Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған



жүктеу 74.31 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі74.31 Kb.
Батыс Қазақстан облысыc:\documents and settings\user\local settings\temporary internet files\content.word\1459778309488.jpg

Ақсай қаласы

№4 жалпы орта білім беретін мектебінің

орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кусаева Бибигуль Каримовна
Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған

білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту.

Дамытушылық: Түрлі әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың

тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу

шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген

қызығушылығын арттыру. Отанын , туған жерін, елін сүюге,

халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі « Тапқыр достар» сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз.



Сайысымыздың ұраны

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз-орыс сынып оқушыларының және басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.

Сайысымызды бастамас бұрын 4В және 4Г сынып оқушыларының тіл -туралы әзірлеген тақпақтарын тамашалаймыз.

1 Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі.

2 Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

3 Қазақ халқының асыл қазынасы елдігіміз, ұлан-байтақ жеріміз және қасиетті

де бай тіліміз.

4Тіл – өте маңызды құрал. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді.

5Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі.

6Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының азаматының парызы.
7Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.


8Ана тілі — біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.

Ана  тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.d:\pictures\сыныптан тыс сабак 2015-2016\20150928_123347.jpg

9Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

 
10Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.


11Мен Қазақстанда тұрамын. Мен қазақпын.Ана тілім-қазақ тілі. Менің досым бар. Ол-орыс. Оның ана тілі-орыс тілі.

Әр адам өз ана тілін білуі керек. Мен ана тілімді құрметтеймін. Ана тілім-ата-бабамның тілі. Ана тілі-дана тіл.


12Өзге тілдерді үйрену үшін адам өз ана тілін жақсы білуі қажет. Мен ана тілімді жақсы білемін.
13Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін. Қазақсша кітап оқып, өлең жаттаймын. Хат та жаза аламын. Болашақта қазақ тілінде жазылған басқа да шығармаларды оқимын деп ойлаймын.

14Біздің елімізде қазақтар, орыстар,немістер, ұйғырлар, татарлар тұрады. Немістің ана тілі-неміс тілі, ұйғырдың ана тілі-ұйғыр тілі. Кейбір адамдар бірнеше тіл біледі. Ол-дұрыс. Бірақ ана тілімізді қалған тілдің бәрінен жақсы білуге тиіспіз. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! Деген белгілі ақын Қадыр Мырза Әли.

Ән « Анамның тілі- аяулы үні» орындайтын хор.

1Өмірге келдім,

Анамды көрдім,d:\pictures\сыныптан тыс сабак 2015-2016\20150928_124341.jpg

Деді ол: «Жаным,

Арайлы таңым».

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай

Бал тілін маған.

Қайырмасы:

Анамның тілі-айбыным менің,

Анамның тілі-ай-күнім менің.

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі өмірді думан.

2 Анамның тілі

Аяулы үнім,d:\pictures\сыныптан тыс сабак 2015-2016\20150928_131042.jpg

Жүректің нұры

Жүгерді құйды.

Сүйгенім тілек

Сүйемін ана

Мәңгілік жаса

Қазақтың тілі.

Қайырмасы.
Бүгінгі сайыс сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады:

1 Таныстыру

2 «Өлең- сөздің патшасы!

3 «Кім жылдам?»

4 Тапқырлық

5«Тапқыр болсаң – тауып көр»

6 Ойлан тап

Әр жүргізілген кезең бойынша түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысқа 4Г және 4В сынып оқушылары қатысады.

«Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық»,- деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

І-кезең. Таныстыру.

ІІ-кезең. «Өлең- сөздің патшасы».

Әр топтан екі оқушыдан өлеңді мәнерлеп оқиды.
Қадыр Мырза Әли «Ана тілі»

Ана тілің, біліп қой, Ана тілің-арың бұл,

Еркіндігің, теңдігің. Ұятың боп тұр бетте,

Ана тілің, біліп қой, Өзге тілдің бәрін біл,

Мақтанышың, елдігің. Өз тіліңді құрметте!

Табылдиев «Ана тілі»
Ақыл-ойын дананың Өсірген ой-білімді,

Ана тілден аламын. Сүйем туған тілімді.

Ана тілім ардақты Мақсат етем әр сөздің

Ақ сүтіндей анамның мәнін терең білуді.


(Д Әбілев ) «Туған тілім»
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!

Туған тілім-балам тілі-өз тілім!

Туған тілім-далам тілі-өз тілім!

Туған тілім-анам тілі-өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.




«Қазақ тілі» (С. Сейітов)
Қазақ тілі! Сол байлықтан

Ол-менің ана тілім. Аз емес алатыным,

Қазақ тілі! Сен-тілісің

Байсалды баба тілім! Адамзат Абайының,


Сен – тілісің Анық маған

Ұрпақтың талайының Сөнбестен жанатының.

Қазақ тілі! Анық маған

Ана тілім! Болашақ замандарға

Бөгелмей баратының.
3-кезең «Кім жылдам?» Бұл аялдамада берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса сол топ ұпай алады..

Құрылатын сөздер:



М ӨСЛЙЕ-Сөйлем

УҒАЛЖА-жалғау

ЗСӨ-сөз

ЛТІ-тіл

ҚАБАС-сабақ

ОҢЫАУҚР-қоңырау

ЕТМПЕК-мектеп

ІҮ-кезең. « Тапқырлық»

Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ......... (бас жарады)

2. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ...... (сөз бұзар)

3. Жақсы сөз- .... (жарым ырыс)

4 Шебердің қолы ортақ, шешеннің ..... (тілі ортақ)

5. Жақсы байқап сөйлер, жаман ..... (шайқап сөйлер)

6. Бас кеспек болса да,..... (тіл кеспек жоқ)

7. Піл көтермегенді, ..... (тіл көтереді)




  1. Тілден артық .... (қазына жоқ)

  2. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі .... ( ой өсіреді)

  3. Жыланның уы тісінде, адамның уы .... (тілінде)

  4. Ең ащы да тіл, ең .... (тәтті де тіл)

  5. Жылы-жыл сөйлесең, жылан .... (інінен шығады)

  6. Басқа пәле- ......( тілден)

  7. Тілге құрмет, ..... (елге құрмет)

Ү –кезең «Тапқыр болсаң – тауып көр»

Бұл аялдамада әр топтың топ басшылары сыналады. Әр топтың топ басшысына 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпаймен бағаланады.

Бірінші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар:


  1. Мектеп қай көшеде орналасқан?

2 Күз айларын ата?

3 Неше рәміз бар?

4 Туда не орналасқан?

5 Қазақстан қандай мемлекет?

6 Көктемде не болады?

7 Қандай азық-түліктерді білесің?

8 Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?

9 Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

10 Аптаның төртінші күні қалай аталады?
Екінші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар:

1Апта күндерін ата.

2Жазда не болады?

3Әнұранның авторларын ата?

4Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?

5 Біздің мектеп қандай?

6 Қазақ тілінде неше жалғау бар және оны ата.

8 Қазақстан республикасының Президенті кім?

9 Қыс айларын ата.

10 Елтаңбада не орналасқан?


ҮІ кезең «Ойлан тап»

Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей «Саңырауқұлақтар» сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік?- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша 4В- сыныптың орындауында «Қара жорға » биі.



4г сыныптың орындауында Қазақстан Республикасының Әнұраны

Сайыс соңында әділқазылар өз шешімін айтып, оқушыларды марапаттайды.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет