Сабақтың тақырыбы. Тарихи карталар Сабақтың мақсаты : Білімділік



жүктеу 32.53 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі32.53 Kb.
түріСабақ
5сынып


Сабақтың тақырыбы . Тарихи карталар

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Оқушыларға карта тарихы , қазақ жері жайлы карталық мәліметтер туралы түсінік

беру.

Дамытушылық: Оқушыларға сұрақтар , тапсырмалар беру арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін

дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, адамгершілікке , елін , жерін сүйе, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі

Сабақтың типі : Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі : Ауызша баяндау, сұрақ –жауап.

Көрнекілік : Сызбалар , кесте.

Құрал – жабдық : Карта.

Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру .

а) Сынып оқушыларын түгелдеу.

ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау , бағалау.

Тақырыбы:Тарих және кеңістік .

1. Кеңістік ұғымы

2. қазақ халқының кеңістік туралы ұымдары.

ІІІ . Өткен сабақты бекіту.

1. Кеңістікті қалай түсінесің ?

2. кестені толтыр.

Сақтардың әлемнің үш құрылымы туралы түсінігі

Ежелгі түріктердің кеңістік туралы ұғымы

Қазақтар кеңістікті қалай атаған ?












3 . Тест тапсырмалары.

1) Күнге табынудан қазақ жерінде қандай ескерткіштер қалған ?

А) пирамида ә) «мұртты қорған» б) обалар В) кесенелер

2) Ежелгі түріктер неге табынған ?

А) тәңірге ә) жаратушыға б) күнге В) тауға
ІҮ. Жаңа сабақ

1 . Карта тарихы

немісше – «түпнұсқа»

Карта

грекше – «жазу папирусы»

Карта түрлері
Тарихи географиялық саяси экономикалық

Алғашқы карталар - Қытайда жасалды

Карта жасау ісі дамыды - Ежелгі Грекияда
Ежелгі карталар


р\с

Ежелгі карталарды жасушылар

Қамтылған жері

1

Геродот

Жердің кескін картасын алғаш жобалап жасады. Оған Ежелгі Грекия жері енді.

2

Птолемей

Б.з.б. ІІ ғ. «география» кітабын жазып , оған қосымша дүние жүзінің картасын жасайды. 26 мемлекеттің аумағы қамтылады. Еуразия, Африка құрлықтарының бедері қазіргі кескініне біраз жақындайды.

3

Ұлы ойшыл , саяхатшылар әл – Идриси,Ибн Хаукал

Дүние жүзі және Орта Азия картасының түпнұсқасын құрастырып , қолжазбаға енгізген.

4

Махмұд Қашғари

ХІ ғ . қазақ жерінің саяси – этностық тарихы туралы дерек береді.


ХҮІ – ХҮІІ ғ . – Италия , Голландия елдерінде карта жасау ісі жолға қойылды.
«Худад әл - Әлемде » ортағасырлық құнды еңбек , қарлұқтар жайлы дерек бар.

Әл-Идриси «Сурат әл- ард»( «Жер беті суреті») – Қазақ жеріндегі ежелгі қалалар , таулар мен

өзендер жайлы , қимақтың 16 қаласы аталады.Ертіс өңірін мекендеген тайпалар

Орыс ғалымы С.Ремезов – ХҮІІ ғ. «Сібірдің сызба кітабы» - алғаш рет қазақ жерін өзі жазған

кітабындағы картаға түсірген.

И.Г. Ренат – Тұтқындағы швед офицері – қазақ жерінің картасын Жоңғария ханының

тапсырмасымен жасайды.

Ш. Уалиханов – Ыстықкөлді алғаш рет топографиялық картаға түсірді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.

1. Карта не үшін қажет ?

2. Әлемде алғаш карталар қалай жасалды ?

3. Көне және ортағасырлық сауда мен көш жолдары туралы не білесің ?
ҮІ. Қорытындылау.

ҮІІ . Үйге тапсырма

Тарих және карталар

Өздерің тұрған елді мекеннің картасын жасап келу.
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет