Сабақтың тақырыбы: Түстану ерекшеліктері Сілтеме



жүктеу 268.93 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі268.93 Kb.
түріСабақ

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: А.Т.Тілекқабыл Д.О.І.Ж.О М.Тулепова


Апта 1

Күні: 04.10.2014ж

Сыныбы: 5

Мұғалімнің аты-жөні:

Губашева Альфия Ережеповна

Индер ауданы. Кулагино ұлттық гимназиясы

Сабақтың тақырыбы:

Түстану ерекшеліктері



Сілтеме:

Бейнелеу өнері оқулығы Авторлары: Қ.Болатбаев, Ұ.Ибрагимов. Алматы «Атамұра»2005



Жалпы мақсаты :

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың түс тануда логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Жазықтық бетінде жұмыс жасағанда түстердің бір-бірімен үйлесімділігін таба білуге баулу

Күтілетін нәтижелер:

А Бояу түстері жайлы біледі
В Түстерді бір бірінен ажырата біледі
С Сурет салғанда түстерді араластырып түс шығара біледі

Керекті жабдықтар:

Ресурстық парақтар, интерактивті тақта, бағалау парақтары.



Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Жеке, диалогтік оқытудағы топтық әңгіме, «Жалған, шындық», «Ой қозғау» әдісі, критерий арқылы өзін-өзі бағалау, «Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтық өзара бағалау,



Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру бөлімі

2 мин


1. Тұлға аралық байланысты орнату.

2. Сыныппен амандасу.

3. Түрлі-түсті бояу қарындаштар арқылы

( «Жылы» түстер, «Суық» түстер және «Түссіз түстер») деп оқушыларды үш топқ топтастыру

-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу

Үй тапсырмасын тексеру

5 мин


Откен сабақты еске түсіріп, пысықтау. «Жалған, шындық» әдісі бойынша сұрау. (Ия, Жоқ) сұрақтар әдісі

- қаламмен, тушпен салынатын суретті гравюра дейміз?

Жалған ба, шындықпа? Жоқ (графика)

- графиканы орындауда қолданылатын материалдар: ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тущь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз)

Жалған ба, шындықпа?Ия

- графика қай елдің сөзінен шыққан?(гректің «граппо» деген сөзінен шыққан «жазамын», «сызамын». «сурет саламын» деген мағынаны білдіреді)Жалған ба, шындықпа?Ия

- адам келбетін бейнелейтін көркем шығарманы портрет дейміз. Жалған ба, шындықпа? Ия.

- табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығарманы живопись дейміз. Жалған ба, шындықпа? Жоқ. пейзаж

- Жансыз заттардан құралған көркем шығарманы натюрморт дейміз. Жалған ба, шындықпа? Ия
Оқушылар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді және сәйкес жағдайға икемделеді.
Өткен материалды еске түсіріп, жаңғыртуды іске асырады.

Оқушылар Бағдаршам түстері арқылы әр топ бір-бірін бағалап отырады.

Мұндағы: Өте жақсы - Жасыл түс,

Орташа – Сары түс,

Төмен – Қызыл түс

Тұсаукесер

5 мин


13 мин

«Ой қозғау» Түстануға байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтар төмендегідей

  • Негізгі түстерді ата (қызыл,сары,көк)

  • Түстер неше топқа бөлінеді? олар (жылы,салқын)

  • Жылы түстер: қызыл, сары, қызғылт сары, қоңыр, жасыл

  • Салқын түстер: көк, жасыл, күлгін, көгілдір

  • Негізсіз түстерді ата (ақ, қара, сұр)

Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.


Машықтық кезең:

Жылы түстер мен суық түстерге екі бағытта бірнеше жылы түстер мен суық түстердің топтамасын қағаз бетіне түсіріп бояп шығу тапсырылады

Оқушылардың жұмыстарын тексеру, қате жерлерін тексеру, түзелуіне жағдай жасау.

Критерий

Дискриптор

Ұпай

Сұраққа жауап беруі

Сұраққа берген жауаба дұрыс әрі нақты

3

Сұраққа берген жауабы жалаң, орташа

2

Сұраққа берген жауапта ауытқу бар

1


Әр партаға бағалау парағын тарату

Әр оқушы өз бетінше жұмыс жасауға кіріседі, содан соң өз бетінше бағалайды

Жұмыстарын бағалау критериясы арқылы бағалау

Негізгі бөлім

10 мин


3 мин
1«Еркін талқылау» әдісі арқылы топтық жұмыстар

Жаңа сабақты меңгергендіктерін тексеру мақсатында 3 топқа тапсырмалар беру



I топ. Анықтау. Сурет бойынша жұмыс
IІ топ. Зерделеу Суретке қарап жылы түстер мен салқын түстерді саралау

( Талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда «Нағыз құзыреттілікті қалыптастыру» идеясын жүзеге асыру.)


IІІ топ. Салыстыру. Суретке қарап түстердің қаншалықты екен салыстыру.

Венн диаграммасы бойынша электронды нұсқада дайындау


Сергіту сәті Екі-екіден жұптасамыз. Назар саламыз. Мен айтамын, сол айтқаным бойынша сендер орындайсындар. Келістікпе? Ендеше іске сәт!

  1. Сәлемдес

  2. Арқасынан қақ

  3. Басынан сипа

  4. Көзіңді қыс

  5. Қол бұлға

  6. Ауа арқылы сүй

  7. Құлағынан тарт

  8. Күлімсіре

  9. Екі қолынан ұстап секір

  10. Тілек айт

  11. Жақсы қасиетін айту

  12. Құшақта


Критерий

Дискриптор

Ұпай

Сурет арқылы ойын жеткізуі

Сурет бойынша мағлұмат бере алады, ойы жүйелі.

3

Сурет туралы деректері бар.

2

Суретпен жұмыс бар, бірақта толықтыру

ды әліде қажет етеді



1




Қорытынды

4 мин


  1. Кері байланыс.

eye_ball_cartoon_01x002

Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің?

9083-clipart-picture-of-an-ear-mascot-cartoon-character-with-welcoming-open-arms

Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың?

http://vkontakteimg.ru/wp-content/uploads/2010/03/serdechko.jpg


Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің?

Үйге тапсырма:

  1. Міндетті деңгейлі тапсырма.

Үйден түстануға қосымша түс шығару тапсырылады

  1. Мүмкіндік деңгейлі тапсырма.

Қ.Р суретшілерінің живопистік өнердегі шығармаларын тауып қосымша материал жинақтап келу тапсырылады


Апта 2

Күні: 11.10.2014ж

Сыныбы: 5

Мұғалімнің аты-жөні:

Губашева Альфия Ережеповна

Индер ауданы. Кулагино ұлттық гимназиясы

Сабақтың тақырыбы:

Түстің эмоциялық мүмкіндіктері

Сілтеме:

Бейнелеу өнері оқулығы Авторлары: Қ.Болатбаев, Ұ.Ибрагимов. Алматы «Атамұра»2005

Жалпы мақсаты :

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың түс тануда логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Жазықтық бетінде жұмыс жасағанда түстердің бір-бірімен үйлесімділігін таба білуге баулу


Күтілетін нәтижелер:

А Бояу түстері жайлы біледі

В Түстерді бір бірінен ажырата біледі

С Түстердің жәй-күйін ажырата біледі

Керекті жабдықтар:

Ресурстық парақтар, интерактивті тақта, бағалау парақтары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Жеке, диалогтік оқытудағы топтық әңгіме, «Серпілген сауал», «Сұрақты ұстап ал» әдістері, «Басбармақ»арқылы өзін-өзі бағалау, «Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтық өзара бағалау, рефлекциялық бағалау

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Үй тапсырмасын тексеру

2 мин

7 мин


Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, оқу құралдарын түгелдеу.

Оқушыларды психалогиялық тұрғыда дайындау;

Шеңбер құру арқылы бір-біріне қарап жақсы тілек білдіреді.

Оқушыларды «Күлегештер (смайлик)» арқылы 3 топқа бөлу.

«Крестиктер, нөлдіктер»

«Түстану» тақырыбына қатысты торлар астына сұрақтар жазылады.



1

2

3

4

5

6

7

8

9

Сұрақтары төмендегідей

  • Негізгі түстерді ата

Ж/ы: (қызыл,сары,көк)

  • Негізсіз түстерді ата

Ж/ы: (ақ, қара, сұр

  • Түстер неше топқа бөлінеді? Олар

Ж/ы: (жылы,салқын)

  • Жылы түстер:

Ж/ы: қызыл, сары, қызғылт сары, қоңыр, жасыл

  • Салқын түстер:

Ж/ы: көк, жасыл, күлгін, көгілдір

  • Түр түстерді арнайы зерттейтін ғылым

Ж/ы: (түр-түстану)

  • Табиғаттағы әр алуан түр-түстерді адам баласы қандай жолдармен танып біледі, олар қандай-қандай?

Ж/ы: (1. Ғылыми жолмен, 2. Халықтық дәстүр-тәжірибе бойынша)

  • .Суретшінің бояу таңдағыштығы палитра арқылы анықталады. «Палитра» сөзі екі ұғымды білдіреді, олар қандай-қандай?

Ж/ы: 1. Суретші бояуларды салып араластыратын тақтайша. 2. Суретші бояуларының жиынтығы

  • .Сен қалай ойлайсың? Олардың айырмашылығы неде?

Өткен сабақты қорытындылай келе, жаңа сабаққа кіріспе жасалады.

Оқушылар амандасып, оқу-құралдарын түгендейді. Жоқ оқушыларды атайды.

Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне өзіне қатысты жақсы қасиеттерін айтады: ақкөңіл, сыпайы, мейірімді.т.б.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.

Топ мүшелері шапшаңдықпен жауап береді, бере алмаған жағдайда басқа топ жауап береді. Бағдаршам арқылы бағаланады.

Сұраққа мүдірмей жауап берсе

Жасыл түс

Сұрақтың жауабын білмей топ мүшелері көмектессе

Сары түс

Сұрақтың жауабы дұрыс емес болса

Қызыл түс



Тұсаукесер

3 мин

13 мин


«Миға шабуыл». Өткен сабақпен байланыстыра отырып шолу жасап өтемін.

Ой бөлісу.

Арнайы ішіне фасоль салынып дайындалған қапшықты балаларға ұсынамын. Ол қапшықты әр топ бір-біріне сұрақ қою арқылы лақтырулары керек.


«Серпілген сауал».

  • Қызыл + сары = ? (қызғылт сары)

  • Қызыл + көк = ? (сия көк)

  • Сары + көк = ? (жасыл)

  • Ақ + қара (сұр)

  • Көк + ақ (ашық көк)

  • Сары + жасыл (күлгін жасыл

Машықтық кезең:

Түс пен түсті араластырып үшінші түсті шығару тапсырылады. Мысалы:

+ =

Оқушылардың жұмыстарын тексеру, қате жерлері болса дүзеуге жағдай жасау.




Оқушылар тыңдайды.

Әр топ оқушылары қапшықты бір-біріне сұрақ қою арқылы лақтырады. Сұраққа жауап берген топ 3 бал алады, егерде жауап бере алмаса 1 бал алады.

Оқушылар еске түсіреді, талдайды

Әр оқушы берілген тапсырма бойынша өз бетінше жұмысты орындайды.

Оқушылар өз жұмыстарына өздері «Басбармақ» әдісі арқылы баға береді.

Басбармақ жоғарыға қарай = Менім жұмысым тамаша шықты.

Басбармақ көлденең = Менім жұмысым орташа

Басбармақ төмен қарай = Менім жұмысым өте төмен.



Негізгі бөлім

10 мин

ТАПСЫРМА І

  • Суретке қарап түстердің эмоциялық жәй күйін анықта

ТАПСЫРМА ІІ

  • Суретке қарап түстердің үйлесімділігін зерделе

ТАПСЫРМА ІІІ

  • Суретке қарап суретші қаншалықты түс қолданғанын салыстыр

Сергіту сәті: «Іс қимылдар коктельі»

(Бұқы, піл, кит, желе)



Әр топ берілген тапсырмасы бойынша жұмыстанады.

Сұрақтар бойынша ойланады, жауап беруге жұмыстанады, бірінің ойын екіншісі толықтырады.

«Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтарда өзара бағалау жүреді. Бағалау критерийлері :

Егер жеткізуі нақты, анық, түсінікті болса

Жасыл түс

Егер жеткізуі орташа, сөзінде ауытқушылықтар кезіксе

Сары түс

Егер құр сөзге негізделген, мүлдем түсініксіз болса

Қызыл түс

Оқушылар кошбасшының талабын орындайды. Сергіту сәті арқылы түрлі қимылдарды көрсетіп шығады


Қорытынды

Үйге тапсырма:

5 мин

2 мин



«Сұрақты ұстап ал» әдісі бойынша откен сабақтарды қайталау

Мұғалім откен сабақтар бойынша фасоль салынған қапшықты кезек пен кезек әр командаға лақтырады.



  1. Негізгі түстерді ата

Ж/ы: (қызыл,сары,көк)

  1. Негізсіз түстерді ата

Ж/ы: (ақ, қара, сұр

  1. Түстер неше топқа бөлінеді? Олар қандай - қандай?

Ж/ы: (жылы,салқын)

  1. Жылы түстерді ата:

Ж/ы: қызыл, сары, қызғылт сары, қоңыр, жасыл

  1. Салқын түстерді ата:

Ж/ы: көк, жасыл, күлгін, көгілдір

  1. Түр түстерді арнайы зерттейтін ғылым

Ж/ы: (түр-түстану)

  1. Табиғаттағы әр алуан түр-түстерді адам баласы қандай жолдармен танып біледі, олар қандай-қандай?

Ж/ы: 1. Ғылыми жолмен,

2. Халықтық дәстүр-тәжірибе бойынша



  1. .Суретшінің бояу таңдағыштығы палитра арқылы анықталады. «Палитра» сөзі екі ұғымды білдіреді, олар қандай-қандай?

Ж/ы: 1. Суретші бояуларды салып араластыратын тақтайша.

2. Суретші бояуларының жиынтығы

-.Сен қалай ойлайсың? Олардың айырмашылығы неде?

. Бекіту: Рефлексия.



«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бүгінгі өтілген сабақты бекіту

.

Үйден адамның көңіл күйін білдіретін бірнеше смайликтердің суретін салып келу тапсырылады



Оқушылар өткен сабақтар бойынша алған білімдерін ортаға салады.

Қапты ұстап алып сұраққа жауап беруге тырысып отырады.

Оқушылар жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына болады Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.

Бағалау критериясы бойынша оқушылар бір-бірін бағалайды.





Апта 3

Күні: 18.10.2014ж

Сыныбы: 5

Мұғалімнің аты-жөні:

Губашева Альфия Ережеповна

Индер ауданы. Кулагино ұлттық гимназиясы

Сабақтың тақырыбы:

Үйлестіру заңдылықтары

Сілтеме:

Бейнелеу өнері оқулығы Авторлары: Қ.Болатбаев, Ұ.Ибрагимов. Алматы «Атамұра»2005

Жалпы мақсаты :

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушыларға компазиция жайлы мағлұмат беру, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Жазықтық бетінде жұмыс жасағанда затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету .

Оқушыларды жалпы әсемдікке, сұлулыққа баулу, жан дүниесін байыту, ой-санасын кеңейту.



Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Күтілетін нәтижелер:

А. Суретті қағаз бетіне орналастырып біледі

В. Компановка мен компазицияны айыра алады

С. Көркем шығармадағы үйлесімділік ортамен, компазициялық құрылымына анықтама бере алдады.

Керекті жабдықтар:

Ресурстық парақтар, тақырыптық суреттер, интерактивті тақта, бағалау парақтары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Сұрақты ұстап ал» әдісі бойынша топтық жарыс, «Конверт-сұрақ» әдісі, критерий арқылы өзін-өзі бағалау, «Еркін талқылау» әдісі арқылы топтық жарыс, «Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтық өзара бағалау, рефлексия парағы

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


Үй тапсырмасын тексеру

2

Мин


5 мин

1. Тұлғааралық байланысты орнату.

2. Сыныппен амандасу.

3. «Конфеттермен бөлу» арқылы үш топқа топтастыру

Үй тапсырмасын «Сұрақты ұстап ал» әдісі бойынша сұрау .


  1. Негізгі түстерді ата (қызыл,сары,көк)

  2. Негізсіз түстерді ата (ақ, қара, сұр

  3. Түстер неше топқа бөлінеді? олар (жылы,салқын)

  4. Жылы түстер: қызыл, сары, қызғылт сары, қоңыр, жасыл

  5. Салқын түстер: көк, жасыл, күлгін, көгілдір

  6. Түр түстерді арнайы зерттейтін ғылым (түр-түстану)

  7. Табиғаттағы әр алуан түр-түстерді адам баласы қандай жолдармен танып біледі, олар қандай-қандай? (1. Ғылыми жолмен, 2. Халықтық дәстүр-тәжірибе бойынша)




-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу

Оқушылар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді және сәйкес жағдайға икемделеді.


Өткен материалды еске түсіріп, жаңғыртуды іске асырады.

Оқушылар бағалау парағы арқылы бір-бірін бағалап отырады.




Тұсаукесер

5 мин

10 мин


«Конверт-сұрақ»

  • Нәрсенің біріктірілген ұсақ, жеке бөлшектерінің бір тұтас, бүтін болып көрінуін қамтамасыз етуді не дейміз? (компановка дейміз)




  • Көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, сол бөлшектерді өзара құрастырып, бір тұтас етеді.Олне?(үйлесімділік «компазиция»)




  • Көркем шығармада бейнеленетін кейіпкерлер мен қоршаған ортадағы нәрселерді белгілі тәртіппен орналастыруға көңіл бөлетін тәсілді не деп атаймыз? (үйлестіру заңдылығы)




  • Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін?

Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.
Машықтық кезең:

Интерактивті тақтада «Пайнт»пен жұмыс

Әр топтан бір оқушыдан шығып бір сурет салып берулері керек. Үйлестіру заңдылығын ескерулері қажет


Критерий

Дискриптор

Ұпай

Деректер арқылы ойын жеткізуі.

Нақты деректер келтіре алады, ойы жүйелі.

3

Деректермен жұмыс жасай алады.

2

Деректер бар, толықтыру

ды қажет етеді



1

Әр партаға бағалау парағын тарату

Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып сурет салады.

Әр топ бір-бірін бағалайды


Негізгі бөлім:


13 мин


1«Топтық тергеу» әдісі арқылы топтық жұмыстар. Жаңа сабақтың идеясын меңгерту мақсатында 3 топқа тапсырмалар беру
I топ.Анықта: «Артығы қайсысы?» әдісі бойынша төменде берілген үш суреттің қайсысы үйлестіру заңдылығына сай орындалғанын анықтау

IІ топ. Зерделеу: « Жанды фотосуреттер» әдісі арқылы төменде берілген суреттердің бірінен стоп-кадр құрыңыз:

  • Шынайы картина қандай?

  • Көзімізге не көрінбейді?

  • Суреттегі ----- сіз деп елестетіп көріңіз

  • Сіз не туралы ойладыңыз?

( Талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда «Нағыз құзыреттілікті қалыптастыру» идеясын жүзеге асыру.)


IІІ топ. Салыстыру: «Арасындағы айырмашылығы...» тәсілі бойынша екі суретті салыстыру

Сергіту сәті «Маған қарап қайтала»


Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді.

Алдымен, жеке оқушы өз бетімен мәтінді оқиды. Топтық талқылау жүреді.
«Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтарда өзара бағалау жүреді. Бағалау критерийлері :

Егер жеткізуі нақты, анық, түсінікті болса

Жасыл түс

Егер жеткізуі орташа, ауытқушылықтар кезіксе

Сары түс

Егер құр сөзге негізделген, мүлдем түсініксіз болса

Қызыл түс



Қорытынды

Үйге тапсырма:


5

Мин


2 мин

Кері байланыс.

eye_ball_cartoon_01x002

Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің?

9083-clipart-picture-of-an-ear-mascot-cartoon-character-with-welcoming-open-arms

Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың?

http://vkontakteimg.ru/wp-content/uploads/2010/03/serdechko.jpg


Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің?



  1. Міндетті деңгейлі тапсырма.

Оқулықтың 32-ші бетіндегі компазициялық суретке берілген екі үлгіні бейнелеу тапсырылады

  1. Мүмкіндік деңгейлі тапсырма.

Өз бетіңмен еркін тақырып бойынша көркем шығарма орында

Осыдан соң мұғалімнің қорытынды бағалауы жүреді.

Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі.




Апта 4

Күні: 25.10.2014ж

Сыныбы: 5

Мұғалімнің аты-жөні:

Губашева Альфия Ережеповна

Индер ауданы. Кулагино ұлттық гимназиясы

Сабақтың тақырыбы:

Күзгі жемі пен көкөніс натюрморты

Сілтеме:

Бейнелеу өнері оқулығы Авторлары: Қ.Болатбаев, Ұ.Ибрагимов. Алматы «Атамұра»2005

Жалпы мақсаты :

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың натюрмортта логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және көре білу қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу

Жазықтық бетінде жұмыс жасағанда затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету .

Оқушыларды жалпы әсемдікке, сұлулыққа баулу, жан дүниесін байыту, ой-санасын кеңейту.



Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Күтілетін нәтижелер:

А. Натюрморт жанры туралы біледі

В. Натюрмортты орындауда көлбеу, түзу, қисық сызықтарды пайдаланып біледі

С. Натюрмортты төрт кезеңде орындап біледі. Суретті салуда үйлестіру заңдылақтарын ескере алады.

Керекті жабдықтар:

Ресурстық парақтар, тақырыптық карталар, интерактивті тақта, бағалау парақтары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Жеке, диалогтік оқытудағы топтық әңгіме, «Кезбе тілші» әдісі, критерий арқылы өзін-өзі бағалау, «Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтық өзара бағалау, рефлексия парағы

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе
Үй тапсырмасын тексеру

2 мин

6 мин


1. Тұлғааралық байланысты орнату.

2. Сыныппен амандасу.

3. Жеміс-жидектер және көкөністер, гүлдердің суреттері арқылы үш топқа топтастыру
Үй тапсырмасын «Жалған, шындық» әдісі бойынша сұрау


  • Нәрсенің біріктірілген ұсақ, жеке бөлшектерінің бір тұтас, бүтін болып көрінуін қамтамасыз етуді компазиция дейміз? Жалғанба, шындақпа? (компановка дейміз)



  • Көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, үйлесімділік «компазиция» сол бөлшектерді өзара құрастырып, бір тұтас етеді. Жалғанба, шындықпа? (үйлесімділік«компазиция»)




  • Көркем шығармада бейнеленетін кейіпкерлер мен қоршаған ортадағы нәрселерді белгілі тәртіппен орналастыруға көңіл бөлетін тәсілді «компазиция» деп атаймыз?

Жалғанба, шындықпа?

(үйлестіру заңдылығы)
Өткен сабақты қорытындылай келе, жаңа сабаққа кіріспе жасалады.

-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу
Оқушылар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді және сәйкес жағдайға икемделеді.
Өткен материалды еске түсіріп, жаңғыртуды іске асырады.
Оқушылар бағалау парағы арқылы бір-бірін бағалап отырады.

Критерий

Дискриптор

Ұпай

Деректер арқылы ойын жеткізуі.

Нақты деректер келтіре алады, ойы жүйелі.

3

Деректермен жұмыс жасай алады.

2

Деректер бар, толықтыру

ды қажет етеді



1

Әр партаға бағалау парағын тарату


Тұсаукесер

5 мин

10 мин


Ой бөлісу.
Серпілген сауал.

  • Жеміс – жидек түрлерін ата

  • Көкөністерді ата

  • Натюрморт дегеніміз не?

  • Натюрморт дәл мағынасы қандай ұғымды білдіреді

  • Натюрморт алғаш рет қай ғасырда, қай елде пайда болды?

  • Қазіргі Қазақстан суретшілерінің көркем шығармаларынан натюрморт жанры бойынша қай суретшілердің еңбектерінен жие кездестіреміз

Оқушының жауаптарына қарай мадақтап ынталандырып отырамын.
Машықтық кезең:

Күзгі жеміс пен көкөністерге өз бетінше натюрморт орындау тапсырылады.



Оқушылар бағалау парағы арқылы бір-бірін бағалап отырады.

Бағалау критериясы арқылы оқушылардың өз-бетінше орындаған жұмыстарын өз беттерінше бағалау тапсырылады



Негізгі бөлім

13 мин

1«Топтық тергеу» әдісі арқылы топтық жұмыстар. Жаңа сабақтың идеясын меңгерту мақсатында 3 топқа тапсырмалар беру
I топ.Анықта: Төменде берілген суретке қарап натюрморттың копмпазициялық құрылымына анықтама бер

  • Ұйлесімділік заңы туралы не білесін?

  • Суретте үйлесімділік барма, көрсет



IІ топ. Зерделеу: Төменде берілген суреттерге қарап зерделе

  • Сурет қалай салынған?

  • Талапқа сайма?

  • Суретті салуда ереже сақталған ба?



IІІ топ. Салыстыру: Төменде берілген суреттерге қарап «Арасындағы айырмашылығы...» тәсілі бойынша екі суретті салыстыру
Әр топтың қорғаған топтық жұмысын топ арсында бір-бірін «Бағдаршам» стратегиясы арқылы бағалау тапсырылады

Сергіту сәті «Әсем әуенмен би билеу»



Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді.

Алдымен, жеке оқушы өз бетімен мәтінді оқиды. Топтық талқылау жүреді.
«Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтарда өзара бағалау жүреді. Бағалау критерийлері :

Егер жеткізуі нақты, анық, түсінікті болса

Жасыл түс

Егер жеткізуі орташа, сөзінде ауытқушылықтар кезіксе

Сары түс

Егер құр сөзге негізделген мүлдем түсініксіз болса

Қызыл түс



Қорытынды

Үйге тапсырма

4 мин

2 мин


Кері байланыс.

eye_ball_cartoon_01x002

Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің?

9083-clipart-picture-of-an-ear-mascot-cartoon-character-with-welcoming-open-arms

Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың?

http://vkontakteimg.ru/wp-content/uploads/2010/03/serdechko.jpg


Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің?

  1. Міндетті деңгейлі тапсырма.

Көкөніс пен жеміс жидек түрлерінен компазиция құрастырып келу тапсырылады


  1. Мүмкіндік деңгейлі тапсырма.

Қ.Р суретшілерінің натюрморт жанрына салған шығармаларын жинақтап келу



Осыдан соң мұғалімнің қорытынды бағалауы жүреді.



Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі.

: upload -> iblock
iblock -> Поэмасын табыңыз. A «Ескендір». B «Ақын өлімі туралы аңыз»
iblock -> Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Қызылорда хбб нзм уақыты: 25. 11. 2013 ж
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> «Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> Қазақстан тарихы пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы
iblock -> Сабақ жоспарының құрылымы Қазақстан тарихы 9-сынып
iblock -> Сабақ 2 сағат Мектеп: Семей қаласы фмб нзм
iblock -> Елена воевода по пути евразийских караванов: проблемы сотрудничества и межкультурной коммуникации




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет