың мақсаттары

Өмірде адам өзі байқамайтын құндылықтарды бағалау. Таңдау қабілетін, өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту, пікірін анықтау және негіздеп айта білу.

Күтілетін нәтже

Барлық оқушылар:

Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдаррын кеңейту.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтіннің диалог және монолог түрінде болатындығын түсінеді, екеуінің айырмашылығын ұғынады, сөйлеушінің сөзін тыңдап, оған жауап беруге дағдыланады



Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.



Бағалау критерийі

сөз қорын байыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін жүзеге асырады;
- қазақша сауатты жазуға үйрету және грамматикалық тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың академиялық сауаттылығын жүзеге асырады;
- қазақша тілек білдіруге үйренеді,

Алдыңғы білім

7-сыныптың бастапқы бөлігінде дамытылған тілдік түсінік пен дағдыларға сүйенеді.

Тілдік мақсаттар

Лексикалық минимум: лайық, тартымды, сенімді, қағида, таңдау, қанағатшылдық, сезінесіз, күту, қадағалау.

Құндылықтарды

дарыту

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;

  • топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;

  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

  • топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағыеңбек және шығармашылық;

Пәнаралық байланыс

Өнер,әдебиет

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында азық-түлік дүкеніне саяхат жасатады.

Оқушыларға хабарлама жасап, сұрақтар қояды:



Қызығушылықты ояту

Суреттер арқылы сабақтың тақырыбы болжанады.

Мақсаттар туралы айтылады.

Күтілетін нәтижелер белгіленеді.

Оқушылар суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлінеді.






Сабақтың ортасы

30 минут


Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадантақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалым мен оқылымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді

Мәтінді оқып талдайды

Мәтіні: Көздерінізді жұмыңыздар, өздеріңізді орманда жүрмін деп елестетіңдер, жапырақ исін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар....... Қыдырып жүріп үңгірге жақындаңдар, қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезініп көрініздер....... Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап..........Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс......... Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш, өзіңе ыңғайлы оорынға отырып тыныштықпен үйлесімге кел............ Бүкіл айнала сіздің денеңізді бастан аяқ толтырсын........ «ия» деген сөз барлық әсерге енсін, осы сөзбен сіздің жаман көңіл – күйіңіз кетсін. Ия, менің тамаша бүгінім мен ертеңім!!!!! Ішінізден күлкіні сезініңіз. Өз өткеніңізге, бүгінгі күніңізге,ертеңгі күніңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылған раушан гүлі сияқты. Ол сіздің ішіңізде ашылып, бүкіл денеңізге хош иіс таратады. Өзіңізге айтыңыз « мен бақытты , сабырлы болғым келеді...... Мен бақытты адамын.» ...... Орманың әсемдігіне бір көз жүгіртіп , біздің кобинетімізге оралыңыз. Көздеріңізді жайлап ашыныздар.

Кері байланыс:

Өздеріңізді қалай сезінесіздер?

Көңіл –күйлеріңіз қалай?

Елестете алдыңыздар ма?

Қаңдай әсер алдыңыздар?


http://massaget.kz/kyizdarga/sn/21674/





3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.

А) Айтылым.

Оқулықтағы 1, 2-тапсырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.


« Ойлан.Бөліс.Жарияла!» әдісі бойынша топтық тапсырмалар

Тапсырмаларды ұсыну:

І топ: «Рахмет анашым»

ІІ топ: «Бәйтерек»

ІІІ топ: Атақты ғашықтық жұптар» постер

Дескрипторлары:

1. Тақырыпқа қатысты берілген сөздерді қолданалды;

2. Мәтіндегі ақпаратты пайдаланады;

3. Сөздерді дұрыс пайдалануды талап етеді.



Бағалау

«Галереяға саяхат» әдісі арқылы (топтың ішінен бір оқушы өз жұмысын басқаларға таныстыру үшін қалады, қалған оқушылар басқа топтардың жұмыстарын тыңдап, кері байланыс береді) жүреді.

Қорытынды.

Оқушылар «Уақыт-баға жетпес құндылық» тақырыбына 5-минуттық эссе жазып, «Ыстық орындық» әдісі негізінде оқушылар өз ойларымен таныстырады

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісімен баалау




Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия

«Аяқталмаған  сөйлемдер» әдісі арқылы оқушылар сабақтағы іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды.

Мен бүгін білдім... .

Менің бүгін қолымнан келді... .

Мен келесі сабақта білгім келеді... .

Үйге тапсырма: «Мен үшін құндылық деген ...»сөйлемді жалғастырады








Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында мектеп құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет