Сабақтың тақырыбы: Щщ дыбысы мен әрпі 1-сынып. Сынып жетекшісі: Рахметова Гульнар Каирканқызы



жүктеу 44.13 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі44.13 Kb.
түріСабақ
№2 Аманқарағай орта мектебі

Сабақтың тақырыбы:


Щщ дыбысы мен әрпі

1-сынып.


Сынып жетекшісі:Рахметова Гульнар Каирканқызы

Орындаған: Рахметова Гульнар Каирканқызы.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы

2Аманқарағай орта мектебі


Білімі: жоғары, Қостанай гуманитарлық институты ,2005 жылы 26 маусым, бастауыш сынып мұғалімі және әлеуметтік педагог.

Квалификациялық категориясы - жоғары; санаты-2; еңбек өтілі-25жыл.

g:\ррр 582.jpg
Сабақтың тақырыбы:Щ щ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Щ щ дыбысымен,әрпімен таныстыру,щ дыбысы

бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.Сөз ішінде басқа дыбыстан ажыратып,оны дұрыс дыбыстату,көркем жазуға үйрету.Щ әрпінің баспа және

жазба түрін танытып,жазба әрпінің жазуын үйрету.

Дамытушылығы:ой-еркін,ойлау қабілетін,сөздік қорын,қиялын,зейінін дамыту.

Тәрбиелігі:ұқыптылыққа,табиғатты қорғауға, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру.

Түрі:жаңа білімді меңгерту.

Көрнекілігі:щеткалар,кеспе әріптер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сабаққа әзірлік,оқу құралдарын реттеу.

2.Назарларын сабаққа аудару.

3.Психологиялық сәт.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Жиылыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен –кіші жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңдер ,қадірменді қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап біздің мына төрімізге,-дей отырып,

сабаққа қатысатын оқушыларымызды ортаға шақырамыз.



Сәлем деймін мен күнге,

Сәлем деймін мен саған.

Сәлем деймін апайға ,

Қонақтарға,құстарға.

Еркем,еркем,еркем-ай.

Жақсы көрем өмірді,

Жақсы көрем өзіңді.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?(Эдыбысымен,й+е қосарлы дыбыс арқылы жасалған,тіл алды

езулік дыбыс,қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында

кездеспейді,орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық

терминдерге тән,жазғанда Эдыбысымен таңбалаймыз,ал

айтқанда й+е екі дыбыс естіледі.)

Интерактивті тақта арқылы электронды оқулықта көрсету.

(3-оқушыға ЭЛЕКТР,ЭКИПАЖ,ЭЛЕВАТОР сөздерін магниттік тақтада жаздырту)



3.Оқулықпен жұмыс.

1.Бағандағы сөздерді буынға бөліп оқу,мағынасын түсіндіру.

2.Өлеңді жатқа сұрау,мазмұнын айту.
«Тапқыр достар»ойыны

1.Әріп дегеніміз не?

2.Дыбыс нешеге бөлінеді?

3.Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

4.Дыбыс дегеніміз не?

5.Э қандай дыбыс?

6.Қызыл текшемен қандай дыбысты белгілейміз?

7.У қандай дыбыс?

8.Көк текшемен қандай дыбысты белгілейміз?
4.Жаңа сабаққа дайындық.

Жұмбақ шешкізу.

Атқарады талай-талай ісіңді,

Тазалайды киіміңді,тісіңді.

---Осы сөздің басында бізге таныс емес қандай дыбыс естілді?

---Онда біз бүгін Щ дыбысымен,әрпімен танысамыз.Щеткалардың түрлерін көрсету,өлең оқу.

Жаңа сабақ .

Интерактивті тақтада көрсету.(Щ дыбысы мен әрпі)

Щ дыбысын 2-3рет қайталау.

Щ дыбысы-тіл алды,ызың, қатаң дауыссыз дыбыс

Сөздің басында,ортасында,аяғында

айтылады.ЩЕТКА,АЩЫ,ТҰЩЫ,ПЛАЩ,БОРЩ.



Оқулықпен жұмыс.105-бет.

1.Бағандағы сөздерді оқып,мағынасын түсіндіру.

ЩЕТКА-заттың аты.

АЩЫ,ТҰЩЫ,БОРЩ-тағамдар.


Сергіту сәті

Ащы көлде жоқ балық ,

Тұщы көлде көп балық.

Ал,балалар аулайық,

Сол балықты топталып.
«Щ»әрпін ауада және тақтада жаздырту.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп- түзу боп отырып,

«Щ» әрпін жазайық.

Мәтінмен жұмыс.

а)«Балқаш»көлі атауының шығуы.

(көрініс)

б) Картадан көрсету.

Шығармашылық жұмыс.
Щ дыбысына байланысты білетін жұмбақ,өлең жолдарын айту
Сабақты қорыту.

---Бүгін қандай әріппен,дыбыспен таныстық?

---Щ қандай дыбыс?

---Сөздің қай жерінде айтылады?

---Біз қандай сөздерді үйрендік ?
Сабақ аяқталды.

Қуанамын мен де,(өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де.(көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым,(қолдарынан ұстайды)



Арайлап атқан күнге.(қолдарын көтереді)



: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет