Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы Сабақтың мақсаты



жүктеу 57.71 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі57.71 Kb.
түріСабақ
Күні: 03.03.2014ж Сыныбы: 9 «а»

Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі және арзан су энергиясына бай, полиметалл кені негізінде дамыған, түсті металлургия салалары, халқы туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту;
Тәрбиелік:
• Отанын сүюге, еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
• Өзіндік – сана сезім, ақыл – ой парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
• Білімді, шығармашыл, қабілетті оқушыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Білім мен іс - әрекет әдістерін жетілдіру барысындағы аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Оқушылардың таным белсенділігін арттыру әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы, слайдтар, видео, плакаттар, оқулық.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау
III.
Мақсат қою
IV. Жаңа білімді меңгерту
V. Сергіту сәті
VI. Жаңа білімді бекіту
VII. Сабақты қорытындылау
VIII. Үйге тапсырма
IX. Бағалау
X. Рефлексия


I. Ұйымдастыру кезеңі
. Сәлеметсіздер ме оқушылар. Бүгінгі сабақта кім жоқ екенін белгілеп, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. 
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын....
II. Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. Өткен сабақтарда сіздер Орталық Қазақстан экономикалық ауданымен таныс болдыңыздар. Толығырақ айтатын болсақ, оның экономикалық - географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы, шаруашылық географиясы, ауыл шаруашылығы мен көлік кешендерімен. Енді сол өткен тақырыпты қорытындылау үшін бірнеше тапсырмаларды орындап жіберейік.Оқушыларды 3 топқа бөліп, әр қайсы топқа сұрақтар береміз.

1-топқа:


1. Орталық Қазақстан облысының орталығы?

  • 2. Орталық Қазақстан республикамызда халқаның саны жөнінен нешінші орын алатын экономикалық аудан?

  • 3.Қарағанды облысы қай жылы құрылған?

  • 4. Орталық Қазақстан экономикалық аудан шаруашылығының маманданған салаларын ата?

  • 5.Ауыр машина жасау зауыты орналасқан қала?

  • 6.Химия өнеркәсібі шоғырланған қалаларды ата?

  • 7.Орталық Қазақстанда көліктің қай түрі жақсы дамыған?(Теміржол)

2-топқа:

1.Орталық Қазақстан экономикалық ауданның құрамына неше облыс кіреді?

  • 2. Орталық Қазақстан республикамызда жер көлемі жөнінен нешінші орын алатын экономикалық аудан?

  • 3. Орталық Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жетекші саласы.

  • 4. Орталық Қазақстан облысы қай жылы құрылған?

  • 5. Көмір кеніне бай облыс?

  • 6.Орталық Қазақстан экономикалық ауданы қандай пайдалы қазбаларға бай?

  • 7.Ауданда көліктің қандай түрлері бар?

3- топқа:

  • 1. Орталық Қазақстанның қай қаласында мыс өңдеу зауыты бар?(Павлодар).

  • 2.Орталық Қазақстанда өнеркәсіптің қандай салалары дамыған?

  • 3. Ірі мыс зауыты қайда орналасқан?

  • 4.Тау-кен өндіріс орындары орналасқан?

  • 5. Теміртаудағы толық циклді қара металлургия комбинаты ?

  • 6.Қарағанды облысы асбест қоры жөнінен республикамызда нешінші орында?

  • 7. Орталық Қазақстанның жер көлемі?


III. Мақсат қою. «Қасқыр – Табиғат – Адам» тақырыбына сай «Көксерек» көркем фильмінен үзінді көрсетіліп, Шығыс Қазақстан өңірінің табиғаты мен тарихи тұлғалары туралы ой қозғау.
IV. Жаңа білімді меңгерту.


  1. Экономикалық – географиялық жағдайы Шығыс Қазақстан - республикамыздағы экономикалық аудандар арасында аумағы жағынан ең кішісі. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында, Алтай тауы мен Сарыарқаның шығыс бөлігін алып жатыр. Ресей және Қытай мемлекеттерімен шекаралас. Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі тек республиканың оңтүстік аудандарына ғана жол беріп, ал жер қойнауы байлығы жөнінен Ресейдің Орал ауданымен қатар тұр.

    2. Табиғат ресурстары. Шығыс Қазақстанның аумағында басын мәңгі қар мен мұз басқан Алтай, Сауыр - Тарбағатай биік таулары, орташа биіктіктегі Қалба тауы, ұсақ төбелі жазықтықтар, тау аралық кең алқапты алып жатқан қазаншұңқырлар, сонымен бірге өзен аңғарларындағы жазықтар кездеседі.

    3. Табиғи ресурстары. Шығыс Қазақстан табиғи ресурстарының молдығы жөнінен елімізде алдыңғы орында. Мұнда полиметалл кені XVIII ғасырдан бері өндірілуде. Полиметалдың негізгі құрамы – қорғасын, мырыш және мыс. Аудан аумағында жалпы мемлекеттік қорғасын қорының 26, 1 %, мырыштың 45, 8 %, мыстың 47, 9 %, алтынның 52, 2 %, титанның 37, 1 %, тантал кенінің 59 % шоғырланған.
    Су энергетикалық ресурсы республикадағы су қорының 50 % осы ауданның үлесіне тиеді.

    Ірі бөгендері: Бұқтырма, Өскемен


    Ірі өзендері: Ертіс, Бұқтырма, Үлбі, Шар, Нарын
    Ірі көлдері: Зайсан, Сасықкөл, Марқакөл, Алакөл, Күршім.

    4. Халқы. Шығыс Қазақстан халқының саны жөнінен Орталық Қазақстаннан кейінгі орында. Халқының орташа тығыздығы 1 км ² жерге 6 адамнан келеді. Ауданда 9 қала, 24 қала типтес елді мекен бар. Қалалық елді мекендердің қалыптасуы пайдалы қазбалар өндіру, кен байыту комбинаттары мен металлургия кәсіпорындарының орналасуымен байланысты.


    V. Сергіту сәті


Географиялық викторина «Ромашка ойыны ».

Тақтаға қағаздан қиып жазылған « Ромашка » ілінеді.


Жапырақтары жасыл түске боялып, рет сандары қойылады да арғы беттеріне сұрақтар жазылады. Содан кейін командалар кезекпен ойынға шақырылады. Ойынға шақырылған команданың мүшесі саны бар жапырақтың біреуін жұлады да, сұрағын дауыстап оқып сол бойда жауап береді, жауап бере алмаса капитан- команда-қарсы команданың капитан-командасы жауап береді.

1. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына қандай облыс кіреді?


2. Шығыс Қазақстан климатының қандай ерекшеліктері бар?
3. Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығының маңызды саласы?
4.Шығыс Қазақстандағы ең ірі қала?
5. Шығыс Қазақстан шаруашылығының маманданған салалары?
6. Ресбубликамызда Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы жер көлемі бойынша нешінші орында?
7. Шығыс Қазақстанда қандай радиоактивті бұлақ бар?
8.Шығыс Қазақстанның қажетін қамтамасыз ететін қандай көмір кен орны бар?
9.Алтай тауының бір бөлігінің Кенді Алтай деп аталу себебі неде?
10. Шығыс Қазақстанның халқының саны?

VI. Жаңа білімді бекіту

Атласпен жұмыс
1 - тапсырма. Пайдалы қазбалар мен кен орындарының арасындағы байланысты ұштастырындар
Бақыршық --------- көмір
Риддер ------------ полиметалдар
Қаражыра -------- алтын

2 – тапсырма. Кестені толтыр:



Р/с

Пайдалы қазбаның аты

Кен орындары

Шартты белгісі

Химиялық белгісі

1

Мыс

Николаевск




СU

2

Көмір

Қаражыра




-

3

Титан

Сәтбаев




-

4

Полиметалл

Зырян, Риддер




-

5

Никель кені

Жалғызтөбе




-


VII. Сабақты қорытындылау.
Оқушыларға түсіндірілген тақырып бойынша түйгендерін топтастыру әдісі арқылы қорытынды жасату.
Шығыс Қазақстанның ерекшеліктерін топтастыр
VIII. Үйге тапсырма.
- § 22 оқу
- Ауданның табиғат жағдайының ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер
- Кескін картамен жұмысты аяқтау

IX. Бағалау

Бағалау ережесі:


Жинаған ұпай саны бағасы
Барлық ұпай саны 14
9 - 14 «5»
5 - 9 «4»
X. Рефлексия

«Қайта байланыс» жаттығуы 
Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып сабақтың өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: 
Ең қызықты болған...
Менің ойымша...
Маған ұнағаны...
Менің білгім келетіні ...
: ld
ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет