Саламатсыздар ма, құрметті педагогтар, сынып жетекшілері! Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс жасауға дайындығын талқылап көрейік



Дата02.10.2019
өлшемі146.73 Kb.
Саламатсыздар ма, құрметті педагогтар, сынып жетекшілері! Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс жасауға дайындығын талқылап көрейік. Сынып жетекшісі жұмысының айтарлықтай қиын екенін және бұған бәрінің бірдей дайын бола бермейтінін мойындау керек. Алғаш қарағанда оңай сияқты көрінгенімен, бұл әркімнің қолынан келе беретін іс емес. Біздің сабағымыздың нәтижелі болуы үшін мен келесі сабақ жоспарын ұсынғым келеді. Біз бірнеше сұрақтарды қарастырамыз. Біріншісі, сынып жетекшісі жұмысының қиындығы неде? Екіншісі, бұл ата-аналармен жұмысқа уәждейтін дайындық. Үшіншісі - Ата-аналармен жұмысқа когнетивтік дайындық. Төртіншісі – эмоционалдық дайындық. Бесіншісі –мектеп оқушыларының ата-аналарын ұйымдастырудағы мінез – құлық дайындығы. Және бір қарастыратын тағы бір дайындық түрі бұл сынып жетекшісінің білім беру, денсаулық сақтау жүйесінің аралас мамандарымен, заңгерлермен, әлеуметтік қорғау өкілдерімен және т.б. бірлесіп жұмыс-жасауға дайындығы. Сіз біздің жоспарымыздан көріп тұрғаныңыздай, дайындық түрінің бірнешеуі бар және олардың әрқайсысын тексеріп көру қажет, міне қазір сабақ үстінде сұрақ қоюларыңызға болады. Сізде дайындықтың қай түрі қандай деңгейде дамыған. Біз сабағымызды сынып жетекшісінің жұмысынан бастаймыз. Оның қызметі шын мәнінде күрделі. Ол сыныпта тәрбие жұмысын және ата-аналармен өзара іс-қимылды жоспарлауы тиіс. Бәріне бұл жұмыс таныс, жоспарлар бір жылға алдын ала жасалып, кейіннен бұл жоспарлардың орындалуы туралы есеп беру қажет. Бұл жұмыстың күрделілігі тағы неде? Қазіргі уақытта мектептерде ата-аналармен жұмыс бойынша көптеген бағыттар бар. Біз оларды тізіп көрсетейік. Мүмкін, ортақ мүдде үшін ата-аналармен біріге отырып, қандай бағыттарды дамыту туралы сіздің де өз ойыңыз пайда болар. Егер сынып жетекшісінің жұмысына тікелей ауысатын болсақ, сынып жетекшісі жұмысының диагностикалық тұрғыда қандай төрт маңызды түрі бар екенін ескеру қажет, себебі сынып жетекшісі қандай отбасылардың бар екенін, балалардың қандай отбасыларынан келгенін анықтап, кластың әлеуметтік портретін құра алуы тиіс. Осы портретті негізге ала отырып, балалармен немесе ата-аналармен жүргізілетін белгілі бір жұмысты жоспарлау қажет. Балалардың қайсысымен қиындық туындайтынын болжау қажет. Қиындық, мүмкін, бастауыш мектептен орта мектепке өту кезеңінде туындар, әлде жасөспірім шағында ма, мүмкін мемлекеттік емтихандарды тапсыру кезінде, не мамандық саласын таңдау барысында шығар. Келесі түр, бұл ұйымдастыру – үйлестіру қызметі. Бұл кезде сынып жетекшісі белгіленген жоспарды іске асыруы тиіс, ал бұл үшін әзірленіп жатқан іс-шаралар, жиналыстар туралы ата-аналарға үнемі хабарлап отыру, оларды дайындау қажет, және ең маңызды және төртінші түр – бұл сынып жетекшісінің бақылау-үйлестіру қызметі. Жұмыстың барлық осы түрлері, әрине, іштей жақсы дайындықты қажет етеді, біз бұны сынып жеткшісінің уәждеуші дайындығы деп атаймыз. Біз дәл осы ата-аналармен жұмыс жасауға дайындықты қарастыратын боламыз. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз жұмысқа енжар көзқарас емес, бұл – маңызды мақсатты ұғыну және қабылдау болып табылады. Дайындықтың бұл түріне педагогтың өзінің кәсіптік рөлін ұғынуы және қабылдауы да жатқызылады. Бұл - әрі оқушылардың ата-аналарымен өзара іс-қимылдың қажеттілігін түсіну және қабылдау. Әрине, біз уәждеме туралы айтқан кезде барлық жұмыс түрлерімен, оның ішінде ата-алармен диагностикалық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге ынта-жігерді назарға аламыз. Бұл неліктен алғашқы компонент болып табылады және сіздердің оқушылардың ата-аналарына қатысты қандай ойларыңыз бар екені туралы сұрақ қоюларыңызды өтінемін. Егер сіз немқұрайлы қарайтын болсаңыз, басқалары бұны сезінеді және сіздің іс-шараңыз соншалықты нәтижелі және табысты болмайды. Бұл жерде сынып жетексінің өз рөлі мен қызметінің маңызын ұғынуы тиіс. Сынып жетекшісі өз қызметіне дайын болуы тиіс, мысалы, сынып жетекшілігін тек еңбекқыға қосылатын үстеме ақы үшін ғана атқармау керек. Егер сынып жетекшісі тарапынан немқұрайлы көзқарас қалыптасатын болса, бұл оқушылардан да, тіптен ата-аналардан да көрініс алатын болады. Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынас немқұрайлықтан бастау алса, бұл дау-дамайға әкеліп соғары сөзсіз. Немқұрайлы қарым-қатынас кезінде сыныптың әлеуметтік сипатын бағалау кезінде де қателерге жол беріледі, ата-аналарды ұйымдастыру барысында да қателер туындайды, бұның бәрі тұлғааралық қақтығыстарға әкеліп соғады. Дайындықтың алғашқы компоненті – бұл адамдарға шын ниетпен көмек көрсетуге дайындық болып табылады. Әрине, педагог мамандығының көмек көрсететін мамандық болып табылатынын біз білеміз. Осы мәселе бойынша зерттеулер жүргізіліп, астана мектептерінің жоғары сынып оқушыларынан өздерінің сынып жетекшілерін қандай болғанын қалайтыны туралы сұралған болатын. Бұл зерттеулерді Мәскеу білім беру арналары, жақын арада, яғни 2017 жылы жүргізген еді. Сынып жетекшісі – бұл кластың капитаны, кеме капитаны дер едім. Оқушылардың жартысы сынып жетекшісінен адалдық, түсіністік, мейірім сияқты қасиеттерді көргісі келетінін айтқан. Оқушылардың тағы бір бөлігі сынып жетекшісі қызметіндегі маңызды рөлді қарым-қатынас жасай алу қабілетіне, әділдікке, әзіл-қалжыңды жақсы түсінгіштікке берген. Оқушылардың тағы бір жартысы сынып жетекшісі барлық қызықты іс-шаралардың басты ұйымдастырушысы болуы тиіс деп көрсеткен. Тағы бір оқушылар сынып жетекшісінде төзімділік пен шешім қабылдағыштық қасиеттері болуы тиіс деген. Олар сондай-ақ, сынып жетекшісі жаңа ақпараттық технологияларды жақсы меңгеруі тиіс дейді. Қазірде барлық мұғалімдер мектеп күнделіктерін жүргізеді және ата-аналармен чаттарда қарым-қатынас жасайды, сондықтан бұл жұмысты сынып жетекшілері жақсы меңгерген деп санаймыз. ата-аналармен өзара іс-қимылға дайындықтың келесі түрі – бұл сынып жетекшісінің когнетивтік дайындығы. Когнетивтік дайындық адамның ойлау қабілетімен байланысты, сіздің логикаңыз қандай, сіздің ойыңыз қалай, сіз-ата-аналармен өзара іс-қимылды қашан жоспарлайсыз деген сияқты сұрақтар төңірегінде болады. Ең алдымен сіз ата-аналармен өзара іс-қимылдың жедел-құқықтық объектілерін білуге негізделесіз – бұл республиканың білім туралы заңы, бұл өңірлік актілер, бұл ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың барлық аспектілерін реттейтін сіз жұмыс жасайтын білім беру ұйымындағы ережелер. Сіз педагог курсынан ата-ана компоненттерін білесіз, оның ішіне мектеппен қарым-қатынас та бар, бірақ жас ерекшеліктерімен қатар, ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге эмоционалдық дайындығын да білу керек. Бұл мінез-құлықта ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуде көрсететін барлық жақсы иниеттер мен тілектерді іске асыру қабілеті. Сонымен ата-аналардың педагогикалық мәдениеті қалай дамиды, бұны білудің де маңызы зор, себебі сынып жетекшісі ата-аналармен ағарту жұмысының мазмұнын қалыптастыратын болады.

Мазмұнға нысанды да қосу керек, сондықтан сынып жетекшісі ата-аналармен жүргізілетін жұмыс нысанын анықтайды, мен бұған кейінірек тоқталатын боламын. Сынып жетекшісі тағы нені білуі тиіс? Құжаттаманы қалай жүргізу керек. Бұл көбіне сыныпта қиын оқушысы бар сынып жетекшісіне қатысты, мен бұл жерде қиын деп денсаулық тұрғысында айтып отырмын, яғни сіздің сыныбыңыз - инклюзивті болса, не девянттық мінез-құлықты балалар болса, қиын өмірлік жағдайға тап болған оқушылар болса. Сіз егер сіздің сыныбыңыздағы оқушылардың күтпеген оқиғаға тап болу жағдайында қалғыңыз келмесе, сіз өзіңіздің тақырыпты қашан қарастырғаныңыз, ана-анасының қайсысысымен сөйлескеніңіз туралы күнделік жүргізіңіз. Осындай күнделік сізді сізге жұмыс жасамадыңыз, не әлденені дұрыс жасамадыңыз деп кінә тағатын күтпеген жағдайлардан сақтауы мүмкін. Осылайша, бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру болып табылады, ол, әрине, өз құзыреттерініз бен міндеттерініңізді білуге негізделеді. Сынып жетекшісінің диагностикалық жұмыстары көп және тәрбие әдістерін, оқушылардың тәрбиелілік деңгейлерін, оқушыларды қадағалау қабілетін, одан кейін ата-аналардың балаларының алдында өздерін қалай ұстайтынын, педагогикалық мәдениетті сіз ата-аналарды қадағалап, әңгіме жүргізе отырып бағалай аласыз. Бұл әдістердің барлығы да, олардың құрамы, бағалау өлшемшарттары – бұл да сіздің жұмысыңыз, жұмысқа когнетивтік дайындық көрсеткіштері. Әрине мен сынып жетекшілерімен, педагогтармен жұмыс жасаған кезімде мен оларға аяушылық танытамын. Бізге, білім беру саласының қызметкерлеріне, қазірде күрделі міндеттерді шешуге тура келеді. Біз күрделі талдау жұмыстарын жүргізуіміз керек. Тәрбие жұмысын жоспарлай отырып, көптеген жағдайларды алдын ала қарастыру керек. Талдау қызметінің қиындығы неде. Біріншіден, сыныптың әлеуметтік портретін жасау керек, сіз отбасылдарын тексеруіңіз қажет, ата-аналардың тәрбие ұстанымдарын, олдардың педагогогикалық мәдениетінің деңгейін зерттеуіңіз қажет, олардың қажеттілігін анықтауыңыз қажет, яғни қажеттілік түрлерін, бұл отбасының қажеттілігіне, нақты ата-аналардың қажеттілігіне сәйкес келу үшін жеке сабақ, әлде топтық сабақ қажет пе, осыны анықтауыңыз қажет. Сіз қиын өмірлік жағдайларға тап болған, психологиялық тұрғыда қиындықтарға кезіккен отбасыларын анықтауыңыз қажет. Бұл, егер отбасы тұрғылықты мекенжайын ауыстырған болса, бұл бейімдеу қиындықтары болуы мүмкін, әлде оқушы емтихандар, бақылау жұмыстары барысында қиналатын болар, мүмкін қарым-қатынас жасауда, тәртіп немесе үлгерім жағынан қиындықтар бар шығар – бұның бәрін анықталып, осы сұрақтың бәріне жауабыңыз дайын болуы тиіс. Мен сізді болашақта өзіңізді осы тұрғыда кәсіби маман ретінде көргіңіз келеді деп үміттенемін. Жұмыс жоспарын құру үшін тағы не қажет. Ата-аналармен барлық оқу жылына өзара іс-қимыл жоспарын құру қажет. Мен сізге жоспарыңыздың сәтті болуына және жақсы нәтижелер көрсетуіңізге тілектеспін. Енді келесі кезеңге – эмоционалдық дайындыққа тоқталайық. Мынадай жағдай жиі орын алады, педагог, сынып жетекшісі, бұл білімі мен тәжірибесі мол еңбегі сіңген мұғалім, бірақ ол ескірген, қазірде маңызы жоғалған әдістерді басшылыққа алады делік. Бұл жағдайда мұғалімнің ата-аналармен өзара іс-қимылға эмоционалдық дайындығы болмайды. Педагог сынып іші - бұл оның иелігі, оған ешкім, ешқандай ата-ана, пән мұғалімдері араласпауы тиіс деп түсінеді. Мен мұнда бәрін өзім шешемін, ешкім ештеңе айтпауы тиіс деген адам не нәрсені өзгертуге де агрессивті қарсы тұратын болады. Бұндай адам ынтымақтастыққа дайын емес. Бұндай педагог дау-дамайға жиі килігеді. Оған мектеп басшылығы қолдау көрсетпейді. Адам өз эмоциясын басқара алауы тиіс және адамдармен қарым-қатынас кезінде эмоция міндетті түрде пайда болады және олар адамға өзінің және әңгімелесушісінің ішкі сезімін дұрыс бағалауы тиіс. Бірақ біздің барлық мүғалімдерімін де қарым-қатынасқа осы тұрғыда мән бере бермейді. Сонымен жағымсыз эмоция басым болатын қақтығысты өзара іс-қимылға тоқталайық, себебі сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынас жасауы кезінде эмоционалдық дайындық аса қажет, біз жағымсыз эмоцияларымызды ұстай алуымыз қажет, сабырлылық, шыдамдылық, төзімділік бұның бәрі де сынып жетекшісіне аса қажет қасиеттер болып табылады. Мен адам конфликтология саласында сауатты бола отырып, оны өмірде көрсете алмайтын жағдайларын жиі кездестіремін. Адам дау-дамай тұрғысында білікті маман бола отырып, оны өмірде қолдана алмауы мүмкін. Дау-дамайдық жағдайдағы мінез-құлық ұстамдылыға қатысты тағы бір жоғары деңгей – бұл дамыған конфликтологиялық мәдениет болып табылады. Конфликтологиялық мәдениеттің эмоцияға, эмоционалдық ұстамдылыққа, жағымды эмоциялар көрінісіне, қуанышқа, таң-қалуға, шынайылылыққа қатысты екенін тағы бір айта кеткім келеді, бұның бәріне, теріс қылықты – ашушаңдықты, агрессияны жеңе білуге де қарым-қатынас жасау барысында баға беріледі. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс барысындағы эмоционалдық дайындығы аса маңызды. Бұның коммуникативтік мәдениетке байланысы болады, яғни ата-аналармен қарым қатынас жасауда оптимисттік, шыдамдылық, ашықтық және шынайылылық таныту қажет. Бұнда, сонымен қатар, отбасы тәрбиесіндегі олқылықтарға аса назар аударып, қадалмау керек. Қазіргі заманғы педагог қандай да бір оқушының отбасы туралы нашар, ата-анасы білімсіз, сауатсыз, не ұрысқақ адамдар деп оқушыны басқалардан бөліп тастап, ештеңеге және емкіммен араластырмай, не үшке оқитын нашар оқушы, қолынан дым келмейді деп баланы төмендетпеуі тиіс Балалар ұжымының өз заңы бар екенін және бұл балалардан көшбасшылар, ерекше тұлғалар жиі шығатынын ұмытпау қажет.

Оқушы мінез – құлығына сынып жетекшісінің ұстанымы негіз болады. Балалар қаншалықты кішкентай болса, олардың мінез-құлқы сазбалшыққа соншалықты ұқсас болады, олардан кімді болса да жасап шығаруға болады. Мұғалімнің жоғарыдағылдай бұрыс ұстанымы, оқушының кемшіліктеріне ден қойып, оны кемсіту өте нашар, жағымсыз жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Педагог мақсаты қандай? Сынып ішінде оқушы үшін де, ата-ана үшін де оңтайлы қарым-қатынас қалыптастыру. Бұл үшін не істеу керек? Оқушыларды жақсы жағдай жасап, жан-жақты дамыту, талантты оқушыларға қолдау көрсету қажет. Жақында мектепте бейнелеу және сызу пәндерінен сабақ беретін таныс бір мұғалім маған бір жағдай туралы айтқан болатын. Қалада балалар суретінің конкурсы өтетін болған. Сыныпта конкурсқа қатыса алатын талантты оқушылар бар екен. Конкурс жеңімпаздарына жақсы сыйлықтар, тіптен шетелге сапарлар, тағы басқа да қызықты іс-шаралар қарастырылған. Мұғалім сынып детекшілерінің конкурс туралы ақпаратты оқушыларға жеткізуін өтінеді. Педагогтардың әрқайсысы оған дүрсе қоя берген. Бұл сенің конкурсың, керек болса, оқушыларға өзің айт деп, бастарын ала қашқан. Әрине бұл дұрыс емес және сынып жетекшілері ойлансаңыздар, сіздер балалардың, ата-аналардың дамуы үшін, олардың табыстылығы үшін мүдделі болуларыңыз тиіс. Бұл ортақ табыс. Бірақ, өкінішке орай, ол мектепте, мынау менің сыныбым, менің жұмысым, менің пәнім, бұдан басқасына менің қатысым жоқ деген көзқараспен қараған. Әрине, сыныптан тыс, бос уақыттағы жұмысты ұйымдастыру қосымша күш-жігерді, эмоцияларды, оптимизмді қажет етеді, әрине жағымсыз көңіл күй кезінде мереке ұйымдастыруға, қуаныш сыйлауға ынта қайдан болар, және бұндай ортада жақсы нәтижеге жету де қиынға соғар. Салдарынан қай бастама да сәтсіз аяқталады. Сондықтан эмоционалдық дайындық өзін-өзі жақсы реттеуді талап етеді. Мен сіздерге дұрыс ұстаным мен жақсы көңіл – күйді тілеймін, бұндай мінез – құлық педагогқа кәсібилігін арттыру үшін өте қажет. Әрине, ата-аналармен өзара қарым - қатынас үшін психологиялық қолайлы жағдайды кеңес берулер барысында жеке дара, не топпен жүргізуге болады. Ата-аналар жиналысы барысында, түрлі мектепшілік іс-шаралар өткізу кезінде сіз ата-аналармен осы мақсатта жұмыс жасауыңызға болады. Шынымен де, ата-ана – жақсы көмекші болуы тиіс. Ата-аналармен өзара іс-қимылға дайындықтың келесі түрін мен ұйымдастыру-мінез-құлық дайындығы деп атаймын. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, көптеген әдістемелік және ұйымдастыру міндеттерін шешуге болады. Мысалы, Ресейдегі мектептердің көбінде бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы белгіленген. Мұны тек мұғалімдермен кеңесе отырып жүргізуге болады. Балалар сабақтан бос уақытта баратын қосымша сабақтар мен үйірмелерде де ата-аналарсыз болмайды. Сондықтан осы мәселелерді шешу үшін кіммен жұмыс жасайтыныңыз және қанша уақыт қажет болатынын, сауалнама жүргізесіз бе, осы әдістемелік және ұйымдастыру міндеттерінің нәтижесін қалай анықтайсыз деген сұрақтарды алдын ала қарастыруыңыз қажет. Бұный бәрі алдын ала жоспарланып, сіз оларды жақсы көңіл-күймен орындауыңыз қажет. Мен бұған дейін сынып жетекшісі ата-аналармен топтық және жеке дара түрлі нысандардағы жұмыстарды дұрыс таңдап, іске асыруы тиіс деп айтқан болатынмын. Айырмашылығы қандай, оларды қалай таңдауға және іске асыруға болады? Мысалы, егер отбасында біреу қатты ауыратын болса, баланың денсулығында кінәрат бар, немесе қандай да бір жөнсіздікке тап болған немесе басқа да жағдайларда қандай да қиындыққа кезіккен отбасылар жеке-дара жұмысты қажет етеді.

Бұндай мәселелер, әрине, жеке – дара әңгімелесулер барысында талқыланады. Егер, мысалы, айтарлық, сыныпта бес оқушының үлгерімі күрт төмендеп кеткен болса, сіз бесеуінің ата-анасын шақыртып олармен топтық консультация өткізуіңізге болады. Егер сіз қарастыратын сұрақтарыңызды алдын ала дайындап алсаңыз, бұл үшін аса көп уақыт қажет болмайды. Ата-аналар балаларының үлгерімін қалай бағалайды, үй жұмыстарын орындауын қалай қадағалайды, ата-аналардың қандай да бір ұсыныстары бар ма, жалпы отбасында қандай жағдай орын алды деген сұрақтарды қарастыруыңызға болады. Ұқсас қиындыққа тап болған ата-аналардың тобын да сөйлесу үшін шақыруға болады. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдейді, мүмкін ата-аналар ортақ шешім қабылдап, бір-біріне көмектесе алады шығар. Мектепте стенд рәсімдеу үрдісі бар. Мектептерде қазірде бейнеайдар көрсетуге болатын теледидар экрандары да пайда бола бастаған. Парақшалар әзірлеп таратуға болады. Бұған сіз де белсене қатыса аласыз. Сіз ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттырудың түрлі көрнекі нысандарын пайдалана аласыз. Ата-аналармен ынтымақтастықтың маңызды мәселесі сыныптың ата-аналар комитетімен өзара іс-қимыл болып табылады. Әдетте, ата-аналар комитетінің құрамында осы қызметті атқаруға өз бетінше ұмтылатын белсенді ата-аналар болады. Егер ата-аналар тағатсыздық танытатын болса, тіптен мектеп оқушылары мен олардың отбасылары үшін агрессия көрсететін болса, бұндай ата-аналармен өзара іс-қимыл сынып жетекшісі үшін қиындық туындатуы мүмкін. Бұнда жергілікті жайттарды басшылыққа алу керек және сынып жетекшісі ата-аналар комитетімен тығыз қарым-қатынаста болуы тиіс. Ата-аналарды оқу процесінің барысы туралы уақтылы және жүйелі түрде ақпараттандырып отыру қажет. Бұл үшін қазірде тұрақты ата-аналар жиналысынан басқа, ақпараттық –коммуникациялық технологиялар бар, электрондық күнделіктер жүргізіледі. Бұл да оқу процесін сапалы бағалауға мүмкіндік береді. Біз қазір ата-аналар жиналысын өткізудің күрделі, ұйымдастыру және тұрақты, жүйелі жұмыс екенін айтып отырмыз, оны өте дұрыс жоспарлап, іске асыру қажет. Бұл үшін ата-аналар жиналысының әр түрлерін өткізіп үйрену керек. Мен қазір әрбір педагогқа таныс ата-аналар жиналысының бірнеше түрін атап көрсетемін. Ұйымдастыру мақсатында өткізілетін ата-аналар жиналысы бар, онда ата-аналар комитетін тағайындауға, конференцияға немесе жиналысқа қатысатын өкілдерді таңдауға болады, бұндай жиналыстарда ұйымдастыру мәселелері қаралады. Тақырыптық жиналыстар да болады. Олардың негізгі міндеті ата-аналарға педагогикалық бағдар беру болып табылады. Жиналыстың басқа да түрлері бар, мысалы, қорытынды жиналыстар, онда жыл қорытындыланады, не бір кезеңдік оқу нәтижелері, бастауыш деңгейінің қорытындысы талқылануы мүмкін , мысалы, бастауыш буынды аяқтаған оқушылар сыныбымен, сынып жетекшісімен қоштасып, одан әрі кезеңге өтеді, бұл кезде мерекемен қатар, сынып жетекшісі ата-аналарға тілек, ұсыныстарын білдіріп, оқушыларын келесі педагогқа, орта буын және жоғары буын педагогына өз қолымен тапсырады. Диалог режиміндегі кеңес беру жиналыстары болуы мүмкін, бұл жиналыстар барысында, мысалы, қандай да бір оқушыларға, олардың іс-әрекеттеріне, тәртіп бұзушылықтарына қатысты қандай әрекет ету шараларын қолдануға болатыны туралы белгілі бір шешімдер қабылданады. Ата-аналармен және олардың заңды өкілдерімен қарым-қатынас режимінің әр түрлі болатыны туралы бірнеше сөз айта кеткім келеді. Бізде педагогтар, сынып жетекшілері ата-аналармен қарым-қатынастың тек ай сайынғы нысандарын ғана қолданады, дегенмен кейбір күрделі жағдайларда қарым-қатынастың басқа да режиміне ауысуға болады, бұл режимде ата-аналардың мектептегі оқиғалар туралы жүйелі хабардарлығын қамтамасыз ету үшін ата-аналармен күнделікті қарым-қатынас жүргізуге болады. Егер баланың қандай да бір ауруы асқынған жағдайда, мысалы, баспа ауруы асқынып кеткенде, не қандай да бір тәртіптік шара қолдану туралы шешімдер қабылданған кезде баланың ата-анасымен қарым-қатынастың күнделікті режиміне ауысуға болады. Ата-аналармен қарым-қатынастың апта сайынғы режимі де болады, бұл кезде баланың жеке дара дамуы, баланың жақсы жақтары мен жаман жақтары, не нәрсеге қол жеткізілгені, не нәрсеге қол жеткізілмегені туралы, ата-аналардың балаларының үлгеріміне, тәрбиесіне, дамуына қандай көмек көрсете алатыны туралы бірлесіп шешім қабылдау үшін апта сайын әңгімелесулер өткізуге болады. Мен сабағымды сынып жетекшісінің басқа мамандармен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің мамандарымен, әлеуметтік қорғау өкілдерімен, заңгерлермен және т.б. қарым-қатынасқа дайындығы туралы шолумен аяқтағым келеді. Мектептің басқа әлеуметтік институттармен өзара іс-қимылы қазірде әрбір қушының толыққанды дамуы үшін қажет, және бұл балалардың қиын өмірлік жағдайларға тап болуы кезінде, олардың денсаулығында қандай да бір мәселелер туындағанда немесе басқа да бір жағдайлаға тап болғанда аса маңызды. Бұнда сынып жетекшісінің қызметінің орны ерекше, бұл кезде ата-ана жұмылдырылып, баланы тексеруге белсене қатысуы тиіс, себебі бұл жағдайда сынып жетекшінің уақыты мен мүмкіндігі үнемі бола бермейді, бұл кезде ата-ананы бұндай жұмысқа қатыстыра алу керек. Менің тәжірибемде болған бір мысалды айта кетейін. Мек жұмыс жасайтын мектепте екі оқушы бар. Педагог бұл оқушылардың әрқайсысында қандай да бір қиындықтың бар екенін сезеді де, сол себепті педагог баламен бірге баланың анасын тыңдайды, кейіннен баланың анасы айтқан ақпаратты естімеуі үшін баланы сыртқа шығарып жібереді. Бір оқушының анасы баланың қояншық (эпилепсия) ауруымен ауыратыны туралы айтады және бұны басқалардың білмегенін қалайтынын, білген жағдайда балаға жақсы қаралмайтыны, оны бұның оқуына кері әсерін тигізетінін, басқа балалардың онымен қорқасоқтап араласатыны туралы айтады. Анасына сіз балаңызды одан әрі қалай дамытуға болады деп ойлайсыз деген сұрақ қойылады? Сіз аса маңызды ақпаратты жасырып отырсыз, өйткені қояншық ауруымен ауыратын адамда физиологиялық, эндокриндік және психологиялық тұрғыда көптеген бұзылыстар болады. Бұл жерде сынып жетекшісі тікелей қатысуы тиіс, яғни ол баланы қояншық ұстамаларының туындауына себеп болатын дөрекі қарым-қатынастан қорғауы, басқа балалардың оны ренжітуіне жол бермеуі тиіс екені әрқайсысымызға түсінікті. Ал баланың анасы мен өзім дәрігермін, мен ненің дұрыс болатынын өзім білемін, бұл туралы ешкім білмеуі тиіс дейді. Бұл, әрине, дұрыс емес түсінік.Мен бұның дұрыс емес екеніне оның көзін жеткізе алдым. Осы сыныптағы тағы бір оқушының ата-анасы дені сау баласына оның психологиялық науқас екені туралы анықтама сатып алған, оның бұндағы мақсаты баланы үйде оқыту болды.Міне, аналардың осындай түрлі көзқарастары, ұстанымдары болуы мүмкін және оларды түсіну өте қиын, барық сынып жетекшісі олармен жұмыс жүргізуге, басқа мамандармен іс-қимыл жасауға міндетті. Сынып жетекшісі, әрине, қиын өмірлік жағдайға тап болған оқушыға дер кезінде қолдау көрсете алуы тиіс, бұл үшін көбіне заңгердің, адвокаттың көмегіне жүгіну және ондай отбасына осы мамандардан кеңес алу туралы ұсыныс жасау қажет болады. Сынып жетекшісіне балаларды, жасөспірімдерді арнайы тәрбиелеу және алдын алу мекемелеріне жіберу үшін құжаттар жинауға қатысуы тиіс. Бұндай сынып жетекшісі ата-аналармен белсенді жұмыс жүргізеді Ата-аналар болмаған кезде, бұл баланың заңды өкілдері боуы мүмкін, әрине бұл кезде сынып жетекшісіне арнайы ақпарат немесе кеңес қажет болады. Мын сонымен сабағымды аяқтаймын. Барлық тыңдаушылардан, сынып жетекшілерінен, педагогтардан келесі сұрақтардың жауаптарын алғым келеді: 1. Сіз оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы қандай мәселелерді осы жылы шешуді жоспарлайсыз? 2.Сіз бұл үшін жыл басында нені жоспарлайсыз? 3.Сіз нені жасай алдыңыз? Қандай нәтижелерге қол жеткізе алдыңыз? Сіз қандай тәжірибеге сүйенесіз? Сіз белгілі бір уақыт өткен соң сәтсіздіктерге, қандай мәселелердің шешілмегеніне талдау жасай аласыз ба? олардың шешімін табуға не кедергі келтірді? 4. Міндеттің шешімі сіздің сыныбыңыздың оқушысын дамытуға қандай септігін тигізді? Оқушының мінез-құлқында қандай жақсы қасиеттер пайда болды? 5. Өз қызметініңіздің қай нәтижесіне сіз қанағаттанбайсыз? Сіз нені жақсартқыңыз келеді? Сіз бұл үшін не істеуді мақст еттіңіз? Мен барлық тыңдаушының білімін, тәжірибесін, басқа мамандардың ақыл-кеңестерін пайдалана отырып, өзінің ата-аналармен іс-қимылға дайындығын арттыруына тілектеспін, сіз сондай-ақ сіз осы сабақ барысында айтылған идеяларды да пайдалана аласыз. Нағыз сынып жетекшісі – бұл баланың балалық шағын сеніп тапсыруға болатын тұлға.

Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет