Сабақтың түрі : Дәстүрлі, дамытпалы сабақ, жаңа білімді игерту. Сабақтың әдісі



жүктеу 36.72 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі36.72 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ү дыбысы мен әрпіе таныту. Сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол арқылы берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету.

Дамытушылығы: Ү дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлату, сөйлемдер құрату. Дыбысталуы ұқсас Ұ дыбысымен салыстыру.Танымдық іс - әрекеттер арқылы ой-өрістерін, тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, құстарға қамқорлық жасай білуге үйрету.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі, дамытпалы сабақ, жаңа білімді игерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, ойын, өз бетімен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, тақырыптық сурет, буындар, тірек-сызбалар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тап-таза

Борда дайын тақтада

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партаға
- Бізде қазір қай сабақ?

- Әліппе пәнінен не үйренеміз?

- Дыбыс дегеніміз не? (естиміз, айтамыз)

- Әріп дегеніміз не? (көреміз, жазамыз)

- Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2)

- Балалар мына суретте нені көріп отырсыыңдар?

- Түлкіні.

- Бұл түлкі сендерден көмек сұрап келіп отыр. Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды

алдап кеткен екен. Енді үйіне барайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты.

- Балалар түлкіге көмектесейік.

- Ол үшін жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындайық.
ІІ. Өткенді қайталау.

Аң патшасы арыстанның тапсырмасы:

«Менің есімім» (ойын)

Шарты: Өз аттарыңның бас әрпіне бірнеше сөз айту.

Ойын «Сыңарыңды тап»



Оқулықты ашып, «Бұлақ» өлеңін оқыту.


Сергіту сәті.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Аюдың тапсырмасы.


Суреттерді көрсету.

Қазір мен сендерге жұмбақ айтамын, сол жұмбақтың шешуін осы суреттердің ішінен тауып көрсету.




ІV. Оқулықпен жұмыс.

Сөздерді оқу.

Сөздік жұмысы.

Үкі – құс

Жүгері - өсімдік


Оқушыға оқыту, буынға бөлгізу

V. Мәтінмен жұмыс.

Қасқырдың тапсырмасы.



Түлкі

Мәтіннің атын оқу, оқып беру.

Іштей оқыту, тізбектей оқыту, тұтас оқыту.

Мәтінді талдау


  1. Неше сөйлем бар? (7 сөйлем)

  2. Түлкінің қайда тіршілік ететіні туралы жазылған сөйлемді оқыту.

  3. Түлкінің терісінен қандай киім тігіледі? (сол жерді тауып оқу)

  4. Түлкі ертегілерде қалай суреттеледі? (Сол жерді оқыту)


VI. Дәптермен жұмыс.



Тиіннің тапсырмасы.

«Сергіту жаттығуы»

«Ү» әрпінің жазылуын тақтада түсіндіру.Ауада жазу. Дәптерге үлгі бойынша жазу.
VIІ. Ұ – Ү
Ұн құн құз құндыз құрақ

Үн күн күз күндіз күрек


VIІІ. «Дұрысын тап» ойыны

Қоянның тапсырмасы




  1. Ж Р Ү К Е 2. К Ж Ү І З

3. К І Ш Ү К 4. Ү Г Л
1. Бұлттар төніп, жерге төгіп

Дымқыл тұман басады,

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Айтыңдаршы бөбектерім

Бұл қай кезде болады. (Күз)


2. Іші толған шәрбат

Дәмі қандай әйбат.

Үзесің бірден жүзін

Оның аты ...... (жүзім)




  1. Баласын тізіп соңына, сүңгіп жүріп үйретті.

Су жұқпайтын жонына, кім біледі ......... (үйректі)



  1. Жарықта соқырмын,

Ұша алмай отырмын. (үкі)


  1. Киелі бір жануар

Үстінде екі тауы бар.(түйе)

Үкі Үйрек






Түйе Күз жүзім

Бүгінгі танысатын дыбысымыз – Ү дыбысы. Ол сөздің басында және ортасында келеді. Оны қызыл текшемен белгілейміз. Баспа жазба түрімен таныстыру.


ІХ. Тақтамен жұмыс

5

5
Жүрек – жүзік -


5


5

Күшік – гүл -


Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсету.

Жүрек – дыбыстық талдау.

Жүзік – буынға бөлу.

Күшік – сөйлем ойлау, сызба сызу.



Гүл – сөйлем, сызба сызу.
Х. Қорытынды.
Дыбыс  буын  сөз  сөйлем
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет