«сандар әлеміне саяхат» сыныптан тыс жұмыс касенова Роза Өзбекқызы Математика пәнінің мұғалімі Мектепте 5-6 сыныптар арасында «Сандар әлеміне саяхат»



жүктеу 30.9 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі30.9 Kb.
«САНДАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС

Касенова Роза Өзбекқызы

Математика пәнінің мұғалімі
Мектепте 5-6 сыныптар арасында «Сандар әлеміне саяхат» атты сайыстың жоспарын ұсынып отырмын.

Мақсаты: Математика сабақтарында дидиктикалық ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау.
Титі: Білім дағдыларын жетілдіру сабағы;

Түрі: Сайыс сабақ;

Көрнекілігі: Қанатты сөздер , қабырға газеті ,кестелер ,сөз жұмбақтар.

Барысы:


  1. «Сәлемдесу» сайысы


«Алғырлар - тобы.
Ұраны. Жарыс десе жанымыз

Бүгінгі күн жарыста

Алғырлықпен аламыз
Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос

Қол ұстас , бірігіп тізе қос,

Жеңіспен мәреге барайық

Жеңістің ұранын салайық.


Төрешілер алқасына сәлем:

Қолына қалам алатын

Әділ баға беретін

Енбекті адал бағалар

Армысыздар ағалар.
«Тапқырлар» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе

Әрқашанда үміткерміз женіске.


Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!


Төрешілер алқасына сәлем

Алдарыңда бұл тұрғандар ,

Білім жолын қуғандар

Қателессек көрменіздер

Әділ баға берініздер!


  1. Викториналық сұрақтар (сандардан тұратын жұмбақтар):




  1. Қабат-қабат қаптама

Ақылын болса аттама

(кітап)


  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойынды

(сызғыш)


  1. Бір тонна мақта ауыр ма?

Бір тонна темір ауыр ма?

(бірдей)


  1. Бес ін, бес іннің айызы бір ін

(қолғап)

  1. Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр жолы көп

(қалам)

  1. Елу тісті, екі қолды

(екі кісілік ара)

  1. Мектепке келе жатқан бес балаға,

Қарсы жолда тағы төрт бала жолықты.

Мектепкем неше бала барды?

(5бала)


  1. Жанұяда екі ұл және ір ұлдың екі әпкесі,

Бір әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар.

Жанұяда барлығы қанша адам бар?

(2 ұл, 2қыз, 1әке, 1анасы – 6адам)


  1. Қажетті санды табу.





  1. Кім жылдам?




  1. Теңестіру сенімді болу үшін 2,3,7 және 8 сандарын былай жаз:


( __ +__) * ( __ - __) = 45


  1. Теңестіру сенімді болу үшін 4,6,7 және 8 сандарын былай жаз:


( __ +__) * ( __ - __) = 30

  1. С

    уретті аяқта:

Осы екі бетте аяқталмаған кескіндер салынған. Егер сіз оған сызықтар қоссаңыз, онда қызық заттар немесе суреттер пайда болады. Бұл тапсырманы орындауғы 10 минут беріледі. Басқа ешкім ойластыра алмайтын етіп, суретпен оқиға табуға тырысыңыз. Сурет үшін қызықты атты ойлап тауып, оны суреттің төменгі жағына жазып қой.




  1. Математикалық мақал – мәтелдер.




  1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас

  2. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады

  3. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды

  4. Бір кіс қазған құдықтан, мың кісі су ішеді

  5. Жеті жұрттын тілін біл, жеті түрлі білім біл

  6. Досыңды үш кін сынама, үш жыл сына

  7. Бір түйір дәнде, бір тамшы тері бар

  8. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

  1. Алты аға бірігіп әкең болмас, жеті жеңге бірігіп шеше болмас

  2. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі

  3. Жалқаудың екі досы бар:

Бірі – ұйқы, бірі – күлкі.

  1. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.



  1. Қорытынды: озып шыққан топ марапатталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Бөкенші ауылы

Бөкенші жалпы білім беретін орта мектебі


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет