Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы. Сабақтың мақсаты



жүктеу 57.2 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі57.2 Kb.
түріСабақ
Жетпісова Райхан Жәнібекқызы

ІІ санатты мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды ұлы ақынның бейнесін, өмірі мен еңбе-

гін қадірлеуге тәрбиелеу. Қазақ елінің тарихын, мә -

дениетін құрметтеуге баулу.

Дамытушылық : тақырып бойынша білімдерін пысықтау және

тереңдету. Оқушылардың дүние танымын кеңейту,

өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік : оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілет-

терін дамыту.


Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрімнің портреті, шығармалары.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, іздендіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа сабақ.

1. Ақынның балалық шағын әңгімелеп беру.

Мұғалім : - Біздің бүгінгі тақырыбымыз – Шәкәрәм Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы (бұрыңғы Семей облысы) Абай ауданында дүниеге келген. Абайдың немере інісі, Құнанбайдың үлкен бәйбишесі Күнкеден туған Құдайбердінің ұлы. Құдайберді – Құнанбайдың баласы, Абайдың ағасы.

Шәкәрімнің ерекше ақылдылығы, басқа балалардан өзгешелігі 4-5 жасынан-ақ байқалады.Әкесі оны бес жасында өз ауылындағы молдаға арабша оқуға береді. Аса зеректік танытқан ол көп кешікпей арабша, парсыша хат танып, кітап оқуға жарайды. Өйткені Құнанбай ауылында араб, парсы тіліне жүйрік, шығыс әдебиетін жақсы білетін адамдар болған. Сондай-ақ атасы Құнанбай жылда қант-шай, өрік-мейіз, мата әкелуге Ташкент қаласына керуен жібергенде, араб, түрік, парсы,шағатай тілдерінде шығатын әдеби кітаптар мен лұғаттар алдырып отырған. Семейден де орыс, қазақ кітаптарын, газет журналдар алдырып тұрған.


2. Өмірбаяны бойынша кластер жасау
3. Жаңа сөздермен танысу, оларды сөздік дәптерлеріне көшіру.

Пірі- святыня Аманат- наказ

Лұғат – словарь Абақ- тюрьма

Кенже –младший Саятшылық – охота

Кірсіз ақыл – чистый разум Мінсіз сөз – безупречная речь

Күрделі ой – философская мысль Күндестік – зависливость

Алып – титан Белесі – вершина
Осы сөздерді пайдаланып берілген сұрақтарға өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.

4. Пікірталас




  • Шәкәрім қандай ортада өсіп тәрбие алды?

  • Оның қамқоршысы кім болған?

  • Жасынан бастап қандай тілдерді меңгерген?

  • Шәкәрімнің әкесі қайтқанда, бала неше жасында қалған?

  • Шәкәрім кімнің қолында тәрбиеленеді?

  • Шәкәрім өзінің алдында қандай мақсат қояды?

  • Шәкәрім қай жастан бастап өлең шығара бастайды?

  • Шәкәрімнің тағы қандай шеберлігі болған?

  • Шәкәрімнің ақын болып қалыптасуына Абайдың тигізген әсері қандай?

5. Қорытынды.

Шәкәрімнің «Жастарға» деген, бірінші жазған өлеңімен танысу.

- Шәкәрім жастарға қандай азаматтық істер, жауапты міндеттер

жүктейді?


  • Адам бақытының негізін ақын қандай үш нәрсеге тірейді?

  • Ақын пікірлеріне қосыласындар ма? Неге?

  • Ақынның қандай аудармаларын білесіңдер?

6. Үйге тапсырма.

1) Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяның білуге.

2) Оның жазған шығармалары қандай?

3) 1 оқушыға «Шәкәрім Құдайбердіұлы» атты баяндама жазу.

4) Шәкәрім өлеңдерін жаттау.


7. Бағалау.

Жетпісова Райхан Жәнібекқызы

ІІ санатты мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім – Абайдың шәкірті
Сабақтың мақсаты:

Білімділік : оқушыларды қазақтың ақын-жазушыларының шығар-

машылық жолымен жан-жақты таныстыра отырып,

Ұлы адамдардың өмірінен, олардың шығармалары-

нан үлгі-өнеге алуына, сөйлеу тілін дамытуға сөздік

қорын молайтуға ықпал ету.

Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиетте-

рін қалыптастыру, ой-өрістерін, логикалық ойлау

қабілетін дамыту.

Тәрбиелік : Абай мен Шәкәрімнің өлеңдерін пайдалана отырып,

жатқа айтқызып, әдептілік, адамгершілікке тәрбие-

леу.


Сабақтың көрнекіліктері: ақын-жазушылардың портреттері, тірек

схема, ақын-жазушылардың шығармаларынан үзін-

ділер жазылған плакаттар.

Сабақтың түрі: қорытынды, интеграцияланған сабақ.


Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу


Сабақтың мақсатымен таныстыру

2. Кіріспе сөз.

- Балалар ,біз бүгінгі сабағымызда атақты ақындар туралы сөйлесеміз, олардың шығармаларын жатқа айтып,Шәкәрімнің ақын болып қалыптасуына Абайдың тигізген әсері қандай екенін білеміз.

Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын, тамаша шығармаларын және жалынды жырларының бетіне, әрбір жолына маржандай төгілдірді. Бұл жырлардан сондай ыстық, соншама жақын леп естіледі. Ол леп өткен заманның тынысы болса да, бізге сондай түсінікті. Бұл Абай лебі, Абай тынысы біздің үнімізге қосылып жаңа өріс алып тұр.

Өзгеге көңілім тоярсың Жыласын, көзден жас ақсын

өлеңді қайтіп қояпсың? Омырауым боялсын.

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.

Сайра да, зарла қызыл тіл

Қара көңілім оянсын.


- Шәкәрім!

Абайдың ерекше туған інісінің аты. Шәкәрім еді.Абайдан соң ең танымал есім. Абайдан соңғы ең көрнеті тұлға.

/ Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы айтуы/
-Гауһардай көзі. Жаудырап көзі

Бұлбұлдай сөзі Тамшылап сөзі,

Жаннан асқан бір пері Жібектей шашын тараса,

Жүзі бар айдай, Қалмайды халің

Мінезі майдай Шығады жаның

Өзгеден артық сол жері Қиғаштай көзбен қараса


- Дариядай ақыл мол еді, Бұл дүниеде қыз қызық

Жан ғашығым сол еді. Боз балада ой бұзық

Ұжмақтың хоры, Сынатпай толқып,

Іздедім соны Түлкідей жортып

Тал бойының кірі жоқ, Кетеді көңіл әр жаққа.

Қыз осындай болар ма,

Оны сөккен оңар ма!

Сұрақ : - Бұ өлең не туралы айтылады? Не түсіндіріндер?

- Бұл өлең махаббат туралы. Қыздың әдемілігін, жастығын. Жігіттің қыз туралы ойларын және оның таза сезімін суреттейді.
-Ғашықтың тілі-тілсіз тіл, Өз тілге едік ондайлы,

Көзбен көр де, ішпен біл. Қарыпсыз біліп сондайлы,

Сүйісер жастар қате етпес Біліп-ақ ұғып қоюшы ек,

Мейілің илан, мейілің күл. Енді ішіме қонбайды.




  • Бұл өлеңде ғашықтар бірін-бірі сөзсіз түсінетіндігі туралы айтылған.

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жиырма үш жасымда»


Жібектей қап-қара

Таралған шашың бар.

Жаралған басың бар.

Қардай аппақ әжімсіз маңдайың кең

Қынаптан суырған қанжардай қасың бар

Кірпігің тізіліп,

Миыма қадалар,

Нұр көзің сүзіліп, ойыма от салар

Сиқыр жүзің ақылды байлап алып,

Тор шашың шырмалап, басымды ноқталар.

Күн батып жоғалды Нұрыңнан ұялып

Жеті қарақшы айналып сені іздеп жүр,

Бәрі де сені ойлап, мас болып сандалып.
Сұрақ : -Осы тамаша өлең туралы кім әңгімелеп береді?


  • Бұл өлеңде Шәкәрімнің махаббаты туралы жазылған, жас қыздың сұлулығы, жібектей мінезі суреттеледі.Арудың сұлулығына ай мен жұлдыздар таң қалады.

-Шәкәрімнің эпикалық жанрында жазған көлемді шығармаларының бірі – «Еңлік – Кебек» дастаны. Ұлы Абай кезінде жастарға қамқорлық жасап, өзінің жолын қуған шәкірттерін айналасына жинап, үнемі бағыт-бағдар беріп, тақырыптар ұсынып отырған.Абайдың баласы Мағауия да «Еңлік- Кебек» дастанын жазған.Абай өзінің шәкірттерінің талантын, жазу шеберлігін, ой-өрісінсалыстыра отырып бағалағанын байқаймыз. 18 ғасырдың 80 жылдары шамасында Шыңғыстауда өткен оқиға Шәкәрім поэмасына негіз болған.


-Сонымен ,балалар Ш. Құдайбердіұлы қалдырған мол мұраның идеялық мазмұн байлығы, тақырыптық ауқымы, жанр молдығы, көркемдік әсерлігі жағынан өзіндік орны бар туындылар. Бұлардың қай-қайсысы болмасын, қазақ әдебиетінің тарихына қосылған үлкен қазына. Шәкәрім мұрасы әлі де зерттеліп, қыры мен сыры ашыла түсетіні сөзсіз.



©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет