Сабақтың тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»



жүктеу 51.45 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі51.45 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: құстардың тіршілігімен таныстыру, ұқсастығы мен

айырмашылығын таба білуге үйрету.



Тәрбиелік мақсаты: құстарға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты.: есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

Көрнекілігі: құстардың суреттері, DVD, теледидар.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру,сергіту сәттері, ойын – жаттығулар.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!

Балалар: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Шаттық шеңбер: Балалар шеңбер бойлап тұрады.Алақандарына құстың суреттерін ұстап тұрып, бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Үнтаспадан құстардың дауысы естіледі.

Тәрбиеші:

- Балалар, тыңдаңдаршы, бұл ненің дауысы?

- Құстардың дауысы

- Балалар, бұл жылдың қай мезгілі?

- Көктем.

-Далада ауа – райы қандай?

-Жылы.

-Талдардың түсі қандай?



-Жасыл.

Біздің топтың балалары сауалдардың барлығына дұрыс жауап беріп, көктем

мезгілінің ерекшеліктерін білдік.

Ғажайып сәт: Топқа аққу киімін киген бала кіреді.

Аққу: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Аққу: Аққу - құстың төресі,

Ақ мамықтай денесі.

Мен аққумын, сендерді саяхатқа шақырғалы келдім.Барғыларың келе ме?

Балалар: Әрине.

( Балаларды талдың жан – жағына жайғастырып отырғызу)

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз құстар туралы айтатын боламыз.Ендеше бәріміз экранға назар аударайық..Құстар үй құстары және дала құстары болып екі топқа бөлінеді.Дала құстары ағаш түбіндегі құрт – құмырсқалармен қоректенеді.Ағаштың жайқалып, жақсы өсуіне көмектеседі. Құстарға сол себепті қамқор көрсетіп,ұя жасап жем беруіміз керек.

Балалар мына құс қалай аталады?



1 – бала: Қарлығаш – киелі құс.Оның құйрығы айыр, сол себепті ол басқа құстардан тез, үй маңында ұя салады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, қарлығаш туралы қандай ертегі білесіңдер?

2 - бала: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, келесі суретке назар аударайық.. Мына құс қалай

аталады?


3 - бала: Тоқылдақ – орман құсы.Ол орманда өмір сүреді.

Ағаштарды құрттардан,шіруден сақтайды.Оны орман дәрігері деп атайды.



Тәрбиеші: Жарайсыңдар, келесі суретке назар аударайық.. Мына құс қалай

аталады?


4 – бала: Үкі – айналасындағы заттарға екі көзбен бірдей қарай алатын құс.Үкінің басқа құстардан ерекшелігі осында.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, келесі суретке назар аударайық.. Мына құс қалай

аталады?


5 – бала: Бүркіт – дүниеде күн көзіне тура қарай алатын құс.

Тәрбиеші: Қане, балалар, бойларымызды бір сергітіп алайықшы.

Қане қанат қағайық,

Мойнымызды созайық.

Бір, екі, үш құс аспанға ұш.

Бір, екі, үш құс аспаннан түс.

Құстар жем жейді,

Құстар су ішеді.

Бір, екі, үш

Құс, аспанға ұш.

Жарайсыңдар, балалар. Құстар туралы қандай тақпақ білесіңдер?



6 - бала: Сәлем достар, амансың ба?

Мынау бейбіт заманда.

Құс – көктем жаршысы,

Ән саламын құс үніммен,

Сәнденемін нұр гүлімен,

Қуантайын бәріңді,

Құс мерекесі күнімен!

7 - бала: Ей, балалар, балалар,

Аман болсын аналар.

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар,

Кім сүймейді баласын.

Осылар еске түскенде,

Бір ойланып қаласың.

8 - бала: Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,

Құртудан зиянкесті жалықпаған.

Үкілерді үлпілдеген киелі деп,

Бұрыннан – ақ адамдар тағып алған.



9 - бала: Бейбітшілік құсы менмін – көгершін,

Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.

Аспан ашық шат көңілді болайық,

Ақ ниетті адал жандар көбейсін.



10 - бала: Мен жапалақ қалыспаймын жарыстан,

Қорегімді іздеймін алыстан.

Іннен басы қылт етсе – ақ тышқанның,

150 – ін әр сайын аулаймын.



11 – бала: Тақия тұзақ салмайық,

Қарғысына қалмайық.

Әдейі көздеп атпайық,

Көп күнәға батпайық.

Құс ұясын бұзбайық,

Жұмыртқасын алмайық,

Обалына қалмайық.

12 - бала: Торғай – торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Бөтекесі томпайып,

Шіп – шіп десіп отырмақ.



13 - бала: Насекомды, зиянды,

Құртатұғын батырмын.

Дайындайтын ұямды,

Достарға келе жатырмын.



14 - бала: Жаршысымын көктемнің,

Көкек дейді мені жұрт.

Өз атым айтар құс менмін,

Көктемді күтсең мені күт.



15 - бала: Мен адамның тұрағын,

Мекен етіп тұрамын.

Тазалаймын үй ішін,

Шыбын деген кеселден.



16 - бала: Құстарым келіңдер,

Қарсы алам өзім – ақ.

Жаңа үйге еніңдер,

Міне көл, міне бақ .


17 – бала: Мен торғаймын, торғаймын,

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт – құмырсқа, шіркейден,

Бау бақшаны қорғаймын.



18 – бала: Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонбайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.



19 – бала: Құстар біздің досымыз,

Бау – бақшаны қорғайды.

Ұя жасап, қарсы алсақ,

Құстар бізді қолдайды.


Хормен: Құстар – біздің досымыз,

Шырқап әнге қосамыз.

Құстар – біздің досымыз,

Көктем сайын тосамыз.



20 – бала: Би: «Аққу» биі

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, енді ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Балалар: Ойнайықшы.

Дидактикалық ойын: « Үй құстары және дала құстарының атауын атайықшы »

Аққу: Жарайсыңдар, балалар! Сендер құстар туралы көп білді деген

ойдамын! Өте керемет екенсіңдер!Балалар, менің кететін

уақытым болды, енді саяхаттан қайтамыз. Сау болыңдар

балалар!


Қорытындылау.

- Балалар, сендерді саяхатқа қандай құс апарды?

- Аққу

- Саяхатта қандай құстармен таныстыңдар?



- Қарлығаш, тоқылдақ, үкі, бүркіт.

- Құстар нешеге бөлінеді екен?



- Екіге. Үй құстары және дала құстары болып бөлінеді.
21 – бала: Ән: «Ақ көгершін» әні

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар! Бүгінгі біздің даярлық «А» тобының «Құстар – біздің досымыз» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Қош сау болыңыздар!
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет