Сабақтың тақырыбы: Сал Біржанның



Дата30.06.2016
өлшемі16.2 Kb.
түріСабақ
Алматы облысы,Панфилов ауданы ,Қожбанбет би атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі Абидоллаева Мерует Әшімқызы

Сабақтың тақырыбы: Сал Біржанның «Теміртасы».

Сабақтың мақсаты: Сал Біржанның шығармаларын терең түсініп тыңдап ,талдау жасау, есте

сақтау


Сабақтың міндеті: 1)Музыканың сипатын ажырата білуге үйрету; 2) Есте сақтау ,әнді тану қабілетін дамыту ; 3)Эстетикалық тәрбие беру ,дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: Жаңа

Сабақтың әдісі : Түсіндіру ,ән үйрету .

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі 2)Үй тапсырмасын тексеру (Өткен сабақтағы «Мейірбан ұстаздар» әнін хормен айту ) ;3)Жаңа сабақ

--Ақын жыршылар ,әнші күйшілер қазақ тарихының әр кезеңінде өмір сүрген .Олар халқының шын жанашыры ,нағыз жоқтаушысы болған .Тілге шешен ,сөзге тапқыр ,әншілігімен атағы жайылған Біржан салдың «Теміртас» әні –тарихта қалған шығармаларының бірі.

Сабақты «Теміртас» әнін тыңдаудан бастау ,оқушының назарын әннің мазмұны мен әуеніне аударып ,көңіл бөле отыруды тапсыру .

Музыка тыңдау :Біржан салдың әні «Теміртас».Ән мазмұнын аша түсу үшін оқулықтағы сұрақтарға жауап беру .

Оқулықпен жұмыс.(Мәтінді оқып түсіну).

Ән үйрену : Ә.Еспаевтің әні «Бақытты балалық шақ». Әбілахат Еспаев – дарынды композитор. Ә.Еспаев негізінен вокалдық музыка жанрында (ән ,романс,хор,баллада) еңбек етті .Ең алғашқы туындысы –«туған ел » әні .Оның халыққа кең тарап,үлкен сүйіспеншілікке бөленген «Ақ сәуле », «Ұстазым», «Сағыныш екен бала кез », «Қайдасыңдар ,достарым », «Маржан қыз » , «Шофер әні », «Одағым -бақыт ордасы », «Әлі есімде » т.б әндері бар. Екі әннің мазмұнын,екпін, сипатын салыстыра келе ,екі басқа екенін анық көрсете отырып , балалық шақтың балдәурені суретін салу .

Домбыра үйрену : «Келіншек» күйінің келесі буынын үйренуді жалғастыру .

Шығармашылық жұмыс: Мақал жарыс (Өнер туралы )

1).Өнерді үйрен де, жирен .2).Өнер білсең –өлмейсің .3) Өнерлінің өзегі талмас.4)Өнерлі бала –сүйкімді.



Үйге тапсырма : «Бақытты балалық шақ» әнін жаттап келу және «Менің бақытты отбасым» атты шығарма жазып келу .

Сабақты қорыту : Біржан салдың Теміртасынан не түсіндің ? Сал-сері деген сөзді қалай түсінесің

Оқушыларды бағалау .
Каталог: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет