Сарыкөл ауылы №47 негізгі мектебі



жүктеу 46.65 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі46.65 Kb.
Сарыкөл ауылы 47 негізгі мектебі


Тақырыбы: Ағылшын тілінде зат есімді

қазақ тілімен салыстыра оқыту

Орындаған: Ағылшын тілі пәні мұғалімі С.М.Төкенов

2014/2015 оқу жылы
Қазақ тілді мектептерде ағылшын тілін оқытудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқушы шет тілін дұрыс меңгеру үшін оның өз ана тіліндегі біліміне сүйенген жөн. Оқушы бұл тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс та, тез игере алады. Лингвистикалық тұрғыдан қарасақ, қазақ тілі түркі тілдер тобына, ал ағылшын тілі герман тілдер тобына жатады екен. Дейтұрғанмен, екі тілдің граматикалық жағынан кейбір ұқсастықтары да кездеседі. Мұғалім осы ерекшеліктерді өзі жан-жақты зерттеп, баланың көзін жеткізе алса, бұл оның үлкен бір артықшылығы болар еді.

Мысалы, зат есімді алып қарастырайық. Бұл сөз табы қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де бар ұғым. Зат есімнің мағынасын зерттеген кезде, зат есімнің түрленуі, (жекеше, көпше түрлері), шығу тегі (род), тәуелденуі, септеліп, зат есімнің баяндауыш қызметін атқаруын толық қарастырып ескеруіміз керек.

1. Ағылшын тілінде артикль туралы айтқан кезде міндетті түрде қазақ тілінде ондай ұғым мүлде жоқ екенін түсіндіріп өтеміз. Белгісіз артикль (а, аn) қазақ тілінде бір сан есімі мен зат есім тіркескен кезде, жекеше түрдегі заттың атауын білдіреді. Бұл күрделі граматтикалық ұғымды салыстырмалы түрде осылай жеткізуге болады. Төменгі буында мысалы: It’s a book. It’s Beket деген сөйлемдерде мұғалім “What және who” сұрау есімдіктері арқыл белгісіз артикльдің қолдануын түсіндіреді. Сонымен біркелкі заттардың арасынан біреуін атау үшін, ол зат туралы бірінші рет айтқан уақытта ағылшын тілінде “a/an” белгісіз артиклі қолданады. Ал Beket есімін артикльсіз айтамыз, себебі бұл есімнің өзі нақты бір адамды танытып тұр.

The белгілі артиклі зат есімнің алдына белгілі бір нәрсені айтқанда, сол затты көрсетіп немесе қосымша нақтылаған кезде қолданыады.

2.Зат есімнің түрленуі (жекеше, көпше). Бұнда мұғалім қазақ және ағылшын тілдеріндегі ұқсастықтарды ескере алады. Қазақ тіліндегідей ағылшын тілінде де зат есім мен сын есім, сан есім және есімдіктер арасында үйлесімділік болмайды. Сын есім, сан есім, есімдік көпше түрде тұрмайды.

Жақсы кітаптар – good books

Көп кітаптар – many books

Үш кітап – three books

Көптеген ағылшын зат есімдері – s, -es жалғауы жалғануы арқылы жасалады.

а) [z] Ұяң дауыссыздан (room-rooms) және дауысты дыбыстан соң

(boy-boys)

ә) [s] болып оқылады үнді дауыссыздан соң (book-books),(cat-cats)

б) [iz] – is, -sh, -ch, -x, - де әріптерінен соң.


Ережеден тыс жасалу жолы. Мысалы: foot-feet, woman-women, tooth-teeth; Ал қазақ тілінде оған ұқсас жері есептік сан есім мен зат есімнен жасалған сөз тіркесінде зат есімге көптік жалғауы жалғанбайды., тек көптік мағынаны білдіреді. Мысалы: үш қой – three sheep, Екі шощқа – two pig. Бірақ мұндай көпше түр жасау ағылшын тілінде көп кездеспейді. Мұғалім ағылшын тілінде есептік сан есіммен + зат есімнен сөз тіркесін жасағанда көптік жалғаулары [-s, -es] жете түсіндіру керек. мысалы: екі кітап – two books

3.Ағылшын және қазақ тілдерінде сөздердің түбірлерінің шығу тегі (род) жоқ. Бұл тақырып бойынша оқушылардың қазақ тіліндегі білімдеріне сүйенуге болады. Мысалы:

Қызыл кофта – a red blouse

Көк аспан – the blue sky

Бірінші дәптер – the first note book

Жүгіріп келе жатқан бала –

4.Ал септеу жүйесіне келетін болсақ, бұл екі тілде де әр түрлі жолдармен беріледі. Қазақ тілінде септік жалғаулары арқылы сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланыста болса, ал ағылшын тілінде зат есімдер түрлі демеуліктер (предлогтар арқылы) жасалады.

Мысалы: in the bag –сөмкеде (жатыс септігі)

on the table – үстелдің үстінде (көмекші сөз)

to school - мектепке (барыс септігі)

Ағылшын тілінде атау тұлғадағы зат есім сөйлемде кез келген сөйлем мүшесі бола алады.


    1. The house was built last year бастауыш

    2. It was a very good house баяндауыш

    3. A like this new house very much толықтауыш

    4. He lives in a new house мекен пысықтауыш

    5. The wall of the house анықтауыш

Зат есім ағылшын тілінде де қазақ тілінде де тәуелденеді. Бірақ әртүрлі жолдармен. Мысалы ағылшын тілінде ‘s арқылы зат есім тәуелденсе, қазақ тілінде ілік септігінің (ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің) жағаулары арқылы жасалады. Ағылшын тілінде тәуелділік my child, his dog, our houses сияқты түрде болса, қазақ тілінде тәуелдік жалғаулар арқылы беріледі.

Жекеше түр Көпше түр

1-жақ –ым, ім, м -ымыз, -іміз

2-жақ –ң, ың, -ің - ыңыз, іңіз

3-жақ –сы, -сі, -ы, -і - ы, -і

Ағылшын тілінде екі сөз арқылы, ал қазақ тілінде бір сөзбен ғана жасалады.

Бала+м ит+і үйлер+іміз
my child his dog our houses
5. Қазақ тілінде зат есім баяндауыш қызметін атқара алады. Бұл ағылшын тіліне тән емес. Баяндауыш қызметін зат есім жекеше және көпше түрдегі жіктік жалғаулары арқылы жасайды.
Жекеше түр Көпше түр

1-жақ –мын, бын, -пын -мыз, -быз, -пыз

2-жақ –сың, -сыз, -сің, -сіз -міз, біз, піз

3-жақ – Сөздің негізгі Сөздің негізгі түбіріне

түбіріне келеді. сәйкес келеді.

Ағылшын тіліндегі зат есімнің баяндауыш қызметін атқарудың баламасы төмендегідей:

Жекеше түр Көпше түр

І – жақ қонақ + пын қонақ + пыз


I am a quest We are quests
II – жақ қонақ + сың қонақ + сыңдар
You are quests You are quests

ІІІ – жақ қонақ – He is a quest.

Қонақтар – They are quests.

Қазақ тілінде зат есімнен болған баяндауыштың болымсыз түрі «емес» демеулігі арқылы жасалады. Ал ағылшын тілінде көмекші етістікке «not» жалғануымен жасалады.

Мысалы: Мен оқушымын – Мен оқушы емеспін.

I am a pupil. I am not a pupil.


Қорыта келгенде айтарым, зат есім сөз табы ретінде ағылшын тілінде, қазақ тілінде де маңызы зор, орны ерекше. Белгілі бір тілді үйренген кезде немесе өз тілімізде сөйлеген кезде оған көп мән беріле бермейді. Шет тілін өз ана тілімізбен салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ескере отырып, оқып үйренген өте тиімді.

Мұғалім бұл мәліметтерді тек салыстыруға мүмкіндік болған кезде жөнімен пайдалана білу керек деп санаймын.



©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет