Саналы ел салтын сақтар



жүктеу 115.65 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі115.65 Kb.
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

БЕКІТЕМІН

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары

_______________Б.Ж.Сахиев

«____»___________20_ ж
Тақырыбы: Саналы ел салтын сақтар
20131122_154744
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Қ.Азғалиева

Орал 2013



Саналы ел салтын сақтар
Мақсаты: Оқушылардың арасында салт – дәстүрлерді насихаттау, ұлттық өнерге

деген көз қарасын анықтау, қызығыушылығын арттыру. Оқушыларды еліне

деген сүйіспеншілікке, ұлттық мәдени құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.

Ұлттық өнеге, инабаттылық, қол– шеберлік, сымбаттылық қасиеттерді дамыту.


Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері,

слайдтар
1-жүргізуші:

Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төріміз.

Өнер халық- өміршең халық, қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған «Саналы ел салтын сақтар»атты сайысымызды бастаймыз.

2-жүргізуші:

Сайысымыз 4 айналымнан тұрады.

1-айналымда қатысушы командалар өз командаларын таныстырады.

2- айналымда «Білімді мыңды жығар» тақырыбында қатысушы командаларға ұлттық бағытта сұрақтар қойылады

3- айналымда «Фототапсырма». Қатысушыларға экран арқылы ұлттық бұйымдар мен ыдыс- аяқтар, құрал-жабдықтар, бұйымдар көрсетіледі. Қатысушыларға жүктелген тапсырмат фотосуретте көрсетіліп, бұйымның атын және не үшін пайдаланатынын түсіндіру қажет.

4- айналымда «Өнерім өнеге болсын». Қалаған ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын берілген уақытта сахнада дайындап көрсетуі қажет.



1-жүргізуші:

1-айналым бойынша қатысушы командаларды ортаға шақырамыз.



2-жүргізуші:

Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. «Білімді мыңды жығар» туры бойынша 2- айналымды бастаймыз.

Екі топты ортаға шақырамыз.

Алғашқы топтың сұрағы:



Тыштырма(дәстүр)дегеніміз не?

Жауап:Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

2) Базарлық(дәстүр) деген не?

Жауап: Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

Екінші топтың сұрағы:



1) Байғазы(дәстүр)дегеніміз не?

Жауап:Балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.

2)Тілашар(дәстүр) дегеніміз не?

Жауап:Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.

5( жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

6) Асату(дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Екінші айналымның екінші тапсырмасы бойынша, сұрақтар екі топқа бірдей қойылады. Кім дұрыс жауап береді, сол топтың баллы көбейеді.

Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыздар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?

1-сұрақ

Он атаны таратып беріңіз.

( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)

2-сұрақ

Үш мақсатты ата.

Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.

3-сұрақ


Үш арсыз.

Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.



4-сұрақ

Үш алыс


Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

5-сұрақ

Үш биді атаңыз.

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

6-сұрақ

Үш жүзді атаңыз.

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

7-сұрақ

Үш даусыз.

Мінез, кәрілік, ажал.

8- сұрақ

Жігіттің үш жақын жұртын ата.

Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

9-сұрақ

Үш арыс


Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, ілияс жансүгіров.

10-сұрақ

Үш сауап


Шөлге құдық қазған.

Өзенге көпір салған.

Жолға ағаш еккен.

11сұрақ


Үш байлық

Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.



12-сұрақ

Үш тәтті


Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

13- сұрақ

Төрт қонақ

Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ,

Қылғыма қонақ.



14-сұрақ

Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата.

15-сұрақ

Төрт қымбат не№

Алтын ұя Отан қымбат,

Құт- береке атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.



16-сұрақ

Бес дұшпан

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.

17-сұрақ

Бес асыл


Талап еңбек, терең ой, қанағат .

18-сұрақ

Бес байлық

Әуелі баайлық- денсаулық.

Екінші байлық-еркіндік.

Үшінші байлық- тіл байлық

Төртінші байлық –қайрат-күш,ақ жаулық.

Бесінші байлық-балаңыз.

19-сұрақ

Бес қаруға нелер жатады?

Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.

20-сұрақ

Бес қатер

От, жау, борыш,ауру, сөз.

21-сұрақ

Бес жақын кімдер?

Тату болса- ағайын жақын.

Ақылшы болса-апайың жақын.

Бауырмал болса-інің жақын.

Инабатты болса-келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын қарындасың.



22-сұрақ

Алты алаш деген кімдер?

Алаш ханның балалары: қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, өзбек, Түркімен, Жайылхан.

23-сұрақ

Алты қиынды атаңдар.

Арадан шыққан жау қиын

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын.

Ақылынан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды болса бас миың.

24-сұрақ

Жеті жұт


Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс,жер сілкіну, сел (тасқын)

25-сұрақ

Жеті күнді атаңдар

Бүгін-дүйсенбі

Ертең –сейсенбі.

Бүрсігүні-сәрсенбі. 

Арғы күні-бейсенбі.

Ауыр күні-жұма.

Соңғы күні-сенбі.

Азына-жексенбі.

26-сұрақ

Жеті қазынаны атаңыз.

Ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт,берен мылтық.

27-сұрақ

Жеті атаны таратыңыз.

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

28-сұрақ

Жеті жетімге нелер жатады?

Тыңдаусыз қалған сөз жетім.

Киюсіз қалған бөз-жетім.

Иесіз қалған жер-жетім.

Басшысы жоқ ел-жетім.

Аққу-қазсыз көл –жетім.

Елінен айырылған ер -жетім.

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.


1-жүргізуші:

Құрметті көрермен қонактар, сіздерге де көңіл бөлген дұрыс сиякты. Қазакта конак- кәде деген бар. Олай болса сергіту сәтімізде сізгерге қояр тапсырмамыз: мына үзік-үзік сөздерден мақал құрастыру керек.

1.Ұяда… ұшқанда …

(Үяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)

2.Ата… бала…



(Ата — бәйтерек, бала жапырақ)

3.Ер … ез …



(Ер бір өледі, езмыц өледі)

4.Өле… бөле…



(Өле жегенше бөле же)

5.Таяқ… сөз…



(Таяқ ештен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)

6.Мал… жер…



(Мал бащандікі, жер жыртқандікі)

7.Тентек… акыл…



(Тентектің ацылы түстен кейін кіреді)

8.Сүйіндіреді… күйіндіреді…



(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)

9.Мысык… тышқан…



(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек)

10.Мектеп… білім…



(Мектепкеме, білім — теңіз)
2-жүргізуші:

Топ қатысушыларын шақырып, экрандағы фотосуреттерге жауап берулерін сұраймыз.

Екі топ шығып, слайдттар арқылы тапсырмаларды орындайды.
20131122_154744


1-жүргізуші:

4- айналымда «Өнерім өнеге болсын». Қалаған ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын 15 минут уақытта сахнада дайындап көрсетуі қажет. Және де жасаған қолөнер бұйымдарын төрешілерге апарып, баяндап түсіндіреді. Қатысушыларын сахна төріне шақырамыз.



2-жүргізуші:

Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың максаты — заман өзгерсе де ұлттык салт -дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттык мұраны кайта жаңғырту. Бүгінгі сайысымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас деп ойлаймыз.

«Токсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдіміз.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті оқушылар!

  Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі үрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.f:\конкурс\sam_4778.jpg

Өзін қазақпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек қазақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек.

ПЦК отырысында қаралды

Хаттама № ___ “____” _____ 20_ ж.

ПЦК төрағасы ________А.Қ. Азғалиева
ЖББ және ГП бөлімінің оқытушысы А.Қ.Азғалиеваның

сайыс түрінде өткізілген тәрбие сағаты

№ 2 ХАТТАМАСЫ

25.11.13ж

Төрағасы: Ш.Н Куспаева

Хатшысы: А.М Мукатаева


Қатысқандар:

Курманова А.Я – Аға әдіскер

Жумашева С.А – ЖББ және ГП бөлімі оқытушысы

Жуматаева А.С – ЖББ және ГП бөлімі оқытушысы

ХалеловаА.Б - ЖББ және ГП бөлімі оқытушысы

АйешеваГ.А – Экономикалық бөлім оқытушысы

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:


  1. ЖББ және ГП бөлімінің оқытушысы А.Қ.Азғалиеваның «Саналы ел салтын сақтар» атты ашық тәрбие сағатын талқылау.

Тыңдалды:


Сахиев Б.Ж – Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары

Бүгінгі топтар арасында өткен «Саналы ел салтын сақтар» атты ашық тәрбие сағаты алдына қойған мақсатына жетті деп есептеймін. Оны оқушыларының белсенділігінен байқауға болады. Өнер халық- өміршең халық, қазақтың әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне бағытталған бұл сайыс тақырыпқа байланысты оқушылардың өте жақсы қатысқандарын айта кеткім келеді. Бұның барлығы жетекші мен оқушылардың дайындалғандығын аңғартады.


Жумашева С.А. – ЖББ және ГП бөлімі оқытушысы

Ашық тәрбие сағаты әсерлі өтті. Оқушылардың да дайындықтары байқалып тұр. Тәрбие сағатының құрылымы барысы мен өту барысы да салт дәстүр деректерге негізделіп, көп мағұлмат берілді. Оқушылардың елге деген құрметін, салт дәстүрге, жол жораларға деген жақсы көзқарастарын байқадық. Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.


Жуматаева А.С. – ЖББ және ГП бөлімі оқытушысы

Сайыс құрылымы өте жақсы құрылған. Тәрбие сағаты оқушыларды патриоттықа тәрбиелеу, Тәуелсіздігін құрметтеу, елін, жерін сүю, ұлттық мәдени құндылықтарды қадірлеу сияқты мақсаттарды алдына қойып, тәрбие сағатының өтілу барысынан осы мақсаттардың орындалғанын көріп отырмыз. Осы жерде оқытушының да оқушының да еңбегін байқауға болады.


ХалеловаА.Б - ЖББ және ГП бөлімі оқытушысы

  • Сайыс түрінде өткізілген тәрбие сағаты маған өте қатты ұнады. Оқушылар өздерінің білімдерін өте жақсы көрсете білді. Оқушылар бар ықыластарымен қатысты. Тәрбие сағатында еліміздің халқымыға тән қаншама салт дәстүрлер туралы мәліметтер берілді, осы мәліметтерге байланысты слайдтар оқушылардың қазақы құрал жабдықтарды жақсы есте сақтап қалуларына әсер ете білді дер ойлаймын. Жалпы тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.

АйешеваГ.А – Экономикалық бөлім оқытушысы

Тәрбие сағаты маған да қатты ұнады. Оқушылардың берілген сұрақтарға жауап берулерінен қаншалықты дайындалғандықтарын, осы бағыттағы білімдерінің деңгейінің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Бұл сонымен қатар жетекшісінің еңбегі деп бағалауға болады. Жалпы тәрбие сағаты мақсатына жетті деп есептеймін.


А.Қ.Азғалиева – қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы

Бүгінгі өткізіп отырған сайыс түріндегі тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларға арасында салт – дәстүрлерді насихаттау, ұлттық өнерге деген көз қарасын анықтау, қызығыушылығын арттыру. Оқушыларды еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық мәдени құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу. Ұлттық өнеге, инабаттылық, қол– шеберлік, сымбаттылық қасиеттерді дамыту, түсіндіру. Мен осы мақсатыма жеттім деп есептеймін.


ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Тәрбие сағаты жақсы әдістемелік деңгейде өтті.

2. Тәрбие сағатының материалы тапсырылсын.

Төрағасы: Куспаева Ш.Н.

Хатшысы: МукатаеваА.М
Қатысушылардың қолы:

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Сахиев Б.Ж

ЖББ және ГП бөлімі оқытушысы Жумашева С.А.

ЖББ және ГП бөлімі оқытушысы Жуматаева А.С.



ЖББ және ГП бөлімі оқытушысы Халелова А.Б

Экономикалық бөлім оқытушысы Айешева Г.А
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Әжем осындай адам
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты ХХ ғасыр мәдениеті дамуының негізгі тенденциялары
2015 -> Олимпиада по предмету «история казахстана» 5 класс тест
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары. (1835-1865)
2015 -> Разработка и паспортизация новых туристических маршрутов по Республике Дагестан в рамках реализации Международного историко-культурного проекта стран СНГ и Китая «Великий шелковый путь»
2015 -> "Вклад арабских ученых в развитие науки в средние века"
2015 -> Тест тапсырмалары Ерте темір дәуіріне шолу Ерте темір дәуірінің кезеңі
2015 -> Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Оған төмендегідей құжаттар жатады үкім, өкім




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет