Сабақтың тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»



жүктеу 77.96 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі77.96 Kb.


Сабақтың тақырыбы:    «Құстар біздің досымыз»

Сабақтың мақсаты:  Балаларды жергілікті жердің құстарымен  таныстырып,оны күтіп-баптауға,аялауға,оларға мейірімділікпен қарау

ға тәрбиелеу.Балаларды дала, үй құстарына қамқор болуға баулу.

Құстар туралы білімдерін толықтыру,құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Тілдерін дамыту,сөздік қорла-

рын молайту.Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.



Көрнекіліктер:құстардың суреттері,құстар жайлы ойындар,ағаштын

суреті, қаздың қауырсыны,ақ қағаз,күнбағыс майы,су.



Сабақтың барысы:   І.Ұйымдастыру кезеңі.

Көңілді әуен ойнайды,осы кезде бір топ бала бастарына құстардың суретін тағып,құсша қанаттарын қағып сыныпқа кіреді. Балалар бүгін-

гі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше, бүгінгі келген қонақтарымызбен амандасайық, өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.

l. “Шаттық шеңбер”

Біздер жақсы баламыз,


Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Жарқырасын күніміз,
Жайнап тұрсын гүліміз.

2.Мұғалім: Қазақ халқы ежелден құстарға әуес болған, оларға деген шексіз сүйіспеншілігін  дәріптеп, жақсы көретін адамды құстарға

теңеу арқылы ықыласын білдірген. Мысалы: халық ішінен шыққан саңлақ  ұлдарын - сұңқарға теңеген, әдемі ән айтқан әншілерін - бұлбұлға,сұлу қыздарын – аққуға теңеген.

Балалар, құстарды қандай екі топқа бөлуге болады?

Балалар:үй құстары мен дала құстары болып бөлінеді.

Мұғалім:Дұрыс,ендеше үй құстары мен дала құстарын атап кетейікші.

Үй құстарына – тауық, әтеш, үйрек, күрке тауық, қаз жатады. Дала құстарына – сауысқан, бұлбұл, аққу, тырна, қарлығаш, торғай, бүркіт

  т.б жатады.

3.Балалар мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасыра-

мын.

Шарлап келіп даланы,

Үйіме,үйін салады.              (Қарлығаш)

Су бетін сүзіп,

Ақ құман жүр жүзіп.  (Аққу)

Түнде жортады,

Жарықтан қорқады.             (Жарқанат)

Тақылдатып,мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,зиянкесті тазалар.          (Тоқылдақ)



4.Ал енді осы құстар туралы тақпақ,мақал-мәтел,тыйым сөздер

кім айтады?

1-бала:   Қарға,қарға,қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.



2-бала:   Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.



3-бала:   Үйге кірші торғайым

Мен аяздан қорғайын.

Жем шашамын,жегейсін

Үйшік жасап берейін.



4-бала:  Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.



5-бала: Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,

Жоғары ұшса күн жылы болады.



6-бала:  Құсқа тас лақтырма.

7-бала:  Құстардың жұмыртқасын жарма.

8-бала:  Аққуды атуға болмайды,

Досыңды сатуға болмайды.



9-бала:  Құстың ұясын бұзба,

Қарғысқа қаларсың.



5.Ғажайып сәт:  «Ақ көгершін» әні орындалып тұрады.Сол сәтте аузында тістеген хаты бар көгершін ұшып келеді.

Көгершін:  -Сәлеметсіңдер ме,балалар.Мен аспанда ұшып жүріп,сендерді көріп,қонаққа келдім.Мен сендерге босқа келген жоқпын сендердің білімдеріңді тексерейін деп келдім.

Мына менің аузыма тістеген хаттың ішінде сендерге арналған тапсырмалар бар.



1-тапсырма:  Балалар сендер құстар туралы қандай ойын білесің-

дер ? Кәне,атаңдаршы.



Балалар:  «Ұшты-ұшты», «Жүргізуші мен торғай», «Мысық пен торғай», «Аққу-қаздар», «Үкі мен құстар».

2-тапсырма: Мен сендерге жаңадан бір ойын алып келдім.

Дидактикалық ойын: «Не артық?»

(Үй құстары мен дала құстарын сурет бойынша ажырату )

3-тапсырма:  Менімен бірге қыздар «Көгершін» биін билеп берсін.

(сол кезде көгершін байқаусызда шалынып құлап, қанатын жаралап алады).



Көгершін:   - Ой-бу, балалар мен жарақаттанып қалдым,енді мен

жалғыз қалай ұшып кетемін. Сендер маған көмектесіңдерші.

Маған достар керек.

Мұғалім: Көгершін сен ренжіме,  біздің балалар саған достар тауып береді.

(балалар бірнеше қиынды бөліктерден  құстарды құрастырады).



Көгершін:  -Балалар сендерге көп рахмет! Өздерің ақылды бала

екенсіңдер,әкелген тапсырмалардың бәрін орындадыңдар.

Өзіме достар тауып алдым. Ал,енді осы достарыммен ұшып қайтам.

Сау болыңдар!



Балалар:  Сау бол!

Мұғалім:   - Балалар,сендер тағы құстар жайлы не білесіңдер?

Балалар:  Көктем мезгілінде құстар жылы жақтан ұшып келеді,біз құстарды күтіп-баптап,аялауымыз керек. Құстар біздің досымыз.

Құстар ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді.

Ағаштың жайылып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына

көмектеседі.Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап,жем

беруіміз керек.

6.Тәжірбие – зерттеу жүмыстарын жасау

Мұғалім:  Балалар,мен сендерге қаздың қауырсынынан тәжірбие жа-

сап көрсетемін.Балалар мынау қаздың қауырсыны,яғни қанаты,оны көріп,тексереміз,сулап,неліктен қаздың қауырсынында су тоқтамайтының анықтаймыз.Ақ қағазға күнбағыс майын жағып,сулап,

не болғанын тексереміз.

(су қағаздан сырғанап,қағаз құрғақ болып қалады)

Ол неліктен деп ойлайсыңдар? Суда жүзетін құстардың арнайы

ішкі майлы бездері болады,олар сол майды тұмсықтарымен жүн-

деріне майлайды.Сол себепті суға батпайды екен.

7.Сергіту сәті.

Кәне, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық

8.Викториналық сұрақтар:

1. Басында тарағы бар ,бірақ шашыңды тарай алмайсың . (Әтеш)

2.Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? (Қарлығаш)

3.Қай құс өзінің атын қайталайды? (Көкек)

4.Қандай құс хат тасушы атанған?(Көгершін)

5.Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

6.Құстың негізгі мекені? (Ұя)

9.Жақсы мен жаман ойыны.Сурет бойынша балалар жақсы,жаман қылықтарды ажырату керек.

10.Қорытындылау.

Балалардың жұмыстары,құстарға ұя жасап,ағаштың басына ілу.

Балалар, жұмысымызды аяқтап болсақ, барлығынды «жүректен жүрекке» шеңберіне шақырамын.

Балалар, біздер құстарға деген сүйіспеншілігімізді білдірейікші!

Балалар, құстарды аялайық! - деп, ұяларын ағашқа іледі.

Жарайсыңдар, балалар! Құстарымыз сайрап, күніміз ашық болсын!

«Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» деп мақалда айтылғандай әрқашанда қайырымды болайық, балалар!

Балалар сендерге тәрбие сағаты ұнады ма?

Біз сабақта нелер туралы әңгімелестік?

Құстар туралы әңгімелестік,тақпақтар айттық,мақал-мәтелдер,

құстар туралы тыйым сөздер айттық.

Қонаққа көгершін келді,бізге тапсырмалар алып келді.

Ойын ойнадық.

Өте жақсы балалар.

Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды.



Жолдыбай негізгі мектебі

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:
Өткізген: Қыдырбекова Н.Қ.
Тексерген: Біркенова О.Е.

12.02.2016жыл


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет