Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөз (слайдымен) Сілтеме: Электронды оқулық, бейне жазба тыңдату



жүктеу 20.82 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі20.82 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөз (слайдымен)

Сілтеме: Электронды оқулық, бейне жазба тыңдату

Жалпы мақсаты: Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығымен байланыстырып, төл сөз бен төлеу сөз туралы және оның тыныс белгілерін меңгерту.

Оқу нәтижелері: Оқушылар:

● Төл сөз бен төлеу сөзді ажырата білуге;

● Электронды оқулықтан даналарымыздың Мұқағали шығармашылығынан айтқан сөздерін ескере отырып, жаңа тақырыпты ашу;

● Төл сөзден кейін қойылатын тыныс белгіні мысалдар арқылы дәлелдеп ұғындыру.

Түйінді идеялар:

1 - сабақ

Электронды оқулықтан ақпарат тыңдатып, диалогты оқыту әдісі бойынша сабақтың мақсатын шығару. Сыни тұрғыдан әртүрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Жаттығулар:

156 - 157 - жаттығулар

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: І топ. Мына шығармадан төл сөздерді теріп жаз.

ІІ топ. Мына төл сөзді сөйлемдерді төлеу сөзге айналдыр.

ІІІ топ. Мына мәтінді оқып шығып, диалог құрастыр.

Дереккөздер:

Ш. Бектұров: Қазіргі қазақ тілі, «Мұқағали»танымдық журналы, «Қазақ тілінен жазба жұмыстар», 2008ж

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, кеспе парақша, электронды оқулық.

Оқуға арналған тапсырма: Оқулықтан «Төл сөз бен төлеу сөз»деген тақырыпты оқу.

157 - жаттығу. Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдыру.

Мұғалімнің жазбалары:

Жаңа сабаққа кіріспе. Қызығушылығын ояту.

Бүгінгі сабағымызды БЛУМ таксономиясы бойынша бағалаймыз.

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін бейнежазбаны мұқият қарап, тыңдауларыңызды сұраймын.

Бейнежазба көру. 1минут.

- Біз не тыңдадық?

- Мұқағалидің ролін сомдаған кім?

- Ол Мұқағали туралы не айтты?

- Драматург жазушы Серік Тұрғынбекұлы Мұқағали өмірін қалай баяндайды?

- Шәмші Қалдаяқов Мұқағали шығармашылығы туралы қалай сипаттайды?

Сабақтың лексикалық тақырып пен грамматикалық тақырыпты байланыстыру.

Мағынаны тану.«Ұлылар сөзі» Білу

1.«Егер мен туралы білгің келсе, түсінгілерің келсе, менің өлеңдерімді рет - ретімен оқы»,- деген болатын Мұқағали өз күнделіктерінде.

2. «Өлгеннен кейін дәріптеп отырмыз ғой. Мұқағали шын мәнісінде, ақындар арасындағы мықты ақын. Айналасындағыларға риза болмай кетті»- дейді қазақ вальсінің королі Ш. Қалдаяқов.

3. Әйгілі драматург жазушы Серік Тұрғынбекұлы: «Мұқағали өмірінің ерекшелігі - тұнып тұрған драма. Көшеге шықса, милицияға соқтығып қалады. Жиналыста әкім басшы қаралармен соқтығысып қалады. Отбасында туралық айтып, әйеліне жақпай қалады,»- дейді.

- Сонымен, балалар, айтылған сөздің авторы кім? (Ш. Қалдаяқов, Серік Тұрғынбекұлы)

- Автордың сөзі кім туралы? М. Мақатаев

- Міне, сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.

- Ал, сөйлеуші жеткізген Ш. Қалдаяқовтың сөзі қайсы?

- Біреудің сөзінің бұлжытпай, өзгеріссіз берілуі төл сөз деп аталады.

Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап біреудің сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізуді төлеу сөз дейміз. Мысалы: Мұқағали өмірінің ерекшелігі - тұнып тұрған драма екендігін С. Тұрғынбекұлы айтқан болатын.

- Енді, балалар, қандай тыныс белгілері қойылған? (: «», -.)



Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатынын, қандай жағдайда айтылғандығын белгілеп тұрады. Автор сөзі жазылуда тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Төл сөз бен автор
: images -> archive
images -> Абылай хандығы Сабақтың мақсаты
images -> Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты. § 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
images -> Қазақстан республикасы экономикалық Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрес агенттігі
images -> Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құқықтарытары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп келеді
images -> Павлодар мемлекеттік педагогикалық институы «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен дәріс курстары
archive -> Сабақ жоспары № Тақырыбы: шкм математика сабағын ұйымдастыру
archive -> Өмір деген біреу бар жазықсызбын дей алман, жат көріндім
archive -> Календарно-тематическое планирование на 2012-2013 учебный год Предмет Русская речь Класс 6 класс с нерусским языком обучения
archive -> «Абай дана, Абай дара қазақта!» Аудандық ХІ абай оқуларының жоспары
archive -> Оқу пәнінің міндеттері




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет