Сабақтын тақрыбы : Ұ ұ дыбысы мен әрпі Мақсаты



жүктеу 28.93 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі28.93 Kb.
түріСабақ
Әліппе

  1. – сынып

Сабақтын тақрыбы : Ұ ұ дыбысы мен әрпі

Мақсаты:


  1. Білімділік : Ұ дыбысы мен әрпін жете меңгерту, дауысты дыбыс екеніне көңіл

аудару



  1. Дамытушылық : Ой-өрісін, қиялын дамыта отырып, ойын еркін айтып жеткізуіне

төселдіру

  1. Тәрбиелігі : Ұшқыш ағалардай батыл, ержүрек болуға тәрбиелеу

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс тәсілдері : сұрақ – жауап, түсіндіру, СТО қабілетін дамыту
Сабақтың көрнекілігі : Белсенді тақта , ұя макеті, флипчарт, фломастер, оқулық, дәптер

Ұйымдаст. Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз

Тілек айту . Үшеуі 1 топқа отырады
Сабақтың құрылымы

1 Қызығушылықты ояту

2 Дыбысты жете меңгеру

3 Ой қорыту

Үй тапсырмасы тексеру

З дыбысына байланысты оқулықтың 93 бетіндегі « Қазақстан – менің Отаным» атты өлеңдң мәнерлеп оқыту, оқушылардың өлең мазмұны бойында өзіндік пікірлері мен көзқарастарын тыңдау

Үй тапсырмасын бағалау үшін бір –бір смайлик беру .

Жаңа сабақ : Жұмбақ

Тал басында түндіксіз отау

Шешуі : Ұя

Жұмбақтың шешуінде алғашқы дыбысты бөліп айтыңдаршы


    • Ұ

    • Дұрыс. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз Ұ дыбысы мен әрпі.

Ұяның макетін көрсету









Ұ дыбысы дауысты дыбыс


- Ұяда нелер мекен етеді?

- Құстар


- Құстар дегенде Ұ дыбысы қай буында тұр?

- Құс – тар

- Дұрыс бірінші

- Құстар ұяға не салады ?

- Жұ - мырт – қа

- Дұрыс ұ дыбысы бірінші буында

- Осы ұяның ішіндегі жұмытқаларды алып, оған жазылған сөздерді оқимыз: ұя , ұлу , ұшақ, бұлақ оларды флипчартқа жазып топпен дыбыстың талдау жасаймыз
Ұлу
Бұлақ

Ұя






Ұшақ



    • Жақсы балалар өте жақсы тапсырманы орындап шықтыңдар

Ендібарлығымыз орындытан тұрыс серігіп алайық :

Сергіту сәті : Кірпі « Қара жорға» . Белсенді тақтадан кірпінің қимылдарын қайталатып сергіту.

Енді балалар оқулықтың 94 бетін ашып суреттеріне көңіл аудайық : ұр-шық, жұл-дыз, ұшақ, тік- ұшақ.

Ұшқыш мәтінін оқимын, сендер тыңдап өз пікірленінді айтасындар



  1. Мәтін кім туралы? – ұшқыш

  2. Кім ұшқыш болғысы келеді? - Әнуар

  3. Ол ненің суретін салғанды ұнатады? – ұшақ пен тікұшақтын суретін

    • Енді барлығымыз тақтаға қараймыз. Кімдер? Сендер бұл адамдарды танисындар ма?

    • Әрине ұшқыш ағалар

    • Талғат Мұсабаев пен Тоқтар Әубакіров ағаларымыз

    • Ол кісілер туралы келесі сабаққа мәлімет тауып келіңдер.

    • 95 беттегі ұзақтың әрекеті туралы әңгімелеп бере аласыңдар ма?

    • Өте дұрыс

Енді балалар, № 3 жазу дәптерлеріңнін 6 бетіндегі ұ әріпінің кішісін жазып жаттығамыз. Әуелі ауаға, содан соң тақтаға жазамыз.

Жазуымыз әдемі, дұрыс , таза жазылуына күш салындар ү Жазып болсақ оқулықтан « Ұшқыш» мәтінін ендермен тізбектей оқимыз



    • Жақсы балалар

    • Жақсы оқыдындар

    • Қазір бізде қандай жыл мезгілі

    • Қыс

    • Дұрыс. Қалай киінуіміз керек ?

    • Жылы

    • Олай болса жаңылтпаш жаттап көрейік

Қыста құлағың үсіп кетті

Үсіп ісіп кетті



    • Олай болса не киіп жүруіміз керек ?

    • Құлақшын

Қорытынды : Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

    • Ұ дыбысымен

    • Ұ әрпі қандай дыбыс?

    • Дауысты дыбыс

    • Жарайсыңдар!

Үйге тапсырма

Ұщқыш мәтінін мәнерлеп оқу. Ұшқыштар туралы мәлімет жинақтау. Ұ дыбысын аяқтап жазып келу.



Бағалау

Сабақ бойы белсенділік көрсетке оқушыларды смайликпен бағалау
: EB0419249EE41AD0
EB0419249EE41AD0 -> Ертегілер еліне саяхат Мақсаты: Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Болашақта кейіпкерлер рөлдерін сомдай алуға тәрбиелеу
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: Даналарым. Тұрсынхан Әбдірахманова Сабақтың мақсаты: тарихи тұлғалар жайында түсінік беру
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. А сәлемдесу. Ә «Менің балам қане» ойыны
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев
EB0419249EE41AD0 -> «Үй жұмысын тексеруде критериалды бағалауды қолдану»
EB0419249EE41AD0 -> Рахмет киелі, әліппе !
EB0419249EE41AD0 -> Оқу жоспары бойынша барлығы 34 сағат
EB0419249EE41AD0 -> «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойын
EB0419249EE41AD0 -> Міндеттері: Достық өзара сыйластық туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Көрнекі құралдар




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет