Сабақтың тақырыбы



жүктеу 71.66 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі71.66 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: §26. Отырар-қаһарман қала

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Өз тарихында қилы оқиғаларды басынан кешірген ортағасырлық қаһарман қала - Отырардың қалыптасуы мен монғол шапқыншылығы кезіндегі ерлікпен қорғанысы туралы білім беру.

Дамытушылық: Отырардағы қала мәдениетінің монғол шапқыншылығына дейінгі және монғол шапқыншылығынан кейінгі жағдайын салыстыра отырып оқушыларды ой қорыта білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Отырарлық азаматтардың, Қадырханның ерлігі негізінде оқушыларды адалдыққа, туған жерін сүюге, басқыншылық соғыс атау Әдісі: интерактивтіПәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: 1. «Отырар» альбомы.2. Шыңғысханның суреті.3. Отырардың күйреуін суреттейтін суреттер.4. Ортағасырлық Қазақстан картасы.5. «Шыңғысхан» - бейнефильмі.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы.

Төмендегі сұрақ-тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап ойынын өткізу.

1. Қазақстанның ортағасырлық қалаларын картадан көрсетіңдер.2. Ортағасырлық қалалардың бөліктері мен олардың қызметін атаңдар.3. Қазақстанның ортағасырлық қалалары туралы не білесіңдер.4. Түркістан қаласы мен Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы әңгімелеп айтып беріңдер.



Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылар, өткен сабақта біз сендермен ортағасырлық Қазақстан қалаларына жеке-жеке қысқаша тоқталып өтсек, бүгін ортағасырлық Қазакстан қалалары ішінде өзіндік ерекше тарихы бар, маңызы зор Отырар қаласына жеке тоқталамыз. Себебі, бұл қаһарман қала Отырардың тарихы қазақ жерін жаулап алушы Шыңғысхан басқарған монғолдармен тығыз байланысты деп, бүгінгі сабақтың жоспарына тоқталамын. Қазақ шежіресінде Отырар Дешті Қыпшақ жерінде бас қалалардың бірі делінген.

Сабақтың жоспары:1. Отырардың қалыптасу тарихы.

2. Отырар сауда орталығы.

3. Шыңғысхан баскарған монғол империясының құрылуы.

4. Монғолдардың Қазақ жеріне және Орта Азияға шапқыншылығы.

5. Отырар қорғанысы.

6. Қарашаның сатқындығы.

7. Қайырханның өлімі.

8. Хорезм шахы және Отырар.

9. Әмір Темір тұсындағы Отырар.

Оқу материалы көп болғанымен, өте қызықты тақырыптардың бірі. Оқушыларға төмендегі кестені пайдалана отырып, Отырар қаласының калыптасу тарихына сипаттама беремін.



Отырар Ертеде Шығыс әлеміне танымал болған қала.Мұнда алғашқы қоныстар осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған.VI-VIII ғ. Отырар түркі ұлыстарына астана қызметін атқарған.ІХ-Х ғ. Сырдың бойындағы басты қала.Қазақ хандығының сауда жөне экономикалық орталығы болған.Ойрантөбе, Фараб деген атпен тарихта белгілі.Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан қала.

Жоғарыдағы кестенің көмегімен оқушылармен бірге Отырардың калыптасу, гүлдену тарихына тоқталамын. Одан кейін Отырар қаласын сипаттау оқушылардың өздеріне тапсырылады. 1-2 оқушыға оны мәтіннен тауып оқытқызамын. Қалған оқушылар оны мазмұндап, Отырар қаласын сипаттап әңгімелеп береді.

Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген деп, оның себеп-салдарын ашып көрсетемін. XII ғасырда қазіргі Монғолияда Шыңғысханның басқаруымен монғол тайпаларының мемлекеті құрылды. Оқушыларға қызықты болу үшін төмендегі әдебиеттерден қосымша деректер келтіремін. Пайдаланылатын әдебиет:Әбілгазы. Турікшежіресі. - Алматпы: Анатілі, 1991.

Шыңғысханның портретіне оқушылардың назарын аудару. Монғол әскері сол заманда аса қуатты еді және мықты тәртібімен ерекшеленді. Қажет болған жағдайда әскер тез жиналып, олардың саны 200 мыңға жететін болған. Әскери тәртіптің күштілігі сондай, бір жауынгер үшін он жауынгер жазаланатын еді. Осыған дәлел ретінде бейнефильмнен үзінді келтіремін. Әрине, бейнефильмді толық көріп шығуға мүмкіндік бола бермейді, сондықтан монғолдардың әскери қару-жарағын, киімдерін, әскери өнерін сипаттайтын эпизодтарынан үзінді көрсетемін. Бұл оқушыларға монғолдардың дүниені дүр сілкіндіріп, өздеріне бағындырып алуының себебін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Одан әрі монғолдардың Қазақ жеріне басқыншылығын сипаттайтын төмендегі негізгі даталарды оқушыларға дәптерлеріне жазғызып қоямын.1218 жыл Шыңғысхан басқарған монғолдардың Жетісу өңіріне аттануы.1219 жылы 150 мыңға жуық монғол қалың қолының Отырарға шабуылы.1220 жыл монғолдардың Отырарды алуы. Монғолдардың Отырар қаласына шабуылы мен Отырардың қорғанысы туралы аңыз әңгімелерді оқушыларға өздеріне кезек-кезек оқытып, айтып беруін сұраймын. Оның мазмұнын жоғарыда келтірілген жаңа сабақтың жоспарына сүйене отырып сұраймын. Бұл оқушылардың өз ойларын жүйелілікпен баяндауға кемектеседі. Оқушылардың жауабы тыңдалған соң, «Отырардың қорғанысын» сипаттайтын бейнефильмнен үзінді керсетемін. Бейнефильмді көрсетпес бұрын оқушыларға төмендегі үлгідегідей сұрақтар тізімін алдын ала ұсынамын. Сұрақ-жауапты сабақты бекітуге пайдаланамын

1. Отырар қаласы күрылысынан қандай өзіндік ерек-шелік көрдіңдер? Нені тағы қоса аласыңдар?2. Отырарлықтар кандай қорғаныс кару тұрлерін пай-даланған?3. Монғолдардың қару - жарактарын отырарлықтардың қару – жарақтарымен салыстырыңдар.Осылайша Отырар қаласының Қазақстан тарихындағы алатын орнын көрсете отырып, сабақты корытындылаймын.Бағалау:Үйге тапсырма: 26-параграфты оқу. Оқушыларға бейнефильмді толық көріп, келесі сабақта қосымшадерек ретінде әңгімелеп беруді тапсырамын.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §27. Қазақ халқының қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: Этнос, алаш пен қазақ ұғымдары, Қазақ елінің жеке халық болып, ұлттық этникалық және антропологиялық негізін қалаған тайпалар туралы түсінік беру.

  • Дамытушылық: Этнос, халық ұғымдарын айыра білуге, ұлт болып қалыптасудың тарихи даму заңдылықтарын түсіне білуге үйрету.

  • Тәрбиелік: Ру, ата-баба, әулет шежіресінің түпкі мәнін түсіне білу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Қола дәуірі, түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген тайпалардың мәдениеті, этникалық тарихы, монғол дәуіріндегі Шыңғысханның портреті (осы дәуірлердегі адамдардың антропологиялық типін сипаттайтын салыстырмалы суреттер).

Ежелгі Қазақстан картасы. Монғол дәуіріндегі Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасы.

«Шыңғысханға тарихи тұлға» ретінде мінездеме берілген жазбаша жұмысты 2-3 оқушыға ауызша оқытып, қалған оқушылармен үйде көріп келген бейнефильм бойынша талдаймын.



Жаңа тақырыптың жоспары.

1. Қазақ халқының арғы ата-бабалары.

2. Энеолит дәуірінің жылқышы тайпалары.

3. Қола дәуірінен қалған мұра.

4. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар.

5. Олардың антропологиялық, тілдік ерекшелігі. Жаңа тақырыпты этнос және халық ұғымдарын түсіндіруден бастаймын.

Этнос деп өз тілі, дәстүрлі мәдениеті, өзіндік ұлттык мінез-құлқы бар, өзара туыс және бір аумақта қалыптасып өмір сүретін халықты, ұлтты атайды.

Халық деп, тілі, тұрмысы, рухани мәдениеті ортақ, өзін елдес, жерлес тұрғыдан ұғынған белгілері бар, қалыптасқан қауымдастықты атаймыз. Халық белгілі бір әлеуметтік-экономикалық ортада құралады.

Қазақ этносы халық болып өз ұлттық мемлекетін ХҮ-ХҮІ ғасырларда құрды деп, төмендегі кестенің көмегімен түсіндіремін. Қазақ этносының халық болып қалыптасу тарихы сонау энеолит (мысты тас) дәуіріне барып тіреледі. Ол дәуірде Қазақстан даласында жылқышы тайпалар өмір сүрген. Б.з.б. II мыңжылдықтың басында тастан жасалған құралдарды металдан жасалған құралдар біртіндеп ығыстырып шығара бастады. Адамдар күнделікті өздеріне қажетті құралдарды мыс сияқты металдардан жасай бастады деп, өткенді қайталап, оқушылардың естеріне түсіріп кетемін.
Қазақ халқының калыптасуы


  • Дәуір

  • Энеолит деуірі Қола дәуірі

  • Сақ дәуірі

  • Ерте көшпелілер дәуірі

  • Монғол дәуірі

    • Тайпалар

    • Жылқышы тайпалар Арий, тур, қиян

    • Сактар

    • Ғұндар, үйсіндер, каңлылар

    • Қарлұктар, кыпшактар, тұркештер

  • Антропологиялық типі

  • еуропеоид кескінді, бірак

  • еуропеоид кескінді, орта бойлы адамдар

  • еуропеоид пен

  • монголоидтық нәсілдер араласа бастаган

  • еуропеоидтык-монғолоидтық аралас нәсіл

  • монролоидтық белгілердің үлесі күшейе түседі

Бекіту:

Тақтаға қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар: арий, тур, киян, сақтар, ғұндар, үйсівдер, қаңлылар, қимақ, оғыз, қыпшақтар, түріктер, түргештер, арғын, жалайыр, найман, алшын, керей, дулат т.б. деп жазып қоямын. Оқушылар тақтадағы сөйлемді дәптерлеріне жазып алады.



Бағалау:

Үйге тапсырма. 27-параграфты окып, тақырыптың соңындағы сұрак-тапсырмаларды орындап келу.
: 2015
2015 -> Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық»
2015 -> Сабақтың тақырыбы: «Негізгі және туынды сын есім»
2015 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
2015 -> 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Атырау қаласы
2015 -> Абай және музыка Мақсаты
2015 -> Сабақ: «Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Шығармалар жинағы (оқу-әдістемелік құрал) Асимбетова Лиза Куанышовна Мустафина Алтынгул Агисовна
2015 -> Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет