Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)



жүктеу 43.03 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі43.03 Kb.
түріСабақ
Н.Ж. Шомбалова

Жаңақоныс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аққайтым ауылы

Әдебиеттік оқу, 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)
Сабақтың мақсаты: а)білімділік: Оқушыларға ертегінің мазмұны мен идеясын аша

отырып, ертегіні түсініп, дұрыс оқуларын қалыптастыру.


ә) дамытушылық: Ауыз әдебиетінің бір саласы ертегіні оқи

отырып, қорытынды жасау, негізгі ойды табу дағдыларын

дамыту.
б) тәрбиелік: Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға,сөзбен емес, іспен

мақтануға тәрбиелеу.


Көрнекілік: слайдтар, интерактивті тақта, бағалау парақшалары
Сабақтың түрі: жаңа сабак
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, көрнекілік, әңгімелесу, талдау, сын тұрғысынан ойлай оқыту.

І. Психологиялық дайындық.

Видеоролик көрсету.



  • Осы видеороликтан не түсіндік?

  • Топта қандай ережелерді сақтауымыз керек?

Ереже құрау.

  1. Тәртіп

  2. Ұйымшылдық

  3. Бірлік

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген мақалды басты назарға ұстаныңдар.

ІІ. Ұйымдастыру.

Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.



І топ: «Түйе»

ІІ топ: «Тышқан»

Топ басшысын сайлау.



ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қасым Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңін жатқа сұрау.

  2. «Мен бақытты қазақ баласы» тақырыбында ойтолғау жазу

Жақсы, балалар, бұрын мен сендерді бағалайтын едім. Енді бүгін өздеріңді бағалайтн боласыңдар. Ол үшін тақтадағы жазылған өз аттарыңның тұсына әр дұрыс жауаптарың үшін мына жұлдызшаны жапсырасыңдар. Сабақ соңында жинаған жұлдызшаларыңды санаймыз.

ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе.

Сонымен, балалар, ертегінің неше түрі бар екен? Бүгін тағы да бір жаңа ертегімен танысатын боламыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табу үшін мына жұмбақтарды шешіп көрелік.


  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

  1. Мысықтан бұл қорқады,

Бұдан піл қорқады.

Ескен Елубай

1942 жылы18 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген. « Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары. Ақын - драматург
«Көк жейде», «Көкпар», «Кемпірқосақ» атты өлеңдер жинағы бар.
- Сонымен жұмбақтың шешулері не болып шықты? «Түйе мен тышқан» (Монғол ертегісі)

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы басқа елдермен достық қарым - қатынастамыз. Сондай дос елдің бірі - Монғолия.



Ассосация құру.

Түйе мен тышқан туралы не білесіңдер?

І топ - тышқан туралы білетіндерін толтырады.

ІІ топ - түйе туралы білетіндерін жазады.


«Тірек сөздер арқылы әңгіме» әдісі.

І топ:
Ерте - ерте, ертеде, он екінші, жыл, айтыс, келісім, күннің шығуын күту, күннің ең алғашқы шапағы, түйенің өркеші, ызаланып, күлге аунайды, құр.

ІІ топ:

Өлең түріндегі ертегідегі көп нүктенің орнына сөздер қойып жаз.



Ерте-ерте, ...

.. мен ... болыпты

... ... ұсынып,

... ... айтыса бастапты.

... басы ... емес,

... болыпты

... бойына сеніп,

... құр қалыпты.



Ү. Жаңа сабақ.

Балалар, қазір мен екі топқа мынадай тапсырма беремін. Бұл тапсырма «Ақпараттағы ақаулық» деп аталады. Яғни 1- топ ертегінің бірінші бөлігін оқып 2-топқа түсіндірсе, ал келесі топ қалған бөлігін оқып қарсы топқа түсіндіреді.

- Сонымен, балалар, ертегінің мазмұнымен таныссақ, есімізге түсірейікші ертегінің неші түрі бар еді?

- Бұл ертегі қай ертегінінің түріне жатады?

Ертегінің мазмұнын түсініп алсақ, екі топқа тапсырма беріледі.

Топтық жұмыс.

І топ: Түйе неге жыл атына ие болмай қалды?

ІІ топ: Ертегідегі жағымсыз қасиетті айту.


Екі топқа: Берілген нақыл сөзді өз бетіңше аяқтау.

Бойыңа сенбе, … сен.

Сыныппен жұмыс.

Суретке зер салып, жыл аттарынан не артық екенін айту.


-Қай жануар артық? Неге?

  • Балалар, биыл қай жылды қарсы алайын деп отырмыз?

  • Неше жыл бар?

Жылдардың ретін есте сақтаудың оңай әдісі.

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап, мойыма,

Тойма именіп ділмәрдан.

Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санаудағы қолданылып жүрген жануарлардың алғашқы әрпімен басталады. Тышқан, Сиыр,Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз.

Өлеңді жатқа сұрау.



  • 12 жыл-бір мүшел.Мүшел-уақыттың өлшем бірлігі.Адам жасын мүшелмен есептеген.
    Ой толғаныс

«Балық» ойыны. Балықтың денесіне қазақша жыл атауын ретімен жазып шық. Қане, қай топ жылдам екен?

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

  • Сонымен, балалар, бүгін қандай ертегімен таныстық?

  • Ол қай елдің ертегісі?

  • Осы ертегіге ұқсас қазақта қандай ертегі бар?

« Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін тыңдау. 4мин.

«Сен маған, мен саған» ойыны.

2 топ бір-біріне сұрақтар қояды.
*Түйе мен тышқан неге айтысты?
*Олар неге келісті?
*Түйе неге жыл атына ие болмай қалды?
*Жағымсыз қасиетті айт.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Ертегіні оқып, мазмұнын айту.

ҮІІІ. Бағалау.

Әр оқушы жауап бергендеріне қарай жинаған жұлдызшаларын санайды. Сол арқылы бағаланады.







: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет