Сабақтың түрі: ашық альбом Барысы: 1-слайд І бет «Отты жылдар шежіресі»



жүктеу 328.29 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі328.29 Kb.
түріСабақ
Қарағанда облысы

Шахтинск қаласы

Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің

бастауыш сыныптар мұғалімі

Каржасова Айман Сериккызы
Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі

Мақсаты:

  • Болашақ ұрпақтың Ұлы Отан соғысы жылдары ата-бабаларымыздың асқан ерліктерін, қажымас еңбектерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, махаббатын, патриоттық сезімін ояту. 
    Көрнекілігі: журнал, слайд, схемалар, суреттер, портреттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар

Сабақтың түрі: ашық альбом

Барысы:

1-слайд

І бет – «Отты жылдар шежіресі»

Мұғалім: Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуанышпен мерекенің бұлағы.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» тақырыбында ұйымдастырылған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Жеңіс...Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бой минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды.

Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ана – жарын жоғалтқан жесір, бала – әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.

Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіме алам сол бір апат қайғыны.

Қан майданда мерт болған ерлердің рухына 1 минут үнсіздік.

Мұғалім: Адамзат тарихында дүниені дүр сілкіндірген, әлемді таң қалдырған талай оқиғалар өтті. Бірақ солардың ішінде қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған Ұлы Отан соғысындағы теңдесі жоқ жеңістің орны бір бөлек.
Ұлы Отан соғысының шежіресі мыңдаған ұлдар мен қыздардың қанымен жазылған қасиетті тарих. Бұл шежіре аласұрған фашизмнің ашкөз қорқаулығы, қандыбалақ қиянаты, адамдарының баға жетпес қажыры мен қайраты, ерлігі, елдік намысы жыр болған өшпес тарих.

1-оқушы : Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Суық хабар сол күні-ақ әйгілі диктор Левитанның қуатты үнімен тарады. Ұлы Отан соғысы басталды.

2-оқушы : Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.

3-оқушы: 41-жылдың июні,

Күндердің қауырт қиыны.

Тарықты елдің базары,

Соқты да соғыс құйыны.

Орман да көкпен таласқан,

Өксіді өмір, ақ аспан.

Қан-жоса боп қара жер,

Қақырап түсті қара аспан.



4-оқушы: Жаныштап ажал ызғары,

Қайғыдан жүрек мұздады.

Қаусатып кетті қарттарды,

Қартайтып кетті қыздарды.



5-оқушы: Үй сайын қайғы, нала, зар,

Таусылып бітті жаны аздар.

Мұржаға қара қарғаша

Үйілді қара қағаздар.



Мұғалім: Ұлы Отан соғысында 600 мыңнан астам отбасы қара қағаз алып, қайғының уын жұтты.

1-оқушы: Бұлт басты, ашық сәні, қашты аспанның,

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.

Анаға ең ауыр күн тіршілікте

Боздап кеп боздағымен қоштасқан күн.



2-оқушы: Аналар уайымдаса, уайымдасын,

Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын?

Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,

Жеткізді жерге дейін қайың басын.



3-оқушы: Жабады, дала төсін, нала, қайғы,

Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.

Қып қызыл көлдің бетін, сұңқылдаған

Аққулар қанатымен сабалайды.



4-оқушы: Күннің де жүзі қызыл күңіренген,

Иттердің ұлуы көп күндегіден.

Қан шапшып қауызынан райханның

Еменнің жас тамып тұр діңгегінен.



5-оқушы: Жас бала дір-дір етті мұны көріп,

Жіберді төгіп-төгіп мұңын берік.

Қоштасу, Тілеу, Қайрат беру...

Дүние кетті бір сәт күңіреніп.



Мұғалім: Отан Ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

«Қара бұлтты қақ жарайық» деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.



Көрініс: «Қоштасу»

Ана: - Сен кетсең солды гүлім, өшті үнім,

Жайылар қос қолым мен қос бұрымым.

Келгенше қайта айналып, кім бар, кім жоқ,

Тапсырдым бір құдайға, қош құлыным!



Бала: - Қайтармын соғыстан қол босағасын,

Сенемін сен үмітпен тоса аласың.

Майданға кіргеннен соң хат салармын,

Жылама қош болып тұр, қош анашым!



Мұғалім: Аналар тілек айтты қол жайысты,

Қарлығаш ұясынан зарлай ұшты.

Ерлердің екпінінен дауыл тұрып,

Қалың қол табанында жер қайысты.



Ән: О, аналар, осындайсың бәрің де! (Әуеннің 1 шумағы ойнайды)

Мұғалім: Халық ерлігі өлмейді, ол жылдар өткен сайын қайта жаңғырып, адамзат зердесіне орала береді. Отан шежіресінде, біздің жүрегімізде батырлар есімі мәңгі жасай береді. Ұрыс даласында қан жұтып, қыршыны қиылған боздақтар да, жеңіс жалауын жер үстінде желбіреткен жауынгерлер де, бізге бірдей қымбат.
1-оқушы: Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.



2-оқушы: Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы.



3-оқушы: Қан майдынға шығарып сап ардағын,

Қыз – келіншек түсірмепті салмағын.

Көрген жоқпыз өздеріңнің арқаңда

Сай – сүйекті сырқыратқан зардабын.



4-оқушы: Біздердің қазіргі бейбіт күлкіміз үшін, барлық халықтардың бақытты өмірі үшін отқа түсіп, жанын қиған батыр ағаларымыз бен апаларымызды біздер ешқашан естен шығармаймыз!

2-слайд

ІІ бет - «Жеңіс туын желбіреткен жерлестер»

Мұғалім: Соғыс басталысымен мыңдаған Қарағандылықтар әскери комиссариаттарға келіп, өздерін Қызыл Армия қатарына алуға өтініш білдірді. 1941 жылдың соңына қарай облыстың әскери комиссариаттарына 25 мыңнан астам өтініш түсті, оның 10 мыңын қарағандылық қыздар жазған еді. Соғыс жылдары майданға барлығы 59935 адам жіберілді.
Қарағандылықтар Отан үшін өшпес ерлік көрсетіп, жан қиярлықпен айқасты.
Қарағанды қаһармандары жайлы мағлұмат беру.

Мартбек Мамыраев

(1908-1989)

Мартбек Мамыраев Қарқаралы ауданының қазіргі М.Мамыраев ауылында туған. 1942 жылдың мамыр айынан бастап майданға кірді. Сталинград түбіндегі шайқастарға, 12-гвардиялық атқыштар дивизиясы сапында Димитров қаласын азат ету шайқастарына қатысты. Кеңес Одағының Батыры, Ленин ордені, Қызыл Ту ордені, I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері.
http://old-site.karlib.kz/victory/images/mamraev_martbek.jpg


Қазыбек Нұржанов
(1919-1945)

Кеңес Одағының батыры Қазыбек Бейсенұлы Нұржанов Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Ақтоғай ауылында туған. Қарқаралы педагогикалық техникумын бітіріп, Шет ауданында мұғалім болып істеді. Ұлы Отан соғысына 1942 жылысәуір айында шақырылды. Оның бүкіл соғыс жолы ерлік пен даңққа толы. Кеңес Одағының батыры, "Қызыл Ту", "ІІІ дәрежелі Даңқ" ордендері және "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.  http://old-site.karlib.kz/victory/images/nyrzhanov.jpg


Амантай Дәулетбеков 
(1917-1943)


Кеңес Одағының Батыры Амантай Дәулетбеков Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туды. А.Дәулетбеков 1942 жылғы жазда Брянск майданына жіберілді. Ол 13-ші Армияға қарасты танктерді бұзып-жоятын 1180-ші полктің артиллериялық расчет командирі болды. http://old-site.karlib.kz/victory/images/dayletbekov.jpg


Петр Иосифович Теряев
(1922-1945)


Петр Иосифович Теряев Қарқаралыда туды. Петр 1943 жылдан бастап соғысқа қатысты. Ержүрек ұшқыш 154 рет жауынгерлік тапсырмамен аспанға көтеріліп, дұшпанға соққы берді.
1945 жылғы ақпанның 15-де кезекті шайқаста оның самолетіне оқ тиді. Ол өзінің даңқты әріптесі Николай Гастелло және жерлесі Нұркен Әбдіровтің ерлігін қайталап, самолетін фашист танктері тұрған алаңға бұрып, ерлікпен қаза тапты.http://old-site.karlib.kz/victory/images/teryaev.jpg

Прокопий Прокопьевич Корниенко

1911 жылы қазіргі Тельман ауданы Ростов ауылында туған. Солтүстік майданның атқыштар полкінің барлаушысы болған П.П. Корниенко - Кеңес Одағының Батыры. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.


Нұркен Әбдіров
(1919-1942)корниенко прокопий прокопьевич

Кеңес Одағының Батыры - Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы дүниеге келген. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан.


1942 жылы желтоқсанның І9-да біздің батыр жерлесіміз соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққан еді. Жау оғы оның самолетіне дөп тиіп, өртене бастады. "Өзекті жанға бір өлім" деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс қанат сұңқарды фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды.
нұркен әбдіров


Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

3-слайд

ІІІ бет - «Майдангер ақын, жазушылар»

Мұғалім: Деректерге сүйенсек: Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 60-тай ақын, жазушы қатысқан екен. Соның 48-і қазақ ұлтының өкілдері. Сондай жандардың бірі әрі жерлесіміз, әрі жұртшылыққа талантымен танымал Б.Бұлқышев.

Мұғалім: Жоқ, болмайды, мен өлмен,

Өшпес менде өмір бар.

Өлім мен өмір күресте,

Өлімді өмір жеңе алар.

Біз алмастай қамал жоқ,

Дүлей дауыл соқса да.

Жеңбестей еш күш жоқ,

Алысса да, атса да, - деп жырлаған батыр да ақын ағамыз Баубек Бұлқышев осы қанды соғыстың құрбаны болды.

Әдебиетте жарқ етіп көрініп, жұлдыздай тез сөнген Баубек Бұлқышев ағамыз небәрі 28 жыл ғана өмір сүрді. Ол Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы "Аманкелді" аулында 1916 жылы дүниеге келді. Баубектің әкесі А. Иманов басқарған ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысқан.

Ол Ұлы Отан соғысында ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады.



Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. “Балалық шақ” поэмасы, “Ауылдан Алматыға” атты әңгімесі, “Өмір мен өлім туралы” деген өршіл, отаншыл мақаласы, “Алматы — менің туған қалам” деген бітпей қалған романы және “Айсұлу” деген поэмасы бар. Көптеген өлеңдер жазған. Б.Бұлқышев соғыс жылдарында жауынгер -публицист ретінде жарқ етіп көзге түскен. Оның "Өмір мен өлім туралы", "Өмір сүргім келеді", "Заман біздікі", "Шығыс ұлына хат", "Тыңда, Кавказ", "Жауыздық пен махаббат" деген публицистикалық шығармалары майдан жауынгерлерін ерлікке, патриоттылыққа үндеді. 1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты.

қалмұқан исабев Қалмұқан Исабаев он екі жыл өмірін әскерге берген, соғыстан соңғы жылдарда Берлиннің түбіндегі Иеленау қаласының коменданты қызметін атқарған. Берлиннің бір көшесіне Абайдың атын бергізіп, ескерткіш қойғызуға тікелей атсалысқан. Қырық шақты кітаптың авторы. Сонымен қоса, Қалекең ұшқыр ойлы, сөз тапқыш, қолма-қол қағытпа-қалжыңның шебері.

Мұғалім: Дәлел ретінде республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің Жеңістің 70 жылдығына орай шығарған «Отты жылдар әзілдері мен аңыздары» кітабынан арнайы бірер әзіл ұсынбақпыз.

ДАРЫМАҒАН ОҚТАР
Даңқты партизан Қасым Қайсеновтың сыйлас інілерінің бірі – өзі де майдангер жазушы Қалмұқан Исабаев екеуіне қатысты хикая көп. Бір күні Қалекең Қаскеңе сәлем бере келіп, әңгімелесіп отырып қалады. Бір кезде Қаскең:
– Қалмұқан, сен осы соғыста жараландың ба? – деп сұрайды.
– Пәле, жараланғанда қандай, – деп даусын көтере созып, аузын толтыра жауап береді Қалекең.
– Жаралансаң, қай жеріңнен жараландың? – дейді Қаскең.
– Басымнан
– Ой, сенің басыңда оқ паналайтындай жер жоқ қой, қалай жараланып жүрсің? –деп ағасы әзілге бұрып, Қалмұқанның тақыр, жалтыр басына көз жүгірте қарап. Әзілге жүйрік Қалекең де іркілместен басын бір сипап өтіп:
– Бәсе, Қаске, немістің оқтары ұшып келіп менің басыма тиюін тиіп жататын да ылғи қасымдағылар не өліп, не жараланып қалушы еді. Сөйтсе менің басымнан тайып кеткен оқтар ылғи соларға тиген екен ғой… – деген екен, майдангер жазушы.

Мұғалім: Елді қорғау – ер азаматқа берілген ұлы мәртебе. Соны абыроймен атқара білген ардагерлердің арқасында біз бүгін бейбіт өмір сүріп келеміз. Есімі елге жақсы таныс сондай жандардың бірі - Әзілхан Нұршайықов.

Отан үшін кеудесін оққа тосқан майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың естеліктерінен үзінділер келтіре кетсек:



1-оқушы: - Әкем –Нұршайық, Украинада оққа ұшты, ағайым-Ниғап, Ленинград қоршауында оққа ұшты, менің аулымнан соғысқа аттанғанда 14 бала бірге едік. Бәріміз 22-ші жылғы едік, сол 14 баладан 2 бала ғана аман-есен елге қайттық. Міне, солардың бәрі орны толмас өкініш қой...

Мұғалім: Өмір мен өлім безбенге түскен өзінің майдан даласындағы 786 күнін қарт майдангер жүрегінен жұлып тастай алмайтынын айтады. Қас дұшпанмен қасық қаны қалғанша шайқасып, қаһармандық пен қайсарлықтың қайталанбас үлгісін көрсеткен әр қазақ үшін соғыста «Абай жолы» кітабының орны бөлек болыпты.

2-оқушы: - Жолдастарыма «Абай» романындағы Абайдың Тоғжанмен кездескен сәтін оқып берген уақытта, жұрттың бәрі шаршағандарын ұмытып, күлімдеп:

«Ойпырым-ай, ой-пәлі ай, тағы да оқышы», - деуші еді. Сөйтіп, «Абай» романының қасиеті майданда осындай керемет әсер еткен еді.

Мұғалім: Әзілхан Нұршайықовқа даңқты қолбасшы - Бауыржан Момышұлынан сұхбат алу тапсырылады. Тірісінде, «ноқтаға басы сыймай кеткен» батырдың алдына барғандағы естіген алғашқы айқайы да жадында жаңғырып тұр.

3-оқушы: - «Ол мақаланы саған мен жазуым керек пе? Кругом!», - деді. Сосын мен жалт бұрыла бере, - Бәуке, «дат»- деп, айғай салдым.

«Дат» деген қазақтың бір әдемі, ескі сөзі, ешкімнің аузына түсе бермейтін сөз Бәукеңнің көңілін қозғап жіберді ме, мырс ете түсті де,

- Датың болса, айт,- деді.

Бауыржан Момышұлымен 12 сағат сөйлесіп, 23 бет әңгіме жазып алған жазушы, өзіне тапсырылған 6 беттік мақаланың орнына 160 беттік дүние жазып шығады, толықтыра келгенде, одан 800 беттік роман-диалог туады.



Мұғалім: Қасым Қайсеновтың «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Партизан соқпақтары» шығармалары, «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар» т.б. кітаптары бар.
Мұғалім: Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып, елін, жерін қорғаған айбарлы да айбынды, ержүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші!...Осындай батыр болмысты, қайсар рухты, биік тұлғалардың бірі – Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы.

Бауыржан Момышұлының жанды даусы

1-оқушы: Жырламай тұра аламын қалай мұны,

Жеріме жолатпаған мұң қайғыны.

Қаһарман, жазушы, ақын, дана азамат,

Бауыржан Момышұлы ел айбыны.



2-оқушы: Бауыржан ата 1910 жылы 24-желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданында Көлбастау ауылында дүниеге келген.

3-оқушы: Батыр ерлігі жайлы бірінші болып белгілі жазушы Александр Бек «Волоколамское шоссе» повесін жазды.

Бауыржан Момышұлы

4-оқушы: Бауыржан Момышұлы - қара басы,

Халқының болған адам садағасы.

Бауыржан Момышұлы – Қазақ деген

Ғаламат ұлы сөздің садағасы.



1-оқушы: Халқындай ол да бағлан, ол да батыр,

Халқындай ол да кеніш, ол да нақыл.

Қайыспас қара емендей қайран ерді

Халқына теңеу мәні сонда жатыр.



2-оқушы: Сүңгіген ақ боз мініп сезім отқа,

Сардардың жұта алмайды сөзін оқ та.

Қолпашты көтермейтін өмірінде,

Мақтауға болады енді өзі жоқта.



Мақал-мәтелдері

  1. Тізе бүгіп тірі жүргеннен,

Тіке тұрып өлген артық.

  1. Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.

  2. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

  1. Тәртіпке бас иген құл болмайды.

  2. Тексізден тезек артық,

Арсыздан айуан артық.

  1. Ел дегенде езіліп,

Жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

  1. Именіп жүріп көрген игіліктен,

Қарсыласып жүрген бейнет артық.

  1. Көре алмаған көз сорлы,

Айтылмаған сөз сорлы.

Қанатты сөздері

  • Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

  • Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

  • Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

  • Адамның әр харекетінен оның жан дүниесінің сыры аңғарылады.

  • Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.

  • Ою-өрнек, құрақ құрау – қазақ халқының кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі.

Әжесі – Қызтумас, шешесі – Рәзияны салған портреттері сақталған.



Ән: «Батыр Бауыржан»

Туындылары

«Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Куба әсерлері», «Генерал Панфилов», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы»



Мұғалім: Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.



ІІІ бет – «Қазақтың қаһарман қыздары»

Сөзжұмбақ

Сұрақтар:



  1. «...Шегініңдер! - деп айқайлаған командирдің даусы естілді. Бірақ ол шегінген жоқ. Әнеки, еңбектеп барып, Қасымбектің беліндегі гранаталарды шешіп алып, жақындап қалған алып танкінің астына лақтырды...» үзінді қай шығармадан алынған?

  2. Мәншүкті анасы еркелеткенде қалай атаушы еді?

3. «Батыр, ер жүрек, жүрек жұтқан» сөздеріне мағыналас сөз.

4. Мәншүктің анасының есімі?



  1. Мектеп ұжымы жақсы оқығаны, үлгілі тәртібі үшін Әлияны қайда жібермек болды?

  2. Мәншүктің шын есімі? (Мәнсия)

  3. «Тау қыраны» әңгімесінің авторы, Ұлы Отан соғысының батыры? (тегі)

  4. «Тау қыраны» әңгімесі кім туралы?

  5. Рейхстакка ту тікке батыр? (тегі)

  6. Жүз жасаған ақын?

  7. Батыр халық?

  8. Ж.Жабаевтың «Балама хат» өлеңі кімге арналған?

  9. Тұрдыбек Алшынбаевтың «Жақия» әңгімесіндегі фашистерді шыбындай қырған соғыс құралы?

  10. Әлияның жықсы көріп өсіретін гүлдерінің бірі?




Ж

а

Қ

и

я

М

о

н

ш

А

ғ

ы

м

қ

а

Һ

а

р

м

а

н

Ә

м

и

н

А

А

Р

т

е

к

М

ә

н

с

и

я

Ғ

А

б

д

у

л

л

и

н

Т

ө

л

е

г

е

Н




Қ

о

ш

қ

а

р

б

а

е

в

Ж

а

м

б

Ы

л

қ

а

З

а

қ

А

л

ғ

а

Д

а

й

К

А

т

ю

ш

а

г

е

Р

а

н

ь

Сұрапыл соғыс жылдары ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған қазақ қыздарының есімі ел есінде қала бермек.

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан әйелдерiн майданның әр тұсынан, әскери құрамалардың әр түрiнен кездестiруге болатын-ды. Олардан ұшқыш та, танкист те, радист те, барлаушы да, партизан да шықты.

маметова маншук жиенгалиевна (1922 — 1943) Дауылмен тербеп, оның жас бесігін,

Мәншүк деп елі атаған ерке есімін.

Адамша ақтау үшін Ана сүтін,

Майданның «Максимменен» ашты есігін.

Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,

Жеңіспен майдан бітіп жас ержетпек.

Ерлігі ел жүрегін тебірентіп,

Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.



Ән: «Менің Мәншүгім»

Сөзі – С.Тұрғынбеков, әні – Ә.Бейсеуов.

ie1ayuozuls Тверьдің орманы жас, жері кәрі,

Ата қоныс санайды елдің бәрі.

Сол жерде Әлияның қаны сіңді,

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.

Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,

Әлия Отанына болған мақтан.

Казачиха дөңінде тұлғасы тұр

Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан!



Ән: «Әлия»

Әні – С.Бейтереков

http://anatili.kazgazeta.kz/wp-content/uploads/d185d0b8d183d0b0d0b7-194x300.jpgХиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылдың 15 мамырында қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Зормата селолық кеңесінде дүниеге келген.

1940 жылы Орал қаласындағы №1 орта мектепті алтын медальмен бітіреді. 1942 жылдың мамыр айынан бастап Х.Доспанованың жастық шағының 3 жылы қанқұйлы соғыс майданында, аспандағы жау ұшақтарымен шайқаста өтті.Неміс фашистері біздің ұшқыш қыздарымызды «Түн перілері», «Түн аждақалары» деп атап, зәре-құты қалмай қорқатын көрнеді.

Қазақтың ұшқыш қызы "По-2» бомбылағыш ұшағымен 300-ден астам әуе шайқастарына қатынасып, жауынгерлік ерлігі үшін «Қанатты қыз» атанған.

Майданда ол ұшақтан 14 рет құлап, төрт мәрте  ауыр жарақат алды. Ауыр жарақатынан айыққан соң қайсар қыз әрдайым ұрыс даласына қайта оралып отырды. 



Мұғалім: Саптан шықпай нық басып келесің бе?

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер...

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,

Ару қыздар – алаулап от кешкендер.



Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Мұғалім: Отан үшін от кешкен,
Денелерін оқ тескен.
Ұмытпайық бұларды
Ұрпағы үшін жан кешкен...

Хор: Соғыс өрті жанбасын,

Сәбилер жетім қалмасын!

Бесігінде сәбидің, есігінде әр үйдің

Болмасын соғыс, болмасын!

Келешек ұрпақтың тілегі осы.



Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3Д сынып

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Қызыл шұнақ»

Жалпы мақсаты:

- Оқушылардың Сәкен Сейфуллин туралы түсініктерін кеңейту. «Қызыл шұнақ» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.

- Сөздік қорын танымдылық қызығушылығын дамыту, шығармашылыққа баулу.

- Имандылыққа, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу



Күтілетін нәтиже:

- бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, ауыз екі тілде қолдана біледі;


- жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады,   сыни тұрғыдан баға бере біледі;

 - табиғаттың сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды,Сәкен шығармаларын оқуға қызығушылығы артады.



Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сөздік, сұрақ - жауап

Дереккөздері: Сәкен суреті, қыс мезгілінің суреті,слайд.фишкалар,маркер, стикер
Пәнаралық байланыс; дүниетану, бейнелеу, музыка

Сабақтың барысы

I.Қызығушылықты ояту

1.Ұйымдастырады

а) Психологиялық дайындық



Қазақ тілім - өз тілім,дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым ана тілім.

ә) Топ ережесі

Бүгінгі сабақта:


  • ұстаздың сөзін мұқият тыңдап,

  • өз білімімізді ортаға салу,

  • өзімізді және өзгені сыйлау,

  • жаңа білімді меңгеруге құштарлық таныту

б) Топқа бөлу. Топтар өздерін таныстырып өтеді.

І топ – Желтоқсан

  1. Желтоқсан - қыстың бірінші айы. Бұл айдың атауы «жел» және «тоқсан» деген сөздің қосындысынан шыққан.

  2. Өйткені жел-тоқсан үш ай желді болады деген мағынаны білдіреді.

  3. Ежелгі түріктер де бұл айды жел айы деп атапты.

  4. Желтоқсанның 22-інде күн барынша қысқарады. Ол - «күнің тоқырауы».

  5. Қырбастың қызылы. Бұл – желтоқсанның басында болатын алғашқы аяз. Текенің бұрқылы (бұрқағы). Желтоқсанның қатты боран соғатын соңғы онкүндігі.


ІІ топ – Қаңтар

  1. Қаңтар – күннің «қаңтарылып байланатын», одан әрі тұқырып қысқара алмайтын айы болғандықтан осылай аталған.

  2. Қаңтарулы тұрған аттың басы жерге қалай жетпесе, қаңтардағы Күн көзі де одан әрі төмендеп, көкжиекке жақындай қоймайды.

  3. Бұл айдың түс кезінде Күннің көзі аспанның оңтүстік жағында және сол күнгі ең биік деңгейде тұрады.

  4. Қаңтарда күн қысқарып, түн ұзарады.

  5. Қаңтар – аяз айы.


ІІІ топ – Ақпан

  1. Ақпан – «ақ ықпа» сөзінен шыққан.

  2. Ақпандағы ауа-райы аумалы-төкпелі, құбылмалы. Ақ ықпа сол мағынаны білдіреді.

  3. Ақпанда қыс пен көктем белдеседі.

  4. Қаңтарда бұрқасын, боран тәулік бойы соқса, ақпанда түнде, таң алдында соғады.

  5. Ақпан аяғында аяз айылын жиып, қыс қаһарынан айырылады.

  6. Ақпан – жылдың қысқа айы. Кейде 28, кейде 29 күннен бітеді.

  7. «Ақпанда күн ат адым ұзарады».



В) Бағалаумен таныстыру:

-Әрбір дұрыс толық жауапқа бүтін «Күн», толық емес жауапқа «бұлтты Күн» алып отырамыз, сабақ соңында сол бойынша бағалаймыз



https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=c8260c62a25040046e87353b6aa5902a&n=33&h=190&w=190 https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=8e1f4b70accdbece7697b9ea3ca1a3bd&n=33&h=190&w=200

2.Үй тапсырмасын тексеру

Сафуан Шаймерденов «Қар»



Топтарға кезектестіріп сұрақтар беріледі. Топбасшы өзі дұрыс деп тапқан күн бейнесін алып отырады:

  1. Үйге берілген мәтін қалай аталады? Авторы кім? – Мәтін «Қар» деп аталады. Авторы – Сафуан Шаймерденов.

  2. Тұрар есікті жауып қойды да, терезе алдына келгенде не көрді? – Үлкен терезеден күңгірт аспанның бір бөлігін ғана көрді. Қалың қар жауып тұр.

  3. Үлкен қар ұлпалары жерге қалай түседі? – Үлкен қар ұлпалары баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады.

  4. Қар жапалақтары неге ұқсайды? – Қар жапалақтары жұлдыз сияқты ұзын кірпікті.

  5. Жер дүниенің бәрі аппақ, тек қарауытып көрінетін не? – Жер дүниенің бәрі аппақ. Тек терезе тұсындағы бір түп қарақат бұтасының астыңғы жағы ғана қарауытып көрінеді.

  6. Мәтінде алма ағашының бұтақтары туралы не айтылған? – Алма ағашының қалың бұтақтары бір-біріне айқаса иіріліп, неше түрлі өрнек жасаған.

  7. Басына қоқырайта қалпақ кие бастаған не? – Қардан басына қоқырайта қалпақ кие бастаған – шарбақ қадалары. (кейіптеу)

  8. Тұрар жақтауға шығып, желдеткішті ашты. Әрі қарай қандай әрекет жасады? – Терезеден басын қылтитты.Қар жапалақтап басына қона бастады.

  9. «Дыбысы жоқ, салмағы жоқ болса да, денені түршіктірер зәрі бар» деген сөзді қалай түсінесіңдер? – Денені мұздатарлық салқын, тоңдырарлықтай суық.

  10. Мәтін қалай аяқталды? – Тұрар түшкіріп салды. Содан кейін шешесінің суық тиіп қалады дегені есіне түсті. Ол күндегіше жылы киінді де, далаға шықты.

  11. Түшкіріу қандай қызмет атқарады? – Ағзаның қорғаныс қызметін атқарады. Мұрын қуысына енген ауаның қатты бөліктері түшкіргенде қайта сыртқа шығады. (дүниетанумен байланыс)

  12. Аяз күндері таза ауада серуендегенде қалай демаламыз? – Ауызды көп ашпай, тек мұрынмен демалу керек.(дүниетанумен байланыс)













қ

а

р













ш

ы

р

ш

а







а

я

з



















қ

ы

с







а

қ

қ

а

л

а



















 






















ш

а

н

а










м

ұ

з







б

о

р

а

н



















ш

а

ң

ғ

ы













қ

а

р





3.Жаңа білімді үйренуге дайындық.

  1. Жердің бетін басады

            Бұл не аппақ мақтадай?

            Кәнекей кім табады?        (қар)



  1. Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсті.Ол не? (Шырша)

  1. Қолы жоқ, сурет салады,

            Тісі жоқ, тістеп алады        (аяз)

  1. Суда мұз бар,



Жерде қар бар

Боран боп соғады

Бұл қай кезде болады?
(Қыс)


  1. Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны. (аққала)


  1. Қыста үйге кірмейді

            Жазда жүрмейді      ( шана) 

  1. Қыста айна,

Көктемде су.  (мұз)

  1. Қанаты жоқ ұшады, аузы жоқ ұлиды. (Боран)

  2. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)

  1. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

  • Бүгінгі танысатын жаңа тақырып Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл шұнақ» өлеңі.


Автор туралы оқушылар не білетіндігін анықтау.

Жетекші сұрақтар:

Сәкен Сейфуллин кім? – Сәкен Сейфуллин ақын.

Сәкеннің қай өлеңімен таныстық? – Туған ел.

Естеріне түсіріп жатқа айтып беру.



С.Сейфуллин

Туған ел


Кеңсің, дала –

Туған ана,

Көйлегің кең, көк ала.

Жан беретін,

Тән беретін

Мейірімді ана – сен ғана.

Төсіңді емген,

Саған сенген

Жан – жануар баласы.

Төсің сүтті,

Бауырың құтты,

Сен – тіршілік анасы.

Жібек жасыл, Анық асыл,

Кестесі гүл киімнің.

Көктем ана,

Сенде ғана

Тіршіліктің түйіні.



Автор туралы мәліметті толықтыру. Сәкен Сейфуллин туралы слайд көрсету.
Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің ретін және тақырыпты жазып аламыз.

Сәкен туралы мағлұматтарды жазып алу.





Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі.
Мағынаны ашу

https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=df3f6e932621ef512b6d7e007835c73b&n=33&h=190&w=190 Сөздік жұмыс:

қызыл шұнақ – бет қаратпайтын үскірік аяз.

зәр – суық, аяз, ызғар

зәрі сыну – ызғары қайту, жылына бастау

мұздай – сұп-суық

шытынау – сынып кету

Ұшқын-искра

Күннің құлақтануы күннің айналасына тәж пайда болу

https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=30c0635b2082bfa14ceff5cb5dfd1268&n=33&h=190&w=278
Ырымдар:

Күн құлақтанып батса, ауа райы оңалады.

Күн құлақтанып шықса, ауа райы суытып, жауын-шашын болады.

Қыста күн құлақтанса –ол аяздың белгісі


ғ) Оқулықпен жұмыс:
- Тізбектеліп оқу;

- Шумақтап оқу;

- Тауып оқу: Ақын ауа райы қатты суық болған кездегі күн бейнесі туралы айтқан жолдарды өлеңнен тауып оқу.
Сергіту сәті

С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін тыңдай отырып, «Аяз адамның» суретін салу

Қорытынды:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету технологиясы  «Аргумен және факт» әдісі 

1. Қыста жақсы, бірақ, ......... (аяз, боран болады, тоңасың, аң-құстар азығын тауып жи алмайды, қалың киінесің)

2. Коньки, шаңғы тебу көңілді, бірақ, ...... (аяғыңды қайырып алуың мүмкін, қауіпсіздік ережелерін есте ұстау керек)

3. Қыста адамдар жылы киім киеді, себебі, .......(жаурап ауырып қалуы мүмкін, әсіресе аяқты жылы ұстаған жөн.)

Бекіту сұрақтары

«Шыршаны безендіру» ойыны арқылы


  1. Сәкен Сейфуллин туралы не білдік? – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы

  2. Қызыл шұнақ деген не? – қатты аяз, үскірік

  3. Зәрі сыну сөзінің мағынасы? – ызғары қайту, жылына бастау

  4. Мұздай – қатты суық

  5. Қыстағы күннің құлақтануы ненің белгісі? – қатты аяздың

  6. Сабақ барысында тыңдаған Сәкеннің әні қалай аталады?Тау ішінде

  7. Жамбылдың жасын берсін,

Күләштың әнін берсін,

Сәкеннің ...... берсін тіркесін толықтырып айта аламыз ба? – сәнін (синонимдері – сұлулығы, көкрі, келбеті т.б.)



  1. Үсінуден сақтану жолдарын білеміз бе? – Жылы киіну, көбірек қимыл жасау, шамадан тыс далада жүрмеу.

  2. Үсінген жағдайда қандай шара қолданады? – үсінген жерді уқалау

  3. Сәкеннің азан шақырып қойған есімі – Сәдуақас


Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Қыс тақырыбына мақал-мәтелдер жинастыру.

Бағалау: Жинаған күндерін санау арқылы бағалау


73-сабақ: математика

Сабақтың тақырыбы: 236+687, 923-236 түріндегі, үш таңбалы сандарды разрядтан аттамай, жазбаша қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы сандарды разрядтан аттап жазбаша қосып, азайтуға байланысты есептерді шығарту.

Сабақтың міндеттері: 1. Баған түрінде есептеуге үйрету.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

3. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аударту



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

№6 (149 бет)



ІІІ. Жаңа сабақ

1 Қосындының мәні қалай табылатындығын түсіндіру




24

18

15

8

7

4

6

6
i?id=aeb40ba1f025d94480c40435999855cb&n=33&h=190&w=208i?id=aeb40ba1f025d94480c40435999855cb&n=33&h=190&w=208i?id=aeb40ba1f025d94480c40435999855cb&n=33&h=190&w=208i?id=aeb40ba1f025d94480c40435999855cb&n=33&h=190&w=208i?id=aeb40ba1f025d94480c40435999855cb&n=33&h=190&w=208i?id=aeb40ba1f025d94480c40435999855cb&n=33&h=190&w=208i?id=aeb40ba1f025d94480c40435999855cb&n=33&h=190&w=208i?id=aeb40ba1f025d94480c40435999855cb&n=33&h=190&w=208


3

7

14

4

8

26

30

18
i?id=686e22baa12df32e8a1162dfe6094d9b&n=33&h=190&w=243i?id=686e22baa12df32e8a1162dfe6094d9b&n=33&h=190&w=243i?id=686e22baa12df32e8a1162dfe6094d9b&n=33&h=190&w=243i?id=686e22baa12df32e8a1162dfe6094d9b&n=33&h=190&w=243i?id=686e22baa12df32e8a1162dfe6094d9b&n=33&h=190&w=243i?id=686e22baa12df32e8a1162dfe6094d9b&n=33&h=190&w=243i?id=686e22baa12df32e8a1162dfe6094d9b&n=33&h=190&w=243i?id=686e22baa12df32e8a1162dfe6094d9b&n=33&h=190&w=243
2 Өрнекті жаз және оның мәнін тап.

(46+18):8=8

67-7*7=18

54:9*5=30

4*9:6=6

3 Амалдарды баған түрінде орында.



Тақтада орындалады

800 981 539 493

294 418 271 470

4 Есепті теңдеу құру арқылы шығару

Х*2=12

Х*3=9


Х*3=18

5 Сызбанұсқасын жасап, есептерді шығар

Жинады: Ж.б.-136кг, қ.б.-148кг Ш: (136+148)-68=213

Жіберді-68кг б. Ж: Қалды 2016кг бал

Қалды-?б.

Жинады-124кг Ш: 124-(9*3+26)=71

Құйды: 9банкаға 3кг-дан Ж: Күбіде 71 кг бал қалды

бидонға 26кг

Күбіде қалды ?кг

6 Тақтада кезектесіп орындайды

=15 =94 =35

=64 =48 =69

7 Тақтада 2 бала өрнектейді.

302кг=3ц2кг 128сағ=5тәул.8сағ

45дм=4м5дм 246см=2м4дм6см

34дм=340см 6м7дм=670см

8 Кестені орындарында толтырады

d

100

140

220

125

(456-d)+25

381

341

261

356

(d+75)-120

55

95

175

80

11 Ауызша

Үлгі: 50+50=100

99+99=198

80+90=170



Жаңа білімді бекіту:

12 Қандай сандар қалып қойған.



Уақытқа орындалады.





7

3

8

-

1

7

5




9

1

3






6

7

5

+

2

5

7




9

3

2






7

4

3

-

3

5

7




3

8

0






6

5

5

-

4

7

7




1

3

8


Үйге тапсырма: №9, 10 (151 бет)

Бағалау
: 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Эссе Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаға байланысты көзқарасым Жазған
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> 1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет