Сабақтың түрі: сайыс сабақ. Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар. Барысы



жүктеу 66.71 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі66.71 Kb.
түріСабақ
Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ

Тіл сайысы


«Тілден терең теңіз жоқ»


Орындаған: Хайрат Айболат

2015 – 2016 оқу жылы



Тақырыбы: «Тілден терең теңіз жоқ» атты тіл сайысы.

Мақсаты:

Білімділік: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін көтеру.

Дамытушылық:Танымдық, ақыл-ой,логикалық пайымдау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік:Өз ойларын нақты,дәл айта білуге баулу, жылдамдыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Барысы:

I.Ұйымдастыру. Оқушылармен және сайысты тамашалауға келген қонақтармен амандасу. Сайыстың мақсатын хабарлау.

Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығы. Өз тобының таңбасын жасап келу. Әр топ өзінің атын және ұранын айтуға тиіс. Топтар қолбасшыларын тағайындайды.



II. Кіріспе сөз.
Мұғалім:

–Құрметті оқушылар! Ел ертеңі – білімді ұрпақ дегендей, тәуелсіз Қазақстанның болашағы өздеріңнің қолдарында. Еліміздің көк байрағын білім кеңістігінде желбірететін қазіргі  таңдағы жас жеткіншіктер. Солай болса, «Тілден терең теңіз жоқ» атты тіл сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сыныптан тыс сабағымыздың негізгі  мақсаты – басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарларға қызығушылықтарын арттыру.



III. Сайыстың өтілу барысының ережесі мынадай:

1.Тыныштық сақтау;

2.Бірін-бірі тыңдау;

3.Сұраққа толық жауап беру, ойын ашық айту.



IV. Бүгінгі сайысқа 2-3«А»сынып оқушылары арасынан екі топ қатысады.

Әр топ өздерін топ таңбасы, ұранымен таныстырады. Топтағы әр оқушы өзін жақсы жақтарынан таныстырып шығады. Мысалы: Айгүл – ақылды, айдай сұсу…



I топ: «Жас ұлан».

Қалықтап көкте жас қыран,


Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің – «Жас ұлан».

II топ: «Топжарған».

Шығарар намыс топты алдан,


Дуалы ауыз тілге арман.

Сайысқа келдік біліммен,


Тобымыз біздің – «Топжарған».
              Бүгінгі сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

І . Көркем сөз.

ІІ . Дода.

ІІІ . Арманға қол созғандар

ІҮ. Сөз мәйегі – мақал.

Ү. Кім жылдам?

ҮІ. Полиглот

Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысты бастамас бұрын әділқазыларымызды сайлап алайық.

–                                                 – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

–                                                  – ағылшын тілі пәні мұғалімі.

–                                                 – бастауыш сынып мұғалімі.

Сайысқа үш адамнан құралған екі топ қатысады. Әр дұрыс жауапқа 5 балдан беріледі (ең жоғарғы бал 5, орташа бал 4, қанағаттанарлық бал 3,)


«Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық», – деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.
І кезең. «Көркем сөз» сайысы.

Үйге берілген тапсырма. Әр топ тілдер туралы дайындап келген ақпараттарын оқиды (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі).



ІІ кезең. «Дода».
Бұл кезеңде әр топқа 9 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.

І топқа.

-Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)


-Наурыз айында қандай мерекелер бар? (Аналар мерекесі, ұлыстың ұлы күні – әз наурыз...)
-Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42 әріп бар)
-ҚР-ның мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)

-Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған жыл? (1991 жыл)


-Үш би (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
-Қазақстанның туының  түсі  қандай? (Ашық көгілдір түсті, ашық аспандай)
-Наурызда пісірілетін басты тағам? (Наурыз көже)
-Сөйлем неден құралады? (Сөзден құралады)
ІІ топқа.
-Абай Құнанбайұлы  кім? (Ақын, ағартушы, жазушы, аудармашы, қазақтың ұлы ғұламасы)

- Қыс айының мезгілдерін ата. (Желтоқсан, қаңтар, ақпан)


-16 желтоқсан қандай күн? (Қазақстан тәуелсіздігін алған күн)
-Ұлттық музыкалық аспап (Домбыра)
-Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата. (Т.Әубәкіров)
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз болып екіге бөлінеді)
-Тамақты бұзбайтын салқын жәшік? (Мұздатқыш)
-«Қазақ әдебиеті хрестоматиясын» құрастырған кім? (Ы.Алтынсарин)
-Бір жылда неше ай бар? (12 ай бар)

ІІІ кезең. «Арманға қол созғандар»

Екі топқа ақ қағаз беріледі. Олар осы қағаз бетіне өз армандарын, қиялдарын бейне ретінде сызып көрсетуі керек.


ІҮ кезең. «Сөз мәйегі – мақал».

Әр топ Отан, тіл, достық туралы мақалдардың жалғасын тауып жалғастырады.



І топ – «Жасұлан».

1.Туған жердей жер болмас, …. (туған елдей ел болмас)

2.Оқусыз білім жоқ– ….(білімсіз күнің жоқ)

3.Ер жігіт ел үшін туады,…. (ел үшін өледі)

4.Отан оттан да …. (ыстық)

5.Күш білімде,…(білім кітапта)

ІІ топ – «Топжарған».

1.Отансыз адам, …. (ормансыз бұлбұл)

2.Ер елінде, …. (гүл жерінде)

3.Туған жердің күні де ыстық,…. (түні де ыстық)

4.Өзге тілдің бәрін біл,…. (өз тіліңді құрметте)

5.Өнер алды –…. (қызыл тіл)
Ү кезең. «Кім жылдам?»

Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау қажет.



І топ. Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар.

(Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген).

ІІ топ. Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын,Отанымыздың.

(Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді).


ҮІ кезең. «Полиглот»   жұмбақтың жауабын үш тілде айту

I топ – «Жасұлан».

1.

2.



3.

II топ – «Топжарған».

4.

5.



6.
Қорытынды сөз әділқазылар алқасында.
Мұғалім: Тіл жайында толғанбайды кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімде-кім?
Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!
Тілім менің, тілім менің – тірлігім!
«Тіл – байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл – біздің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ, барымыз. Тіл мерейі – ел мерейі. Ана тіліміздің мерейі үстем бола берсін!» – дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Осы сайыста сендер өздеріңнің алған білімдеріңді ,өнерлеріңді көрсете білдіңдер. Сайыс болғаннан кейін жеңген де жеңілген де болады. Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап,биіктерден көрінуге  тілектеспін!




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет