Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Сабақтың мақсаты



жүктеу 65.29 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі65.29 Kb.
Атырау қаласы

35 мектеп-гимназиясының



бастауыш сынып мұғалімі

Мурзагалиева Гулмара Бағытжановна

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада

айтылған сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері

болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән

ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың

жеке тұлға құзіреттілігін дамыту;
2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез

қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау,

есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту;
3. Өз - өзіне сенімділіктерін арттыру, Отан деген

сүйіспеншілігін арттыру. Елордамыз – Астана туралы

мағлұмат беру.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың формасы: жаппай, топпен, жұппен, жеке
Әдіс - амалдар: Көрнекілік. түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, іздендіру, жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, оқулық суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық кезең:
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды түгендеу
1кезең. Ұйымдастыру кезеңі.
Поэзия минуты:

Қазақ тілім - өз тілім , ана тілім,

Абай , мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашагым, бақытым, дара тілім.

2. Сыныпты 3 топқа бөлінеді. Әр топ өздерін таныстырады.

I – «Білімділер»

II –«Тапқырлар»

III –«Ойшылдар»

II. Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау сұрақтары

52-жаттығу. Әр топ өздері дайындап келген сұрақтарды қояды.

2 кезең. «Ой ашу» Жаңа тақырыппен танысамыз.
Бірыңғай мүшелерді түсіндіру үшін, күнделікті өмірде кездесіп, пайдаланып жүрген нақты заттардың төңірегінде әңгіме жүргізу.

- Балалар, сендердің сөмкілеріңде нелер бар?

- Саят, сенің бөлменде нелер бар?

- Сыныптың ішінде нелер тұр?

Осы атаған заттармен сөйлем құрастырыңдар.

Сыныпта парталар, орындықтар, суреттер, гүлдер, кітаптар бар.

Бұл сөйлемнің құрамында 7 сөз бар, олардың ішінде парталар, орындықтар, суреттер, гүлдер деген 5 сөз бірдей нелер? Деген сұраққа жауап беріп , бастауыш болып тұр. Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан, олардың сыртқы тұлғалары да бірдей болып келеді.
Интерактивті тақтада
1. Орманда қайың, тал, терек, үйеңкі өседі.
2. Жылыжайда ақ, көк, қызыл, сары гүлдер өсірілуде.
3. Ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі.
4. Өзен, көлдер – елдің, жердің берекесі.
5. Бидай мен арпа, жүгері мен күріш және тары – дәнді дақылдар.
6. Алтайдың қарлы шыңдарында бүркіттер де, ұларлар да мекендейді.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын кесте арқылы белгілейді. Күтілетін жауап:
1 - ереже: Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.
Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
2 - ереже: Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де тұрады.
3 - ереже: Қосымша бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне ғана немесе әрқайсысына жалғанады
4 - ереже: Бірыңғай мүшелер және мен, бен, пен шылаулары арқылы жазылғанда үтір қойылмайды, ал да, де, та, те, шылаулары қайталанып келсе олардың арасына үтір қойылады.
3 кезең : I-топ: 53- жаттығу.Өлеңді нақышына келтіріп оқу.

Бірыңғай мүшелерді табу. Бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне

назар аудар. Одан не байқадың?

Жау,жау,жаңбыр,тағы да,

Дала, тауға көрік бер.

Менің еккен бағымда

Өссін жүзім, өріктер!

II-топ: 54-жаттығу.Жұмбақты оқып, шешуін тап. Жатқа

жазу.Бірыңғай мүшені тап. Оның сөйлемде қандай мүше

болып тұрғанын айт.

Гүл секілді

Қызырады, көктейді.

Күн секілді,

Бірақ нұрын төкпейді.

III-топ: 56-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелерді тауып, олардың бірыңғай мүше екенін дәлелде.

1.Әркім күрек, сүймен, зембілдерін ала барды. 2. Бүгін Әсел, Айнұр, Сәулелерді кездестірдім. 3. Қаз, үйректің балапаны өте нәзік болады.



4 кезең: Әр топқа суреттер беріледі, сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер болсын. Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүшелер қандай сөйлем мүшесі болып тұр. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер неге бір ғана сөйлем мүшесі болып тұр.

5 кезен: Сергіту сәтін жүргізу.

Кім шапшаң?» «Пирамида» құрастыр
А Ана
А – А------------- АлмА
А - - А-------------- АрттА
А - - - А --------------АстанА
А - - - - А--------------- АйдындА
А - - - - - А ---------------АтыраудА
А - - - - - - А ---------------АйдынындА
А - - - - - - - А---------------- АйшолпандА
А - - - - - - - - А
6—кезең: 55- жаттығу. Әр топқа сызба беріледі, сол сызба бойынша

сөйлем құрастыру.


7 кезең: топен жұмыс. 57-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.

-Бірыңғай мүшелерді тап. Олардың арасына қандай жағдайда үтір қойылмағанын байқа.

-Мен, бен, пен, және,де арқылы байланысқан бірынғай мүшелер сөйлемнің қай мүшесіне қатысты екенін тауып, қорытынды жаса.

8 кезең «Жұмбақты математика»
Картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ қосылғыштар. Қосында не болады? Көкөністер болады.
Қосындысында мектеп сыныбы. Қосылғыштарды тап.
Орындық, үстел, шкаф, диван қосылғыштар. Қосындысында үй жиҺаздары.
Бірыңғай сөйлем мүшелерді айтқызу.
9 кезең: «Сұрақ - жауап». Сынақ өткізу.

(Сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру)


1. Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма? (жоқ)
2. Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді. (иә)
3. Анықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (жоқ)
4. Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)
5. – ның, - нің ілік септігінің жалғауы. (иә)
6. мен, сен, ол, біздер – жіктеу есімдіктері. (иә)
7. – ма, - ме, - ше сұраулық шылаулар. (иә)
8. Лепті сөйлем қызметіне қарай негізгі, жетек, анықтауыш болып бөлінеді. (жоқ)
9. Биылғы күз салқын. Бұл – құрмалас сөйлем. (жоқ)
10. «У» тұйық етістік жасаушы жұрнақ. (иә)
11. «келе жатыр» - үйірлі баяндауыш. (жоқ)
12. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің морфология саласы зерттейді. (жоқ)
13. Сөйлем айтылу мақсатына қарай төртке бөлінеді. (иә)
14. Бастауыш пен толықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. (жоқ)
15. Сөйлем мүшелері құрылысына қарай 3 - ке бөлінеді. (иә)

10 кезең: Қорытынды: Тест.

1. Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылатын

сөздерді

а) сөйлемнің бірыңғай мүшелері

ә) сөйлемнің дара мүшесі

б) сөз таптары

2. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі

қойылады?

а) нүкте

ә) сызықша

б) үтір

3. Дұрыс жазылған бірыңғай мүшені тап:



а) Саматпен Қанат

ә) кітап қағаз

б) кітап, дәптер

4. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемді белгіле:

А) Ғарышкерлер скафандр киіп отырса, ешқандай қауіп жоқ.

ә) Мұнда жерге, елге ,өз ошағына деген үлкен сүйіспеншілік тұр.



Б) Өйткені скафандрдың ішінде ауаның артық қоры сақтайды.

11 кезең:

Үй тапсырмасы: 58 - жаттығу . Жұмбақтың шешуін тап. Жұмбақтың шешуіндегі сөз мәтіннің тақырыбы болатындай әңгіме құрастырып жаз. Мәтін құрамында бірыңғай мүшесі бар сөйлемдердің болуын ұмытпа.

12 кезең:

Бағалау.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет