Сайыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жүргізуші



жүктеу 57.4 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі57.4 Kb.
"ҚЫЗЫҚТЫ ФИЗИКА" сайысы.

Сайысқа 8 сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді және әр топтың аты болады.

Қазылар алқасы тағайындалып, таныстырылады.

Сайыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты көрермен! Сөз бастайын термелеп өлеңмен. Тәрбиелі , білімді боп әрқашан Өс өркенде қанат жайып кемелден. Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер, Бұл өмірден өтті дана шеберлер. Ғалым демей кім деп оны айтарсың Даналықтан мұра қалған өнерден дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

"Апталыққа шашу" әні.

Бүгін бізде апталық Бостан босқа жатпалық Үйреніп есеп қыр-сырын Формуланы жатталық.



Қайырмасы: Ойың-ойға ұлассын, Біліміміз қыр ассын. Ақыл-ойдың жаршысы, Табиғаттың патшасы, Қолға алайық бәріміз. Физиканы-ай

Биылғы жыл жаңалық, Өнер ғылым ғасыры. Білім менен даналық, Бар адамның асылы.



1-топ аты: «Архимед»

2-топ аты: «Паскаль»

1-сайыс: «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп!»

Осы мақалды әдеби тілмен түсіндірген соң, жұмбақтар шешіледі. Жауабы физика тілінде 1-2 сөзбен түсіндірілуі керек.



  1. Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн мен ай - табиғи жарық)

  2. Отқа жанбас суға батпас (Мұз - заттың қатты күйі)

  3. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су – сұйық күй)

  4. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы - сырғанау үйкелісі, қысым)

  5. Жылдың 4 мезгілінде де, мазасызданады ол неге? (жел - конвекция)

  6. Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? (найзағай - оң, теріс заряд, табиғи жарық)

  7. Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды. (масса – физикалық шама)

  8. Қармен бір жүргенде, сықырлайды ол неге? (Сынады – қатты дене)

  9. Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. (бор – жұғу құбылысы)

  10. Көк лағым көген сүйреді. (ұршық – шеңбер бойымен қозғалыс)

Жүргізуші: Физик, ғалым, астрономдар өтіпті, Қиялменен көкке самғап жетіпті. Табиғаттың аясында тербеліп, Даналығын мұра етіп кетіпті дей отырып келесі сайысқа көшейік.

2-сайыс: Қызықты сұрақтар.

1.Өзендегі су жоғарыда жылы ма,әлде төменгі жағында жылы ма? 2.Терең су ішінде адамды көтере аласың ба? 3.Судың терең жерінде табанға тас қатты бата ма, әлде таязда ма? 4.Неліктен рельс арасында саңылау қалдырады? 5.Адамның шашын, қасын, мұртын, аязды күні қырау шалатыны неліктен? 6. Көптеген құстар бір ғана биіктікте қанатын қақпай-ақ қалықтап тұра алады. Неліктен?



Жауаптары: 1.Су төменгі қабатта суық себебі судың жылу өткізгіштігі нашар. 2.Суда дамды көтеру оңай, Архимед күші көмектеседі. 3.Терең суда тас ауыртпайды, тағы да көмекке Архимед күші келеді. 4.Жазды күні күн ысығанда ысыған рельс едәуір ұзарады, яғни деформацияланады. Саңылау деформация үшін қажет. 5.Тыныс алғанда шыққан бу суықта конденсациялады. 6.Ауа ағысы құстың қалықтап тұруын қамтамасыз етеді.

3 - сайыс: Формула сыры.

Шама

Белгіленуі

Бірлігі

Қысым

р

Па

масса

m

кг

Заттың меншікті жылусыйымдылығы

c

Дж/кг*0С

Меншікті балқу жылуы

λ

Дж/кг

Көлем

V

м3

Температура

t

0С

Нүктелік заряд

q0

Кл

Энергия

Е

Дж

Күш

F

Н

Жұмыс

А

Дж

Кернеулік

Е

Н/Кл

Заряд

q

Кл

4- сайыс: Физикалық айтыс

1. Көк аспанның төрінде, Бұлттар жүзіп барады. Күн күркірі тегін бе? Жаңбыр неге жауады?

2.Конденсация есебінен, Көктен жаңбыр жауады. Ауаның да біркелкі, Қызбауынан болады.

1.Бұлт аспанның төрінде, Найзағай неге ойнайды? Байқап тұрсаң түбінде, Жаңбыр жаумай қоймайды.

2.От ойнатқан бұлтты аспан, Зарядтардан түзілген. Күркірегені гүрілдеп, Ашылады күн күлімдеп.

1.Жылдың төрт мезгілінде, Мазасыз жел соғады. Әлде бұл өздігінен бе? Себебі неден болады?

2.Температура бір болмай, Жылы ауа тарайды. Конвекция пайда болып, Жел соқты деп санайды.

1.Қыста аспан түнеріп, Қар жауады себелеп, Себебін бізде білейік, Сұрақ қойдық неге деп?

2.Қардың жауу себебі Кристалданар су буы Жерге құлап түсуі Ауырлық күшінен болады.

5-сайыс: Кім көп біледі? Топ мүшелері кезекпен ғалым физиктерді атайды.

Мысалы 1-топ 2-топ

Ом Ньютон

Ватт Архимед

Ампер Бор т.б

6-сайысТоп басшыларымен сайыс

«Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір!»


  1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

  2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

  3. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

  4. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

  5. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)

  6. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

  7. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

  8. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

  9. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

  10. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)

7- сайыс: Қызықты тәжірибелер

Оқушылар берілген құрал-жабдықтар бойынша жұмыс жасайды.



Қорытынды: Әділ-қазы алқаларына сөз беріледі.

Жүргізуші: Ой санамда болса да балалығым, Ғылым сырын білемін, даналығын. Физика заңдылығын меңгертіп, Зерделімін, білімдімін, саналымын! дей отырып бүгінгі сайсымызды аяқтаймыз.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет