Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті. Сабақтың мақсаты



Дата06.07.2016
өлшемі44 Kb.
түріСабақ


Пәні: Дүниетану

Сынып: 2 «б»

Күні: 24.10.2014

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Оқушыларға су тіршіліктің көзі екенін ұғындыру. Әр түрлі тәжірибелер жасау нәтижесінде судың басты қасиеттерімен және оның шаруашылық маңызымен оқушыларды таныстыру.

Білімділік: Оқушылардың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын, тілін, байқағыштығын, білімқұмарлығын дамыту.

Тәрбиелік: Суды ластамауға, қорғауға, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжірибе.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, әдебиеттік оқу.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, суреттер, сызбалар, су.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Күннен шуақ аламыз.
Жан-жағыма қарап ап,
Аздап күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Су. Судың күйі



— Ал балалар, ойланып көрелік, су табиғатта қандай күйде кездеседі?
-Үш күйі бар (сұйық, қатты, бу) жауаптарын жұмбақ шешу арқылы жазады.
1) Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі)
2)Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады (мұз , қатты күйі)
3)Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбейді (газ, бу күйі)
Дұрыс пікірді бағыттауыш сызықпен қос.

Ерігенде судың мұзға айналуы

Қатқанда судың буға айналуы

Буланғанда мұздың суға айналуы.


Егер күн салқындап, температура нөл градустан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге, яғни қар мен мұзға айналады.
-Кішкене табақшаға су құйып, бетін ашық қалдырсаң, бірнеше күннен кейін, оның босап қалғанын көресің. Табақшадағы су қайда кетті? Ол із-түссіз жоғалып кеткен жоқ, бір күйден екінші күйге ауысты. Сұйық күйден бу күйіне өтіп, ауамен араласты.

Ал енді адам ағзасына күніне 10 литрдей су керек. Егер де адамның денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса, адам қаталап шөлдейді. Адам баласы шөлге қарсы 3 күннен артық күресе алмайды. Егер адам денесіндегі судың 6-8 %азайса ,адам жартылай есінен танып қалады. 10% азайса сілекейін жұтады, ал 12% кемісе адам өліп кетеді.


ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе:

Оқушылардың су туралы білімдерін, түсініктерін анықтап байқау.

-Су қандай зат?

-Судың түсі қандай?

- Судың пішіні бола ма?

Су


ІV. Жаңа сабақ:

1. Жұмбақ шешу арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын ашу

А.Өзенде,көлде өмір сүреді, Ә. Аяғы жоқ, жорғалайды,жүреді

Аспанда қалқып жүреді. Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.

Іші пысқан кездерде, Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ,

Жерге тамып түседі. (Су) Айтыңдаршы, осны кім біледі? (Су)


2. Судың қасиеті. Тәжірибе жасау.

Қорытынды: Су – түссіз , мөлдір, иісі жоқ, суда тұрақты пішін болмайды.
V. Жаңа сабақты бекіту:

Картаға қарандаршы, ғарышкерлер ғарыштан жерді осылай көреді. Картада көк түспен жер бетіндегі өзен, көл, мұхиттар белгіленген. Яғни жер бетінің 3/4 бөлігін су алып жатыр. Жер бетінің 71% су алып жатса, 29 % ғана құрлық екен. Осы деректерді естеріңде сақтап қалыңдар.



VІ. Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.
Жаңа сабақ бойынша оқушыларды сөйлету.

- Балалар мына сөздерді орнына қойып, сөйлем құрастырайық. (нәрі, тіршілік, су-) 
Су – тіршілік нәрі. 
Неге олай айтамыз? 
«Су» туралы мақал-мәтелдер білесіздерме?
VІІ. Қорытынды «Алгоритм сұрақтары»

-Сабақ сіздерге ұнады ма? Несімен ұнады?




Не білдік?

Не үйрендік?

Су


иіссіз

түссіз

мөлдір

Өсімдіктердің өсуі

теңіз

сұйық

өзен

Бу

мұз

Қандай? Судың түрлері Судың пайдасы




Ауыз су

Тазалық

көл

«Су-тіршілік көзі» ,- деп бекер айтпаған. Олай болса суды қорғау,оны үнемдеп жұмсау әр уақытты естеріңде болсын, өмірде пайдаға асырыңдар.


VІІІ. Үйге тапсырмасы: Су. Судың қасиеті. - әңгімелеу

ІX.Бағалау

Машықкер:_____________М.О. Серикова

Әдіскер:________________ Г.А. Шакирова

Сынып жетекшісі:_______Б.Н. Ризакулова
: download -> version -> 1425004165 -> module
version -> Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Секция: қазақ әдебиеті
version -> Жалпы орта білім деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Қазақстан тарихы сұрақ кітапшасы
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Тип урока: изучение нового материала, урок-соревнование. Педагогические технологии
version -> БАҒдарламасы 10-11 сыныптар жаратылыстану-математикалық бағыт
version -> [Қарақытай] 1217-1218 ж. Хорезм шахы Мұхамет Текеш теңге соқтырған қала: [Отырар]
module -> Сабақтың тақырыбы : Бұрыш түрлері Сабақтың мақсаты
module -> Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тірі организм. Мақсаты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет