Садыкбекова айжаркын абдразаккызы



жүктеу 0.56 Mb.
бет1/3
Дата09.07.2016
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3
ӘОЖ 657.2/.6:3.07(574.5) Қолжазба құқығында


САДЫКБЕКОВА АЙЖАРКЫН АБДРАЗАККЫЗЫ
Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру (Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мысалында)

08.00.12 - Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2010

Жұмыс Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған.


Ғылыми жетекшілері экономика ғылымдарының докторы

Джуманов Ә.М.

экономика ғылымдарының кандидаты



Ниязов Т.Ж.
Ресми оппоненттер экономика ғылымдарының докторы

Алиев М.К.

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент



Қожабеков С.С.
Жетекші ұйым Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық

университеті

Қорғау 2010 жылдың «11» қыркүйегінде сағат 14-00 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғау жөніндегі Д14.61.15 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат « » тамыз 2010 жылы таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, э.ғ.д., профессор Раимбеков Ж.С.

КІРІСПЕ



Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жалпы нарықтық экономика элементтерінің бірі ретіндегі еңбек нарығының маңызды объектілерінің бірі жұмыссыздық болып табылады. Қазақстандағы жұмыссыздықтың туындауының негізгі факторы ретінде тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйесінің дағдарысынан келіп шығатын жалпы өндіріс қарқынының төмендеуіне байланысты жұмыс күшінің босап қалуын айтуға болады. Жұмысқа қабілетті халықты жұмыспен қамту жоспарлы экономиканың негізгі мәселелерінің бірі. Жұмысынан айрылған және жұмысқа орналасуға дайын қоғам мүшесі мемлекеттік қолдауға сенім артатыны белгілі. Экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, жұмыссыздық, мобилді және потенциалды еңбек резерві болып табылады. Сондықтан да жұмыспен қамту үрдістерін ұйымдастыру мен реттеудің жаңа моделін таңдау аса жауапты және күрделі мәселе. Қазіргі уақыт талабы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық арасындағы арақатынасты, еңбек нарығындағы жұмыс күшінің қозғалысын туындату себебі мен шарттарын зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, бірінші кезекке еңбек қатынастары, жұмыспен қамтудың тиімділігін қамтамасыз етудің жаңа көздері мен нысандарын іздеу, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау мен оларды жұмыспен қамтуға арналған іс-шараларға жұмсалатын шығындардың мақсаттылығын негіздеу мәселелері қойылады. Бұл мәселелерді зерттеудің өзектілігі халықты жұмыспен қамту бойынша мекемелерді бюджеттік қаржыландыруымен айқындалып отыр.

Бюджеттік есеп бүгінгі таңда бюджеттік классификациялардың шоттар жоспарымен интеграциялануы мен бюджет орындауының қазынашылық жүйеге өтуіне байланысты қайта өрлеу жағдайында. Сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы салалық есеп стандарттарының болмауы бюджеттік есептің қайта құрылуына бөгет келтіріп отыр.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі (ХЖҚММ) шығындар сметасының орындалуы туралы ақпарат, халықты жұмыспен қамтуға байланысты арнайы шығындардың нәтижелілігін айқындау мақсатында тек бюджеттік классификация баптары бойынша ғана емес, сонымен бірге әрбір бөлімшенің шығындарын қамти отырып, құрылуы тиіс.

Міне, осы айтылғандардың барлығы халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру қажеттілігін туындатады. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік органдарының бастапқы буыны - облыстық, қалалық және аудандық халықты жұмыспен қамту бөлімшелері. Осы бөлімшелердің бухгалтерлік және шұғыл есеп жүйелерінде қалыптасатын ақпараттардың шұғыл және нақтылық деңгейі бүкіл мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын жетілдіру бағытын айқындауда аса үлкен теориялық және тәжірибелік мәнге ие.

Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелер қызметіндегі есептік-талдау функцияларын еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздық деңгейі, оған жұмсалатын шығындар туралы нақты ақпараттарды жинақтау мен жүйелеуге бағдарлау мақсатқа лайық екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Міне осы жағдайлар, зерттеу тақырыбының өзектілігі мен оның тәжірибелік мәнін анықтайды.



Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. Жалпы еңбек нарығы, ондағы іс-әрекетті ұйымдастыру мен қызмет нәтижелерінің жалпы ережелері, еңбек қатынастары мен бухгалтерлік есеп пен есептіліктің теориялық негіздері мен негізгі мәселелері келесі шет елдік және ресейлік авторлардың еңбектерінде қарастырылады: А.Смит, А.Пигу, А.Маршалл, Дж.М.Кейнс, П.Самуэльсон, К.Р.Макконнелл, Г.Беккер, Р.Эренберг, Р.Смит, Р.К.Филер, Д.С.Хамернеш, Л.Роббинс, Ф.Кэне, У.Петти, Д.Рикардо, Э.Бернштейн, Д.Робинсон, С.Л.Брю, Белов А.Н. және т.б.

Бұл мәселелер бірқатар қазақстандық авторлардың еңбектерінде де қарастырылған, олар: Шаяхметов К.О., Абдраимов Г.Т., Дүйсембаев К.Ш., Тажибаев С.Д., Сатубалдин С.С., Ержанов М.С., Берешев С.Х., Мырзалиев Б.С., Даулетбеков А.Д., Раимбеков Ж.С., Миржакипова С.Т., Бутин М.Е., Радостовец В.К., Айтжанова Ж.Н., Тайгашинова К.Т., Тулешова Г.К., Жакипбеков С.Ж., Алиев М.К., Сатмурзаев А.А., Тулегенов Э., Каренова Г.С.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағы (ЖҚҮӘББ) бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды және аудитті ұйымдастыру мен жетілдірудегі көптеген маңызды мәселелер әлі де жеткілікті зерттелмеген және осы мекемелерге қатысты кейбір арнайы зерттеулер мүлдем жүргізілмеген. Осы айтылғандар диссертациялық зерттеу бағытының мақсаты мен мәселелерін таңдауды анықтайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру.

Аталған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеуге келесі міндеттер қойылды:



  • еңбек нарығының қалыптасуы мен әрекет етуі, халықты жұмыспен қамту мәселелері, оның ақпараттық функциялары мен халықаралық және қазақстандық тәжірибеде реттеудің нормативті-құқықтық базасының теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу;

  • Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың қазіргі жағдайын талдау, халықты жұмыспен қамтуға байланысты іс-шараларға және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдауға жұмсалатын шығындар сметасының орындалуын бағалау;

  • халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемемелердегі шұғыл және бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік мекемелердің шұғыл және бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау, есептілік жүйесінің негізгі модельдерінің мазмұны мен қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу;

  • мекеменің есеп-қисап бөлімінің ұйымдастырушылық құрылымын жасау, шығындар сметасын орындаудың міндеттерін анықтау және шығындарды есепке алуды жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;

  • мекемеге бөлінген жалпы бюджет қаржыларының мақсатты жұмсалуын бақылауды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау және халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарының (ХҚЕС) жіктемелік белгілеріне сәйкес шығындарды есепке алудың жаңа нысандарын жасау

Зерттеу нысаны Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының есептік тәжірибесі болып табылады.

Зерттеу пәні халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі бухгалтерлік және шұғыл есеп пен есептіліктің элементтері болып табылады.

Диссертациялық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі экономикалық теорияның жалпы заңдылықтары мен категориялары, отандық және шет елдік ғалымдардың бухгалтерлік және шұғыл есеп пен есептілік, экономикалық талдау мәселелеріне қатысты фундаменталды еңбектері, заңдылық және нормативтік құжаттар, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің отандық және халықаралық стандарттары болып табылады. Танудың әдістемелік ұстанымы ретінде жүйелік әдіс, сонымен қатар, диалектика, себептілік және функционалдылық ұстанымдары да қолданылады. Зерттеу барысында келесі жалпы және жеке ғылыми әдістер қарастырылды: диалектиканың талдау және синтез әдістері, жүйелік-функционалдық, тарихи-логикалық әдістер, абстрактілі-логикалық, есептеу-конструктивті, экономикалық-статистикалық, нормативті, эксперттік бағалау.

Зерттеулерді құқықтық және ақпараттық қамтамасыздандыру ретінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Жарлықтары, Қаулылары, ҚР Президентінің Жолдаулары, ҚР Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы статистика Департаментінің және ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының материалдары, ҚР-ның құқықтық-нормативтік актілері, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары пайдаланылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы нарықтық экономика және еңбек нарығының даму жағдайындағы халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің шұғыл және бухгалтерлік есебі мен есептілігі жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады.

Ғылыми жаңалыққа ие негізгі нәтижелер ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:

– халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің ХҚЕС-ке сәйкестендірілген шұғыл және бухгалтерлік есебі, аудит және есептілігінің құрылымы, мақсаты мен міндеттері, есептік талдау функцияларының құрамы нақтыланып, бухгалтерлік есепті жүргізудің нормативті-құқықтық реттеу деңгейлері анықталды;

– халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсызандыруға бөлінген бюджет қаражаттарының мақсатты шығындалуын қамтамасыз етуге бағытталған, мекемедегі шығындар сметасын орындаудың міндеттері, кассалық және нақты шығындарды есепке алудың бухгалтерлік өткізбелері мен халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің ішкі аудитін жүргізудің ережелері нақтыланып ұсынылды;

– есептіліктерді пайдаланушылар үшін сапалы есептік-талдау ақпараттарын қалыптастыруды қамтамасыз ететін және мекеменің қаржы-шаруашылық қызметіне жұмсалатын шығындарды төмендетуге бағытталған халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекеме мен оның құрамындағы орталықтандырылған есеп-қисап бөлімінің ұйымдастырушылық құрылымының жетілдірілген нұсқасы ұсынылды;

– мекеменің қызметінің ерекшеліктеріне байланысты бухгалтерлік шоттар жоспарының, құжат айналымының кестесінің, жұмыспен қамтуға бөлінген бюджет қаржыларын есепке алу үшін пайдаланылатын мемориалды ордерлердің толықтырылған нысандары және халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің есеп саясатының схемасы құрылды;

– халықты жұмыспен қамту үшін атқарылатын іс-шараларға жұмсалатын бюджеттік шығындардың есебін тіркеу және экономикалық талдау мен шығындардың кейбір баптарын бақылауға қажетті ақпараттарды қалыптастыратын ішкі шұғыл және бухгалтерлік есептіліктің нысандары жасалды.

Қорғауға шығарылатын диссертацияның негізгі тұстары:


  • еңбек нарығының қалыптасуына әсер етуші негізгі факторлар мен халықты жұмыспен қамтудың арнайы түрлерінің сипаттамасы;

  • шұғыл және бухгалтерлік есеп, аудит және есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген нақты құрылымы, мақсаты мен міндеттері, функциялары анықталды;

  • зерттеу объектісі болып табылатын мекеменің бухгалтерлік есебін реттеудің құқықтық базасы деңгейлерінің әдістемелік негізі;

  • халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекеменің құрамындағы орталықтандырылған есеп-қисап бөлімінің ұйымдастырушылық құрылымы, ондағы шығындар сметасын орындаудың міндеттері мен шығындарды есепке алудың бухгалтерлік өткізбелерінің нұсқасы;

  • халықты жұмыспен қамтуға бөлінген жалпы бюджет қаржыларының шығысын көрсететін шоттардың кейбір баптарын бақылауға қажетті шұғыл және бухгалтерлік есептіліктің, есепке алу ордері мен бюджеттік шығындардың есебін тіркеудің толықтырылған нысандары.

Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы жасалған есептілік саясаты мен оның негізгі элементтерін пайдаланумен анықталады, шығындарды талдау мен бақылауда қолданылатын есептілік формалары, есептілік ақпараттарын өңдеу технологиялары, еңбек нарығының дамуы мен жалпы Қазақстандағы жұмыспен қамту саясатын жетілдірудің бағыттарын таңдау жағдайындағы бюджеттік қаржыларды барынша тиімді басқаруда пайдалануға болады. Қорытындылар мен ұсыныстар халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметінде, сонымен қатар, жоғары оқу орындарының оқу процессінде студенттер мен практикалық қызметкерлерді даярлау үшін қолданылуы мүмкін.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес орындалды.

Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өткізілуі және тәжірибелік қолданылуы. Диссертацияның негізгі қорытындылары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «ХХІІ Халықаралық Плеханов оқулары» (Москва, 2008), «ХХI ғасырдағы жоғары кәсіби білімді мамандарды дайындаудағы мәселелер: өткені, бүгінгісі, болашағы» (Шымкент, 2009), «Оқу үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың мәселелері» (Шымкент, 2009), «Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері» (Түркістан, 2010) баяндалып, осы конференциялар еңбектерінің жинақтарында жарық көрді.

Диссертацияда берілген теориялық тұжырымдамалар мен әдістемелік ұсыныстар Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Шымкент қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтерінде және Шымкент университеті «Экономика» институтының, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің оқу үрдістерінде «Еңбек нарығының экономикасы», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Мемлекеттік мекемелердегі есеп және есептілік», «Қаржылық және басқарушылық талдау» пәндерінен оқу-әдістемелік кешендер дайындауда пайдаланылды.



Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертацияның тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3,9 баспа табақ болатын 10 ғылыми еңбек жарияланған, олардың ішінде 6 мақалалар ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда шығарылған.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады және 24 кесте, 35 суретті қамтиды.
Жұмыстың негізгі мазмұны

Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен есептілігінің теориялық-әдістемелік негіздері. Жұмыспен қамту саласындағы мәселелер тек әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нәтижесі емес, сонымен бірге келешектегі реформалардың бағыты мен динамикасын анықтайтын қуатты факторлар болып табылады. Нарықтық қатынастардың қазіргі кезеңінде экономиканың барлық салаларындағы түбегейлі өзгерістер әсері халықты жұмыспен қамтуға байланысты жаңа көзқарастарды дер кезінде ойластыруды және соған қатысты тиімді мемлекеттік саясатты жүргізуді талап етеді. Cондықтан, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық қатынастардың трансформациялану кезеңінде жұмыспен қамту мәселесін, оны реттеудің мақсаты мен бағыттарын анықтау үшін дер кезінде қайта қарау өте маңызды.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің қызмет етуі, құрылымы, шұғыл және бухгалтерлік есебін жетілдіру мәселелерін экономикалық ғылымдағы негізгі категориялар мен түсініктермен қатар зерттелуі тиіс. Осыған орай зерттеуді «еңбек нарығы», «жұмыспен қамту» және «жұмыссыздық» ұғымдарынан бастау қажет.

Еңбек нарығы – жұмысшылар мен жұмыс орындарының саны арасындағы қатынасты реттейтін механизм. Бұл жұмыс күшінің бірқалыпты ұдайы өндірісін және еңбекті тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік, соның ішінде құқықтық институттар жүйесі болып табылады.

Еңбек нарығының құрылымы деп оның құрамына кіретін барлық элементтер арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттесуін айтамыз. Еңбек нарығының элементтерінің ішінде келесілерді бөліп қарастырған тиімді: жалдамалы жұмысшылар мен олардың бірлестігі; кәсіпкерлер мен олардың одақтары; мемлекеттік органдар жататын нарық субъектілері.

Еңбек нарығының құрылуы, қалыптасуы және дамуы 1-ші суретте көрсетілгендей бірқатар факторларға байланысты болады.


Сурет 1 – Еңбек нарығының қалыптасуына әсер етуші факторлар


Ескерту - Әдебиеттерді талдау негізінде автор құрастырған
Нарықтық реформалар жұмыспен қамту сферасына жеткілікті деңгейде әсер етпейді, яғни ол мынадай нарықтық емес белгілерін сақтап қалды: жасырын жұмыссыздық түріндегі еңбектің артықшылығы және еңбек потенциалын жұмысшы күшінің бағасын жасанды түрде төмендете отырып, тиімсіз пайдалану.

Бүгінгі таңда Қазақстанда және оның аймақтарында жұмыспен қамту мәселелерінің өзекті аспектілері болып отырғандар: инженерлік-техникалық мамандықтарға қажеттіліктің және өндірістік сфера, ғылым, өнеркәсіптің ғылыми салаларында жұмыспен қамтылғандардың қысқаруына алып келген, персоналдардың салалық және кәсіби-біліктілік құрылымының деформациясы; экономиканың көлеңкелі және қылмысты салаларында ресми емес жұмыспен қамтылғандардың көбеюіне алып келетін жұмыспен қамтудың жаңаша емес формаларының кеңінен таралуы.

Жұмыспен қамту еңбек ақы, жалақы немесе қандай да бір табыс түрін алу мақсатында жұмыс істейтіндердің санымен сипатталады. Оны тек еңбектің жалақыға айырбасталуымен түсіндірілетін нарықтық келісім ғана емес, өмір сүру қалпын ұзақ уақытқа, кейде түбегейлі өзгертуге алып келуші ретінде де қарастыру керек.

Сондықтан, біз жұмыспен қамтудың арнайы түрлерінің сипаттамасын 2-ші суретте ұсынып отырмыз.



Сурет 2 – Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері

Ескерту - Автор құрастырған
Жұмыспен қамтудың жеткіліксіздігінің салдары жұмыссыздық болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматына жұмыссыздық құқығы келесі шарттарды сақтаған жағдайда ғана беріледі (сурет 3):


Сурет 3 – ҚР азаматына жұмыссыздық санатын беру шарттары


Ескерту - Әдебиеттер мен нормативтік актілер негізінде автор жасаған
Экономикаға жұмыссыздықтың теріс әсерін сипаттау үшін жұмыссыздықтан болған жоғалтуларды анықтау өте маңызды. Біріншіден, бұл қаржылық жоғалтулар, себебі, мемлекет әрекет етуші еңбек туралы заңға сәйкес жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуге міндетті. Екіншіден, жұмыссыздардың өндіріске қатыспауынан, ешнәрсе өндірмегендіктерінен, мемлекет ұлттық өнім мен ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін жоғалтады.

Бірінші түрдегі жоғалтулардың көлемін жұмыссыздығы бойынша төленген жәрдемақылардың сомасы ретінде анықтауға болады. Екінші түрдегі жоғалтулардың шамасын жұмыссыздардың жылдық орташа санын жұмыспен қамтылған бір адамның жылдық орташа өнімділігіне (ұлттық табыс немесе өнім бойынша алынған) көбейту арқылы есептеуге болады.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі есеп пен есептілік бюджеттің орындалуын бақылаушы құрал бола тұра, ұлттық табысты кеңейтілген ұдайы өндіріс мақсаттарына тиімді бөлуге және халық шаруашылығындағы салалардың дамуына қажетті қатынасты сақтауға, бекітілген мемлекеттік бюджетті дәл орындауға ықпал етеді.

Біздің ойымызша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің негізгі функциялары: бақылаушы, ақпараттық, талдаушы болып табылады.

Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп жүйесін реформалаудағы қойылатын талап: біріншіден, жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелеріндегі жұмыссыздарды шұғыл есепке алу жүйесі оларды есепке алу және бақылаудың мемлекеттік жүйесінің жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс; екіншіден, халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелеріндегі тіркелген жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шаралардың сметасын жүзеге асыруға байланысты шығындарды бухгалтерлік есепте соған сәйкестендіре көрсету тиіс; үшіншіден, бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалануды бақылау жүргізу. Бұл өз кезегінде бухгалтерлік есептіліктің формаларын ары қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.

Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелері еңбек ақы қорын жұмсаудың есебі мен бақылауы және өз мерзімінде баланс пен есептілікті құру болып табылады. Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің дұрыс қойылуы шығындар сметасын дәл құрастыруға және сонымен қатар, материалды, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану бойынша жаратылмай қалған ішкі резервтерді анықтауға мүмкіндік береді.

Шығындар сметасының орындалуының бухгалтерлік есебі мемориалды-ордерлік, журналды-ордерлік және «Бас-журнал» кітабы формалары бойынша жүргізіледі. Сол себепті, оларды ХҚЕС-на сәйкестендіру қажет, яғни, мемлекеттік мекемелерде 1С:Бухгалтерия бағдарламасының жаңа 8.1 нұсқасын ендіру көп еңбекті қажет ететін мәселелерді шешуге, ақпараттарды жалпы жүйелік автоматтандырылған түрде өңдеуге, шығындар сметасын орындауға мүмкіндік береді.

ҚР-да ХҚЕС-на өтуге байланысты бухгалтерлік есеп қаржылық және басқарушылық болып екіге бөлінеді. Қаржылық есеп жүйесінде мемлекеттік мекемелердің шығындары туралы ақпараттар қалыптасады.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бойынша мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар шаруашылық есеп жүйесінде қалыптасады. Шаруашылық есеп жүйесі шұғыл, бухгалтерлік, статистикалық есептерден құралады.

Халықты жұмыспен қамту қызметіндегі шұғыл есеп жеке шаруашылық процесстер, операциялар мен құбылыстарды олардың орындалу барысын тікелей басқару мақсатында жүргізілетін бақылау мен байқау жүйесі болып табылады. Оның негізгі функциясы 4-суретте ұсынылып отыр. Осы функцияларды орындау арқылы шұғыл есеп мемлекеттік мекемелердің қызметін шұғыл басқару мен реттеудің мақсаты мен міндеттеріне жауап беретін өзіндік жүйесін қалыптастыруға болады.



Сурет 4 – ХҚЕС жағдайындағы халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметіндегі шұғыл есептің функциялары


Ескерту – Нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде автор құрастырған
Шұғыл және бухгалтерлік есептің мазмұны оның объектісі мен есептік-аналитикалық функцияларының мақсатына қарай анықталатын міндеттердің кешені арқылы ашылады (1-кесте).
Кесте 1 – ХЖҚММ-дегі бухгалтерлік және шұғыл есеп міндеттерінің тізімі



Міндеттер кешені

Міндеттері

Жұмыспен қамту орталығына келгендердің есебі

жұмысын ауыстыруға тілек білдірген азаматтардың есебі; еңбек нарығындағы жағдай туралы кеңес алуға тілек білдірген азаматтардың есебі; өз еркімен жұмыстан босатылған азаматтардың есебі; қысқару бойынша жұмыстан босатылған азаматтардың есебі.

Жұмыссыз деп танылған азаматтардың есебі

жұмыссыздардың жынысы бойынша есебі; жасы бойынша есебі; білім деңгейі бойынша есебі; мүгедек жұмыссыздардың есебі; жұмыссыздығының ұзақтығы бойынша есебі.

Табыстар есебі

(қаржыландыру)



бюджеттік қаржыландыру есебі; басқа да түсімдердің есебі.

Жұмыспен қамту бөлімінің қызметтерін орындауға байланысты шығындар есебі

жұмыссыз азаматтарға кәсіби бағдар беру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау іс-шараларына, оқу орнын ұстау (жал ақысы) мен шәкірт ақыны қоса есептегендегі шығындардың есебі; қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шығындарының есебі; жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы төлеу шығындарының есебі; жұмыспен қамту қызметінің ұсынысы бойынша азаматтардың өз еркімен басқа мекен-жайға көшуіне байланысты материалды компенсацияларды төлеудің есебі; жұмыссыз азаматтарға уақытша жұмысқа қабілетсіздігі, еңбекке жарамсыздығы бойынша берілген төлемақылары шығындарының есебі; жұмыссыздың асырауындағы жанұя мүшелеріне берілген материалды және басқа да көмек шығындарының есебі; жұмыссыздарға мерзімінен бұрын тағайындалатын зейнетақыларға байланысты ҚР зейнет ақы қорларының шығындарын өтеу есебі; қосымша немесе жаңа жұмыс орындарын құру және сақтау іс-шаралары шығындарының есебі; әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтар үшін арнайы жұмыс орындарын(өндірістерді) құру бойынша шығындардың есебі; жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік іс-әрекеттерін дамыту бойынша шығындарының есебі; халықтың әр түрлі топтарын әлеуметтік қорғау бойынша іс-шараларды қоса есептегендегі еңбек ресурстарының балансы мен жұмыспен қамту бағдарламасын жасауға байланысты шығындардың есебі.

1-ші кестенің жалғасы



Міндеттер кешені

Міндеттері

Ақша аударымы бойынша есеп айырысулардың есебі

еңбек ақы төлемі бойынша персоналдармен есеп айырысудың есебі; салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі; бірыңғай әлеуметтік салықтар бойынша есеп айырысулардың есебі; жәрдемақылар бойынша жұмыссыздармен есеп айырысулардың есебі; шәкіртақылар бойынша жұмыссыздармен есеп айырысулардың есебі; мерзімінен бұрын тағайындалатын зейнетақылар бойынша зейнетақы қорларымен есеп айырысулардың есебі.

Жұмыспен қамту бөлімін ұстау үшін шығындардың есебі

аударулары бойынша еңбек ақы төлемдері шығындарының есебі; құрал-жабдықтар мен инвентарь алу шығындарының есебі; жалға алу, мекемені ұстау және қызмет көрсетулер шығындарының есебі; іс-сапарлар шығындарының есебі; басқа да шығындардың есебі.

Ескерту – Автор құрастырған

Шұғыл есептің объектілері жұмыспен қамту қызметінің құрылымы мен тағайындалуына байланысты болады. Сондықтан, сәйкес деңгейдегі жұмыспен қамту қызметінің шұғылк есебі мен талдауының міндеттерінің жиынтығын екі топқа бөлуге болады: халықты жұмыспен қамту қызметтерін ұйымдастырушы аспектілерінің шұғыл есебі мен талдауы; халықты жұмыспен қамту қызметінің әрекет етуінің шұғыл есебі мен талдауы.

Демек, зерттеу нәтижесі мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің төмендегідей өзіндік ерекшеліктері болатындығын көрсетеді (сурет 5).




Арнайы ерекшеліктер




Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ұйымдық-қызметтік ерекшеліктері;




Бюджеттік жіктеменің баптары бойынша бухгалтерлік есеп;




Шығындар сметасының есебі мен оның орындалуын бақылау;




Бюджеттің орындалуының қазынашылық жүйесі;




Бухгалтерлік есептегі кассалық және нақты шығындардың бөлінуі.

Сурет 5 - Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен бақылауды ұйымдастырудың арнайы ерекшеліктері


Ескерту – Автор құрастырған
Мемлекеттік мекемелер үшін 1С:Бухгалтерия 8.1.бағдарламасының негізінде бухгалтерлік есептің заманауи формасына өтудің объективті қажеттілігі осы бағдарламаның барлық мүмкіндігі бойынша алдыңғы қатарлы технологияларды енгізумен түсіндіріледі. Бұл бағдарлама мәліметтер базасындағы интернет-қорда жүзеге асырылады. Егер белгіленген бағдарлама онлайн-тәртіпте жұмыс істейтін болса, онда мемлекеттік мекемелердің ақпараттарға қызығушы субъектілері қажетті мәліметтерді өз уақытында тікелей алуына болады.

Қазақстандағы мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің алғаш рет заң жүзінде рәсімделуі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңында жүзеге асырылды. Тұжырымдамалық жоспардағы аса елеулі құбылыс болып мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің барлық деңгейлеріндегі бағдарламалық-мақсатты негіздердің орнығуы табылады. Жұмыспен қамту туралы заңдылық, кейіннен халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызметінің Департаменті туралы ережелер мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтеріне халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру міндеттерін жүктейді. Ғылыми әдебиеттер мен мемлекеттік бюджеттік мекемелердің іс-әрекетін нормативті-құқықтық реттеу жүйесін талдай отырып, халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухггалтерлік есепті құқықтық реттеудің 4 деңгейін ұсынамыз (сурет 6).






4-деңгейі: Ұйымдастырушылық

Қабылдануы Ережемен қарастырылған бюджеттік мекемелердің жұмыс құжаттары

3-деңгейі:

Әдістемелік

ҚР бірыңғай бюджеттік жіктемені құрудың тәртібі, Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі активтер, материалдық запас, ақша, есептесулер мен баланстың басқа да баптарына инвентаризация жүргізудің тәртібі туралы ереже

2-деңгейі:

Нормативтік

Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп бойынша Ереже, «Мемлекеттік ұйымдардағы жылдық, тоқсандық, айлық бухгалтерлік есептіліктің ережесін бекіту тралы»

1-деңгейі:

Құқықтық


ҚР Бюджет Кодексі, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы және басқа да ҚР Заңдары, ҚР Президентінің Жарлықтары, Қр Үкіметінің қаулылары

Сурет 6 – ХЖҚММ -дегі бухгалтерлік есепті нормативті-құқықтық реттеу деңгейлері

Ескерту - Автор құрастырған
Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуды бағалау және оның жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен ішкі аудитті ұйымдастыруға әсері. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштер мен мәліметтерді қалыптастырудың мәселелерін анықтау үшін халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бойынша мемлекеттік мекемелер іс-әрекетін экономикалық талдау арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығындағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың жағдайын бағалап алған дұрыс.

Біздің ойымызша, зерттеу объектісіне қатысты еңбек нарығында қызмет көрсетумен байланысты болатын жұмыспен қамту органының іс-әрекеті экономикалық талдаудың пәні болып табылады.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің шаруашылық іс-әрекетін экономикалық талдауда қолданылатын бағалаудың негізгі көрсеткіштеріне талданатын мәндердің базистік мәндерден салыстырмалы және абсолютті ауытқулары, өсуі және өсімінің қарқындары жатады. Бұл көрсеткіштер жалпы құрылым мен оның жеке элементтерін бағалауға мүмкіндік беретін өзгерістер динамикасын, үлес салмағын сипаттайды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек нарығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер 2-кестеде келтірілген.

Жалпы республика бойынша және ОҚО-да жұмыссыздықтың өзгеруінің динамикасы оның деңгейінің жылдан-жылға төмендеуін көрсетеді. 2008 жылы халықты талдап, зерттеу мәліметтері бойынша облыстағы жұмыссыз халқытың

с

аны 74,0 мың адамды құраса, оның ішінде 51,1% - ауыл халқы.



Кесте 2 - 2006-2008 жж. аралығында ОҚО бойынша еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері




Көрсеткіштер

2006

2007

2008

2008ж. 2006ж.-ға %-бен

1

Жұмыссыздардың жалпы саны (адам)

75800

75000

74018

-2,35




Оның ішінде:













2

-ерлер

32500

25700

30202

-7,07

3

-әйелдер

43300

49300

43816

+1,19

4

Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін әр түрлі бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет құралдарының сомасы (мың теңге)

231625,6

239319,9

269890,1

+16,52

5

Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгендердің саны (адам)

9821

9706

10508

+6,9

6

Кәсіптік оқытуға жіберілгендердің саны (адам)

1664

1654

1672

+0,5




Мемлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны (адам)

8166

7743

8800

+7,76

7

Жұмысшы күшіне вакансия (қажеттілік), бірлік

17474

17082

18055

+3,32

8

Талданатын еңбек нарығының шиеленісушілігі

0,46

0,45

0,48

+4,34

Ескерту - Кесте ОҚО ЖҚҮӘББ-нің есептік мәліметтері негізінде автор құрастырған

Жұмыссыздардың жалпы санында 40,8% (30,2 мың адам) ерлер, 59,2% (43,8 мың адам) әйелдер құрайды. 2008 жылы жұмыссыздық деңгейі республика бойынша 7,3 %, ОҚО бойынша 6,6% құраған (сурет 7).




Сурет 7 – 2004-2008 жж. ОҚО бойынша жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық деңгейі
Ескерту - Статистикалық ақпарат негізінде автор құрастырған
Суреттен көрініп тұрғандай, облыс бойынша 2008 жылы 2004 жылмен салыстырғанда жұмыссыздықтың деңгейі 1,2%-ға төмендеген.

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындарының күн көріс үшін күресі жастарды еңбек нарығына қадам жасауына алып келді. Жұмыссыздықты төмендету үшін қолданылған шараларға қарамастан жастарды жұмыспен қамту мәселесінің өзектілігі төмендемейді. Жастарға әрдайым кәсіби өмірдегі тұрақтанумен ұйғарылған кадрлардың неғұрлым жоғары ағымдылығы тән болған. Жас адамдардың мүмкіндіктері жұмыссыздардың басқа категорияларымен салыстырғанда олардың төмен бәсекелік қабілетінің салдарынан онсыз да шектеулі болып келеді.

Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік органдарында шығындарды есепке алу және есептілікті құрастыру смета көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

Бюджет бойынша нақты шығындарды есепке алу ҚР-ның бюджеттік жіктемесіндегі бюджет шығындарының бөлімдері, кіші бөлімдері, мақсатты баптары, спецификаның кодтары бойынша жүргізіледі және жалпы шығындар сметасының нақты орындалуын, жеке баптар бойынша шығындардың бекітілген мөлшерлерінің орындалуын да бақылауға мүмкіндік береді. Шығындар сметасын орындау барысындағы атқарылуға тиіс міндеттер 8-суретте көрсетілген.


Сурет 8 – Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі шығындар сметасын орындаудың міндеттері


Ескерту - Сурет әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған
Нақты шығындарды талдаушылық есепке алу ҚР бюджеттік жіктемесінің бюджет шығындарын экономикалық топтастыру элементтері бойынша бөлу арқылы заттық баптар, кіші баптар бойынша Ф309 тізбесінің 2-ші бөлімінде жүргізіледі. Нақты шығындардың орнын толтыру ҚР-ның бюджеттік жіктемесінің шығындарының бұрын орын алған экономикалық шығындарының кодтары бойынша жүргізіледі. Ай соңындағы есеп жыл басында қайта қалпына келтірілген соманы шегеру арқылы есептеледі.

294-ші үлгідегі тізбенің 3-ші бөлімінің мәліметтері кірістер мен шығыстар сметасын орындау туралы есептің «Кассалық шығындар» деп аталатын 6-шы бағанасын толтыру үшін алынады. 309-шы үлгідегі тізбенің 2-ші бөліміндегі мәліметтер кірістер мен шығыстар сметасының орындалуы туралы «Нақты шығындар» деп аталатын 7-ші бағанасын толтырудың негізі болып табылады.

Кассалық шығындар мекемеге сәйкес бюджеттен бөлінген ақшалай құралдардың қозғалысын, ал нақты шығындар – оларды пайдаланудың толықтығын сипаттайды. Кассалық және нақты шығын арасындағы байланысты сипаттаған кезде ағымдағы бюджет жылында шаруашылық іс–әрекетті жүзеге асыру үшін мекеменің ақшалай құралдарға деген қажеттілігін қарастыратын бекітілген шығындар сметасына сәйкес бюджеттен ақша аудару іске асырылады.

Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты – қаржылық есептілікте көрсетілген барлық ақпараттар оны құрудың негізі мен принциптеріне сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін тексеру жүргізу екендігі белгілі.

Аудитордың есебі қаржылық есептіліктің дұрыстығының тәуелсіз куәлігі болып табылады. Аудиттің халықаралық стандарты қаржылық есепті пайдаланушыларға түсінікті болу үшін есептің құрылымы аудиторлық қорытындыларды нақтылайтындай бірыңғай болуының қажеттілігіне бағыттайды. Аудиторлық ұйымның жетекшісіне қаржылық есеп туралы ойын білдіретін аудиторлық есепті (қорытындыны) ұсынады.

Кассалық және нақты шығындарды есепке алу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелер 3-кестеде көрсетілген.


Кесте 3 – ЖҚҮӘББ-дағы кассалық және нақты шығындарды есепке алудың бухгалтерлік өткізбелері



Кассалық және нақты шығындарды бухгалтерлік есепте көрсету



п/п


Операцияның мазмұны

Субшоттардың корреспонденциясы

дебет

кредит

Кассалық шығындар

1.

Бюджетке аударылған ЖТС

173

091

2.

Аударылған әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру

159, 184

091

3.

Зейнетақы салымы бойынша аударылған міндеттемелер

198

091

4.

Материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін төленген жабдықтаушылардың шоттары

178

091

5.

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар мен аударылған алименттер

187

091

6.

Чек бойынша кассаға берілген ақшалай құралдар

120

091

7.

Кіші есептің кассалық шығындарының орнын толтыру үшін жұмсалғаны

091

160

Нақты шығындар

1.

Көрсетілген қызмет, орындалған жұмыс, шығындалған материалдар туралы ұсынылған құжаттар негізінде шығындарды көрсету

200

178, 060-




067,069







2.

Жұмысшыларға еңбек ақы, жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу

200

180,191

3.

Есептелген әлеуметтік салық пен әлеуметтік сақтандыру

200

159, 184

4.

Зейнетақылық жарналар бойынша міндеттемелерді аудару міндеттемелер

200

198

5.

Бюджет жылының соңында шығындарды жою

140

200

Ескерту - Нормативтік-құқықтық актілер мен заңдылықтар негізінде автор құрастырған

Аудиттің ақпараттық базасы ретінде жылдық немесе егер есептілік саясатымен қарастырылған болса, онда тоқсандық есептер, есептілік регистрлері (тіркеушілер), басты кітап, журнал-ордер, айналымдық тізбелер (ведомость), есептеулер, қосымшалар және бірінші ретті құжаттар қолданылады.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің жетекшілері есептілік саясатының дұрыстығына, ішкі бақылау жүйесіне және қаржылық есептілікке жауапты болады.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелер жұмысының тиімділігін талдау мен кәсіби аудит мәселелерінің жеткілікті деңгейде орындалмағандығы әрекеттегіні нақтылауды ғана емес, оны ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін жасауды талап етеді.

Мемлекеттік мекемелердегі аудиторлық қызмет келесі ережелер бойынша әрекет етеді (сурет 9).


Аудиторлық қызметті жүргізудің ережелері




Аудит жүргізу барысында аудитор мен әкімшілік арасында көзқарастардың қайшылықтарына жол бермеу ұйғарылады.

Қаржылық есептілік пен құжаттар дәл емес мәліметтерді көрсетпеуі тиіс немесе жасырмауы тиіс.

Қаржылық есептіліктің объективтілік деңгейі ішкі бақылаудың тиімділігіне байланысты анықталады.

Қаржылық есептілік оны құрудың концептуалды талаптарына сәйкес құрылуы қажет.

Қаржылық есептілікті бекіте отырып, аудитор ұйымның кем дегенде тағы бір жыл, яғни келесі аудитке дейін (әрекет етуші кәсіпорын принципі бойынша) қызмет ететіндігін ұйғаруы тиіс.

Аудитордың қорытындысы оның құзіреттілігіне (біліктілігіне) байланысты болады.

Аудитор мен оның көмекшісінің(ассистентінің) жұмыс көлемі айтарлықтай өзгеше болуы керек.

Қаржылық есептілік мәліметтерінің пайдалылығы оның тексеру дәрежесіне тікелей байланысты.

Сурет 9 – Мемлекеттік мекемелердегі аудиторлық қызметтің ережелері


Ескерту - Әдебиеттер көздері мен нормативтік-құқықтық актілер негізінде

автор құрастырған


Аудиторлармен жүргізілетін қаржылық есептілікті тексеру аудиторлық қызметтердің басымдылықтарын түсіндіру жұмыстарын орындауға бағытталған. Бұл бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрудың дұрыстығына ыңғай жасайды.

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі шұғыл және бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды жетілдіру. Бюджеттік қаржылардың дұрыс пайдаланылуын тексерудің мақсаты нормативтік-құқықтық актілер талаптарының негізінде бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесінің сақталуын тексеру болып табылады. Оның негізгі міндеттері 10-суретте жүйеленіп, көрсетілген.




1) Шығындардың заңдылығын және мақсаттылығын қамтамасыз ету;

2) Мақсатты жұмсауға сәйкес бюджет қаржыларын үнемді пайдалануды қамтамасыз ету;

3) Бюджеттік ұйымның кассалық және нақты шығындарын дұрыс құжаттық рәсімдеуді қамтамасыз ету;

4) Олардың бухгалтерлік есеп пен есептілікті дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.

Сурет 10 – Бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалануды тексеру міндеттері


Ескерту - Автор құрастырған

Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі есеп-қисап бөлімін орталықтандырудың мақсаты – мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметінің шығындарын қысқарту, ресурстарды шоғырландыру, сонымен қатар қаржылық және шаруашылық мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау жеделдігін жоғарылату.

Аталған қызметтерді негіздеу орталықтандырылған есеп-қисаптың бірқатар артықшылықтарын анықтайды (11-сурет).


Артықшылықтары




1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Департаментке бюджеттік қаржыларды бөлу кезінде құжат айналымының қысқаруы













2) бухгалтерлердің штаттық санының қысқаруы (еңбек ақы шығындарының) және аса білікті мамандардың іріктеп алу мүмкіндігі. Орталықтандыру жағдайында есеп-қисап жұмысының еңбек сиымдылықты учаскесі – жұмыссыздармен және еңбек ақы бойынша есеп айырысулар орталықтандырылады













3) барлық Орталықтар бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің әдістемелік бірлігі













4) заң бұзушылықтар мен орындардағы қызмет бабын пайдалануды дер кезінде анықтауды және жоюды шұғыл бақылау



  1   2   3


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет