Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі



жүктеу 46.96 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі46.96 Kb.
түріСабақ
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,

№2 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ракишева Дана Труспековна

7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты : а) білімділік – зат есімнің сөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру, зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;

ә) дамытушылық – сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасау;

б) тәрбиелік – тілге байланысты мысалдар ала отырып, туған тлін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, топтастыру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, топтық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу.Сабаққа даярлау.

2.Бүгінгісабақтың құрлымымен таныстыру.

Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады. Журналдың әр парағында тақырыптар берілген: 1. Қайталау – оқу анасы; 2. Жаңа сабақ құпиясы;

3. Кітап – досың, ақылшың; 4.Білімді мыңды жығар; 5.Жеті жұрттың тілін біл;

6. Біліміңді байқап көр.

Әр беттегі тақырыпты аша отырып, тапсырмаларды орындаймыз. Сыныптағы оқушылар деңгейіне қарай 3 қатарға бөлініп отырғызылады.

1-қатар «Белсенділер», 2-қатар «Алғырлар», 3-қатар «Талапкерлер»

(Бүгінгі сабақта тілге байланысты мысалдар алынады.)

1. «Қайталау – оқу анасы». Өткен сабақтарды, үй тапсырмасын сұрауда алғашқы «Қайталау – оқу анасы» парағы ашылады. Әр қатарға өткен сабақ бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.

1-қатар оқушылары бірлесіп, зат есім бойынша тірек-сызбасын салады, түсіндіреді, ережесін айтады.
кім? не? дара, күрделі негізгі, туынды


жалпы, жалқы көптеледі




деректі, дерексіз септеледі тәуелденеді


2-қатар оқушылары бірлесіп, зат есімді орыс тілімен салыстырып көрсетеді.


Қазақ тілінде

Ортақ белгісі

Орыс тілінде

1.Зат есім

2. Кім? деген сұрақ адамға қойылады

3. Не? деген сұрақ адамнан басқа

нәрселерге қойылады.



1.Заттың атын білдіреді.

2.Сұрақтары: кім?не?

3.Жалпы, жалқы болып бөлінеді.


1.Имя сушествительное

2.Кто? деген сұрақ жанды

Нәрсеге (адамға,малға, жан-

Урға) қойылады.

3.Что? деген сұрақ жансыз нәрселерге қойылады.

3-қатар оқушыларына үй тапсырмасын оқытып, тексеремін. 47-жаттығу.


2.Жаңа сабақты түсіндіруде «Жаңа сабақ құпиясы» парағын ашамыз.

а) «Ой қозғау». Бастауыш, орта буында алған сөйлем мүшелері туралы түсінігін, түрлерін сұраймын.

ә) Мысалдар арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.

- Балалар, мына мысалдарды оқып, сөйлем мүшелеріне талдайық.

Оқушылардың талдап түсіндіруі бойынша бірлесе отырып, зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтап, ережесін шығарамыз.

1.Тіл – ұлттың жаны.Атау септікте тұрып, кім? не? сұрағына жауап беріп, бастауыш қызметін атқарады.

2.Тіл – адамның ойын білідіретін құрал.Зат есім жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы да болады. 3-жақта жіктелген сөздің жіктік жалғауы болмайды.

3.Тіл – идеяның ,ойдың, сезмнің жанды көрінісі.Зат есім ілік септікте тұрып, анықтауыш қызметін атқарады.

4.Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып, өзге тілді сүйе алмайсың. Зат есім табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес септікте тұрып, толықтауыш қызметін атқарады.

5.Біз тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. Зат есім түбір тұлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш та болады.

3.Жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін «Кітап – досың, ақылшың» парағы ашылады.

51-жаттығуды сынып оқушылары ауызша орындайды. 3-қатар оқушылары 55-жаттығуды жазбаша орындайды.


4. «Білімді мыңды жығар». а) 2-қатар оқушылары үлестірмелі қағазбен жұмыс жүргізеді. Зат есімдерге толық сатылай талдау жүргізіледі.

1- топшама.Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы – сөз.

(Олжас Сүлейменов).

2-топшама. Ақылды ой,алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті.

(Ғабиден Мұстафин).

3-топшама. Ақылдың көркі – тіл

Тілдің көркі – сөз.

(Жүсіп Баласағұни).

4-топшама. Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес.

5-топшама. Тіл – ойдың тікелей шындығы.

Тіл – барша білімдердің қазынасы.

6-топшама. Тілім – шипам, дәрім де,

Мәңгүрт болып күн көрмен.

Абыройдың бәрін де

Маған осы тіл берген.
ә) 1-қатар оқушылары шығармашылық жұмыспен айналысады. Интербедсенді татада берілген тірек сөздер бойынша «Тілім – менің тірегім» атты шағын шығарма жазады.

5.Сергіту сәті ретінде «Жеті жұрттың тілін біл» парағы ашылады.

Оқылған мақалдағы айтылмай қалған сөзді тауып айту, орысша, ағылшынша баламасын табу.

а) Жігітті намыс өлтіреді, ... қамыс өлтіреді (қоян – заяц – hare)

ә) Баланың тілі - ... (бал – мед – һunу). Ананың тілі - ... (бал –мед – һunу)

б) Оқусыз ... жоқ, ... күнің жоқ.(білім – знание – khowiedge)

г) Өнер алды – қызыл ... (тіл – язык – tongue)

ғ) Көп сөз – көмір

Аз сөз - ... (алтын – золото – gold)

д) ... – оттан да ыстық» Отан – Родина – Motherland)

е) Ашу – дұшпан, ақыл - ... (дос,друг – friend)

ж) ... өссе – жердің көркі(гүл – цветы – flower)

... өссе – елдің көркі (қыз – девочка – girl)

з) Айтылған ... – атылған оқ(сөз – слова – word)

6.Бекіту сұрағын беру үшін «Біліміңді байқап көр» парағы ашылады.

а) Текст сұрақтары

3 нұсқадан тұратын тест сұрақтары беріледі.Әр нұсқада 10 сұрақ.

І нұсқа сәйкестендіру тесті, ІІ, ІІІ нұсқада ашық тест сұрақтары берілген. Жауабы тақтаға ілініп, өз-өздерін тексеріп, бағалайды.

«5»: 0-1 қате; «4»: 2-3 қате; «3»: 4 қате.

ә) Топтстыру. Зат есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады?

бастауыш баяндауыш


анықтауыш толықтауыш

пысықтауыш



Үйге тапсырма: 1.Өздерің оқып жүрген әдеби кітаптан бес сөйлем жазып, зат есімдерге талдау жүргізу.
: 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Эссе Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаға байланысты көзқарасым Жазған
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> 1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет